Тазалық–тәртіптен басталады
Қазір еліміз бойынша ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Бұл жақсы бастамаға қордайлық ардагерлер белсенділікпен үлес қосуда.
Жалпы тазалықты сақтау үшін ең алдымен тәртіп керек. Тәртіп болмаған жерде ешқандай тындырымды жұмыс болмайды.
Ауданымыздың тазалығына, оның көрікті де көркем болуына бәрімізде жауаптымыз. Соңғы жылдары ауданымыздың орталығында, елді мекендерінде саябақтарға тал көшеттерін отырғызу қолға алынып жатыр. Тұрғындар жаппай сенбіліктерге шығып, тазалық жұмыстарын жүргі-зуде. Ауылдарымыздың ажары ашылып, көркіне көз тоятын болды.
Осы арада қария ретінде айтайын деген ойым бар. Көктем мен күзде тазалық жұмыстарын жүргіземіз, көшеттерді де көптеп отырғызамыз. Сол атқарған жұмыстарымыз кей жағдайларда өз нәтижесін бермей жатады. Көшеттер уақытылы кұтімге алынбайды, мезгіл-мезгіл суарылмайды. Тазалыққа да немқұрайлы қараймыз. Әсіресе жастар жағы өздері пайдаланған қоқыстарды жүрген жерлерінде тастай салады. Осы мәселеге тәртіп орнатсақ дұрыс болады. Бұл жұмыстан, әсіресе үлкендер қауымы тысқары қалмауымыз керек. Жүрген жерлерімізде жастарға зекімей, ұрыспай ақыл-кеңесімізді айтып отыратын болсақ олар түсіністікпен қабылдар еді.
Жалпы бүгінгі еңбегіміздің еш кетпеуі үшін, үлкеніміз болып, кішіміз болып жүрген жерлерімізде тәртіп сақтағанымыз жөн болар еді. Тағыда қайталап айтамын, ауылымыздың, ауламыздың таза болуы, көркін тайдырмауы ең алдымен әрқайсымыздың тәртіпімізге, ішкі мәдениетімізге байланыс-ты екендігін ұмытпағанымыз жөн.
Әбдібек СЕЙІЛХАНОВ,
Қордай ауданының Құрметті азаматы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)