ЖҰРТ АҚСАҚАЛАРДАРҒА ҚАРАЙДЫ
«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші ата жолын сақтаймыз десек бабаларымыздың ұстанған асыл дінімізбен қатар халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды сақтап жаңғыртудың дәл бүгінгі заманда маңызы зор. Ол құндылықтарды бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру – ата буын, аға буын өкілдерінің басты парызы болып табылады. Осы орайда Қызыләуіт ауылының ақсақалдары ауызбіршілік танытып, жастарды еңбекке тәрбиелеуде, отаншылдық сүйіспеншілікті бойларына сіңіруде белсенді жұмыстар жүргізуде.
– Соның арқасында, – дейді ауылдық билер кеңесінің төрағасы Мырзағали Примов, – соңғы жылдары ауылдан сырт жаққа қоныс аудару саябырси бастады. Қазір мал бағып, егін салып, шаруасын дөңгелетіп жүрген жастар қатары көбейді. Ауылдың инфрақұрылымы жақсаруда. Көптен бері жұрттың көкейінде жүрген көгілдір отын мен ауыз су мәселесі шешілді. Елдің бірлігі арқасында ауылда ұрлық-қарлық азайып келеді.
Оның бұл уәжін ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірбек Баяқов та құптады.
– Жастармен жиі бас қосып, «Ауылдан көшіп қайда барасыңдар? Қара шаңырақтарыңды қараусыз қалдырмаңдар» деп айтудан еш жалыққан емеспіз, – дейді ақсақалдар көшбасшысы.
Ауылдың ақсақалы Алдаберген Байпақов өзінің осыдан 20 жыл бұрын тауарлы несие алып, соның арқасында мал басын көбейтіп, қаладан балаларына үй алып бергенін мысалға келтірді. «Өкінішке орай, – деді ол, – көптеген жастарымыз ауылда жұмыстың жоқтығын сылтау етіп, қала жаққа қоныс аударуға құлшынып тұрады. Көріп жүрміз, қалаға барып қарық болғандары шамалы. Күндерін әрең көріп жүр. Ауылдан бір отбасы көшсе, кәдімгідей ойсырап қаламыз. Нағыз береке, бақыт, байлық ауылда. Ауылдағылардың ішкендері алдында. Малмен-ақ жағдайын түзеп отырған отбасылары қаншама».
Ақсақалдардың айтуына қарағанда ауылда тұрмысы төмен отбасы жоқ. Бірен-сараң күйі жоқтарға ауыл болып, қауым болып көмектеседі екен. Елдің бірлігінің арқасында ақсақалдардың ұйғаруымен үш жүз мың теңге жиналып, ол қаражатқа азық-түлік, тұрмыстық заттар алынып, Батыс өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек жіберіліпті.
– Биылғы көктем ылғалды, жауын мол болды. Шаруаларымыз Ақсай төсінен пішен дайындауда, – деді билер кеңесінің төрағасы Мырзағали Примов, – «Қыс азығынды жаз сайла» демекші, мал азығын дайындауға ерте бастан кірістік. Оның үстіне ауыл төңірегіндегі Шұқырәуіт, Қызыләуіт және Ақтөбе су қоймаларына су мол жиналды. Ауыл тұрғындары сол су көздерінен есіктерінің алдындағы жоңышқалығын, өзге де көкөніс алқаптарын суарып, ылғалдан таршылық көрмеуде.
Ақсақалдармен ашық әңгіме-дүкен құрған біздер мәдениет үйінде жиналып, ауылдың тыныс-тіршілігімен таныстық. Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы қазақ ұлтының салт-дәстүрінің сақталуы – тәрбиенің өзегі екендігіне баса тоқталды. Ойласу барысында ауылда көршілер арасында аракідік бір-біріне жөнсіз сөйлейтіндердің де болып тұратыны айтылды. Ондай кезде ақсақалдар ортаға түсіп, дау-дамайды ушықтырмай, татуластыруды жөн көреді екен. Әрине, «ашу тұрған жерде ақыл тұрмайды» демекші, қазір қоғамда кейбіреулердің агрессивті екендігін көріп те жүрміз. Қалай болғанда да салтымызда сабырлылық – ең ұлы қасиеттің бірі саналған. Соны түсінген Қызыләуіт ауылының халқына ризашылығымызды білдірдік.
Осы басқосуда аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы ауыл билері М. Піримов, Қ. Жампозов, Б. Жорықпаевтарға медиатор - би куәлігін тапсырды.
Жиынға Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Ғ. Байкенжеев қатысып, ауыл ақсақалдарына арқа сүйейтіндігін, бірігіп жұмыс істеуге дайын екендігін, болашақта ардагерлер және билер кеңестерінің жұмыс бөлмелерін жабдықтау ниеті барын жеткізді.

Қанатбек ҚҰРАЛБАЕВ,
Талас аудандық билер кеңесі төрағасының орынбасары
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)