Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ШИПАГЕРДІҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

ШИПАГЕРДІҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

29 апрель 2024, Понедельник
50
0
Қазақта «Он екі мүшең сау болса, қара басың ханмен тең» деген ұлағатты сөз бар. Денсаулық - баға жетпес байлық, оған не жетсін! Тотыдай таранған Тараз шаһарындағы адамдардың денсаулық күзетінде мызғымай тұрған қалалық көпбейінді ауруханасы дер едім. Еңселі де зәулім көпқабатты ғимарат алыстан мен мұндалайды. Айналасынан денсаулық мекеніне тән тазалық пен ұқыптылық бірден сезіледі. 
Жуырда осы аталған аурухананың хирургиялық бөлімшесіне түскен болатынмын. Бірден байқағаным, емделушілерге барлық жағдай жасалынған. Әсіресе мейірбикелер өздеріне жүктелген міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, ем қабылдаушылардың көңілін тауып, ем - домдарын уақытылы жасайды екен. Оларға мың да бір рахмет.
Ең бастысы - Гиппократ антын қабылдап, қай кезде де болмасын, науқастардың диагнозын дәл тауып, көңілін таба білетін дәрігер - хирург Али Мұхамеданұлы Шакіржанов және анестезиолог Ернар Орынбайұлы Еділбаев пен ассистент Фархад Мансұржанұлы Азимовтың заманауи үлгідегі аппараттарды шебер қолдануларының нәтижесінде аялы алақанымен жасаған күрделі ота (операция) сәтті өтті. Алғысым шексіз! Маған осындай қиын кезеңде барлық мүмкіндіктерін жасаған ақ халатты абзал жандарға бек ризамын. 
Қаланың халқына сапалы меди-циналық қызмет көрсетіп отырған бөлімше, ота жасаудың жаңа техно-логияларын енгізу арқылы елеулі жұмыстар атқарып келеді. Оның үстіне бөлімше хирургия саласында мамандарды даярлау, біліктілігін жетілдіру бойынша база болып табылады екен. 
Ауруханадағы, оның ішінде хирур-гиялық бөлімшедегі дәрігерлердің өз дәрежесінде қызмет етулеріне жағдай жасап отырған басшылыққа да ризашылдығымды білдіремін. Елге жасап отырған шипалы емдеріңіз, ізденісті еңбектеріңіз жемісті болып, әрқашанда құрметке бөлене беріңіздер.

Алдаберді МАҚАШЕВ,
еңбек ардагері,
Тараз қаласы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕГЕН
13 октябрь 2022, Четверг
ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕГЕН
Қайырымдылық
29 июль 2020, Среда
Қайырымдылық
АҚЫЛМАНДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
08 август 2023, Вторник
АҚЫЛМАНДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры