Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Кешіре білу-кеңдік

Кешіре білу-кеңдік

01 июль 2022, Пятница
140
2
Қаратау қаласында ардагерлер ұйымы жанында билер кеңесі жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз отбасыларында кездесетін дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешіп, екі тарапты ымыраластыру болып табылады. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары қаламызда неке бұзу фактысы жиілеп кетті. Соның салдарынан талай отбасының шырқы бұзылып, балалар тірі жетім қалуда. 
Біз дау-дамайды шешу кезінде Талас аудандық сотымен бірігіп жұмыс істеп жүрміз. Аудандық соттағы медиациялық кабинетте соңғы екі айда біздің билердің қатысумен жеті мәрте неке бұзу туралы дау-шар қаралды. Көбінесе неке бұзуды талап ететін әйелдер жағы болып отыр. Және арыздары да біріне-бірі ұқсас. «Мінезіміз жараспады, күйеулеріміз жұмыссыз, тапқан-таянғанын үйге әкелмейді, ішімдік ішеді, балаларымыздың көзінше қол көтереді» деп келеді. Әрине олардың сөздерінің де жаны бар сияқты. Жақында бір жап-жас әйелдің сөзін тыңдадық. Ол "күйеуім маған тапқан-таянғанын түгел әкелмейді" деп шағымданды. Ал, "күйеуі болса алатын жалақысын әйелінің қолына салып тұратынын айтып, ақталды. Шамалы ақшаны жолақыма, тамағыма, темекіме жұмсаймын" десе, әлгінің келіншегі, "тапқаныңды қолыма түгел сал" деп долданады. Аудандық соттың судъясы және аудандық билер кеңесінің биі екі тарапты «Біріңді-бірің тыңдап, сыйлап, кешірімшіл болсаңдар ғана отбасыларыңыз сақталады» деп ақылға келуге шақырды. Ал, ажырасқан жағдайда біріншіден, балалары тірі жетім қалатындығын, толық емес отбасы ретінде өмір сүретіндігін айтыпп, ынтымаққа келуге шақырдық.  
Бізді таңғалдыратыны – ер адамдар отбасынан ажырағысы келмейді, ал әйелдер болса шапылдап, сөзге қонақ бермейді. Әйелдік парызын ойламайтын сияқты болып көрінеді. Негізі қазақ халқы отбасының ұйытқысы «әйел» екендігін айтып кеткен ғой. Ендеше аналармыз татуласуға келгенде ең бірінші қадам жасағандары дұрыс деп санаймыз. Сонда отбасы сақталады. Әлгі қаралған жеті дау-шардың соңында бес отбасы мәмілеге келді. Бұған қатты қуанып отырмыз. Өткен жылы осындай дау-шарлардың соңында елу пайыздан астамы келісімге келмейтін. Сондықтан биылғы көрсеткішке қуанып, екі жақтың да кешірімді болғанына көңіліміз толды.
 Мұсылман адамның бойында болуы керек ізгі сипаттардың бірі – кешірімділік. Өмірде кемшіліксіз адам болмайтындығын ескеретін болсақ, отбасы мүшелерінің, туыстардың, дос-жарандардың, қызмет-тес адамдардың қарым-қатынасында осы кешірімділік сипаты аса қажет. Себебі, адамдардың теріс мінез-құлықтарына сабыр ету, кешіріммен қарау адами байланысты үзіп алмас үшін аса маңызды. Қасиетті Құран Кәрімнің «Шура» сүресі, 43-аятында Алла Тағала:
«Әрине, кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы», – деп айтқан.  
Дін мен дәстүрін қатар алып жүрген ата-бабаларымыз жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайтындығын ескеріп: «Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік» немесе «Жақсы адамның ашуы – шәй орамал кепкенше»  деу арқылы, ренжісті ұзаққа созбай, тезірек кешірісудің адам бойындағы ізгі қасиеттерден екендігін айтқан.
Ардақты ағайын, отбасы шағын мемлекет. Ажырасу көбейіп, шаңырағыңыз шайқалып жатса ол сізге де, ұлтқа да тек жамандығын әкеледі. Сондықтан, кешірімді болыңыздар. Кең болсаң, кем болмайсың.


Дүйсенбек ТОМАНОВ,
Қаратау қалалық
билер кеңесінің төрағасы.


Обсудить

Похожие материалы:

КӨРКЕМ МІНЕЗДІ ЖАН
01 июль 2022, Пятница
КӨРКЕМ МІНЕЗДІ ЖАН
Көкем мінезді жан
31 май 2022, Вторник
Көкем мінезді жан
Біздің белсенділер
30 май 2022, Понедельник
Біздің белсенділер
Тағлым
31 май 2022, Вторник
Тағлым
БилIктегI белестер
01 июль 2022, Пятница
БилIктегI белестер
Добавить комментарий
Комментарии (2)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Anja
Anja Гости 23 октября 2024 04:47
fake jordans ee507 Reps Shoes,Replica Sneaker tt062
Jefferson
Jefferson Гости 24 октября 2024 08:55
Fake Shoes dh882 discountshoesmart,Replica Sneakers for women fw099
Сотрудники
Партнеры