Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қарттарға қамқорлық кемімеуі керек

Қарттарға қамқорлық кемімеуі керек

27 май 2024, Понедельник
55
0
Облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кезекті кеңейтілген отырысында ардагерлер ұйымдарының бірқатар өзекті мәселелері қаралды. Мәжіліске облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелерімен қатар тұрақты комиссиялардың төрағалары, барлық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары және олардың орынбасарлары қатысты.
Төралқа мәжілісін кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев ағымдағы жылы облыстық және Тараз, Шу қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің ұйымдастыруымен болған  бірқатар ауқымды шаралардың тиімділігінің айтарлықтай болғандығын атап көрсетті. 

– Ардагерлер ұйымдары әр деңгейдегі  қоғамдық, мәдениет – көпшілік жұмыстардың алдыңғы легінен көрінуде.  Қоғамдық қызметімізде елдің басты бай-лығы – ынтымақ-бірлігіне,  жастар тәрбиесіне, ұлттық құндылықтардың орнығуына баса назар аударудамыз. Аға буын өкілдерінің бірқатар игілікті шараларға бастамашы болғандығын айта кетуді жөн көріп тұрмын. Жуалы ауданындағы Күреңбел ауылдық би-лер кеңесінің төрағасы, белсенді ардагер азаматымыз Еркебай Нағашыбеков өзі бас болып, кәсіпкерлерді, ардагерлерді ұйымдастырып, су тасқынынан зардап шеккендерге 10 миллион тенге қаражат жинаған. Бірнеше ақсақалды топтастырып, өзі бас болып Ақтөбеге жол тартып, сол арада  су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға қолма-қол үй алып береді. Зардап шеккен тағы бірнеше кісіге ақшалай көмек көрсетеді. Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешованың бастамасымен қаланың беленді қариялары батыстағы табиғат апатынан зардап шеккендерге бір КАМАЗ автокөлігін күнделікті тұтыну тауарларына және киім-кешекке, азық-түлікке толтырып Ақтөбеге жөнелтті. Өздереңіз білесіздер жақында «Аялы әже» облыстық форумы табысты өтті. Тараз қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері осы шараның өтуіне айтарлықтай үлес қосты. Ендігі жерде ардақты әжелеріміздің, аяулы аналарымыздың белсенділігін тәрбие жұмысында кеңінен пайдалануға тиістіміз. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Күзге қарай Талас ауданының Ойық ауылында бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағаларымен келелі кеңес өткізбек-піз. Белсенділеріміз Ойық ауылдық округі ардагерлер ұйымының іс тәжірибесімен танысатын болады. Облыстық батагөйлер байқауы ұйымдастырылмақ. Ардагерлер арасында өтетін облыстық спартакиадан да күтеріміз көп, – деп сөзін қорытындылады облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мәжілісін-де Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің ардагерлерге мәдени-тұрмыстық, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын көтерудегі атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Осы мәселе бойынша Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төарағасы Жанат Жұмаділдаев баяндама жасады.
– Сарысу ауданында бүгінгі таңда 5200-ден аса зейнеткер есепте тұрады. Олардың 125-і тыл ардагері, 19-ы ауған соғысының ардагері, 9-ы Чернобль апатына қатысушы, 10-ы Семей полигонында әскери қызмет атқарғандар, 25-і әртүрлі деңгейдегі соғыс қимылдарына қатысқандар, 23-і соғыс ардагерлерінің жесірлері. Аудандық ардагерлер кеңесі өзінің қызметінде жергілікті атқарушы және өкілетті билікпен тығыз ынтымақтастықта және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлікте ардагерлерге тұрмыстық, әлеуметтік және медициналық сапалы көмек көретілуіне ықпал етуді басты назарда ұстауда. Ауылдық округ ардагерлер ұйымдары қыс мезгілінде көмекке мұқ-таж ардагерлерге жемшөптен, отын, көмірден қолдау көрсетілуіне бастамашы болып жүр. Өткен жылы 2 соғыс ардагеріне, 10 тыл еңбеккеріне он тонна көмір, соншама тамызық отын жеңілдетілген бағамен берілді. Ардагерлерге денсаулығына байланысты шипажайларға, демалыс орындарына жолдама беру на-зарда болуда. Үлкендеріміз қасиетті, киелі орындарға жыл сайын саяхаттап қайтады.
Өткен жылы Меркі ауданындағы «Ақниет» шипажайына 62 ардагер, Ақмола облысындағы Зеренді ауданындағы «Тұмар» оқу-сауықтыру орнына 14 ардагер, «Айша бибі» шипажайына 16 ардагер, «Казфосфат» ЖШС-не қарасты шипажайда 20 ардагер тегін денсаулықтарын көтеріп қайтты, – деп Жанат Жұмаділдаев аудан арадагерлер ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстар туралы төралқа отырысына қатысушыларды хабардар етті.
Осы мәселе бойынша Сарысу ауданы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Шалбайұлы Тлеубаев, Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Айгүл Тұяқбайқызы Халықова қосымша хабарлама жасады.
Төралқа отырысында республикалық «Ардагерлер айнасы», облыстық «Ғұмыр-Дария» газеттеріне және «Қарахан» журналына 2024 жылдың екінші жартыжылдығына жазылуды ұйымдастырудағы ағымдағы міндеттер жайлы мәселе қаралды. 
Төралқа отырысында хабарлама жасаған облыс-тық «Ғұмыр-Дария» газетінің директоры – бас редакторы Жаңабай Миллионов облыстық ардагерлер басылымына жазылуды ұйымдастыру – ардагерлер кеңестерінің қоғамдық қызметтерінің басты көрсеткіші екендігін тілге тиек етті. 
– Облыс ардагерлерінің төл басылымы – «Ғұмыр-Дария» газетінің қолдаушысы да, қорғаушысы да, қамқоршысы да ардагерлер ұйымдары. Олай болса қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері төл басылымға жазылуда осы уақытқа дейінгі тұғырларынан төмендемейтіндігіне сеніміміз зор, – деп сөзін түйді Ж.Миллионов
Келесі кезекте сөз сөйлеген «Қарахан» журналының бас редакторы Сатыбалды Досымбеков алдағы уақытта да ардагерлер кеңестері тарапынан қолдау алатындығына сенім білдірді.
Қаралған мәселелер бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Солтыбаев қорытынды сөз сөй-леді. Ол ардагерлерге мәдени тұрмыстық, медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету ардагерлер ұйымдары қызметінің басты бағыты болып қала беретіндігін тілге тиек етті. Еркінбек Бейсембекұлы:
– «Ғұмыр-Дария» газеті біздің аға буын өкіл-дерінің рухани серігіне айналды, біздің қоғамдық қызметіміздің жаршысы болып қалыптасты. Олай болса ардагерлер басылымына жазылуды жоғары деңгейде ұйымдастыруға міндеттіміз. Жалпы баспасөз құралдарына, оның ішінде ардагерлер басылымдарына жазылуда біздің ардагерлеріміз белсенділік танытанытындығына сенімдіміз, – деп сөзін қорытындылады.
Төралқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» –  АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры