ДЕРТКЕ ШИПА, ДЕНЕГЕ САУЛЫҚ СЫЙЛАҒАНДАР
Қай жерің ауырса – жаның сонда. Ауруың жаныңа батқанда алдымен сиынатының – Алла, одан кейінгі жүгінетінің – дәрігер. Дертіңе шипа сұрайсың. Сенің деніңе саулық сыйлап, саған жанашырлықпен әбігерге түсетін де дәрігер. Шыны керек, басың ауырып, балтырың сыздағанда қасыңнан табылатын да, құтқарушың да дәрігер.
Өмір заңы ғой, жасы ұлғайған адамның қыңқыл-сыңқылы да көп болады.
Жуырда қан қысымым көтеріліп, аудандық ауруханаға түстім. Қатты ауырдым. Маған дер кезінде көмекке келіп, ажалдан арашалап алып қалған ақ желеңді жандарға құрметім бөлек.
Ауруханада аяқтарынан тік тұрып қызмет көрсеткен білікті дәрігер, терапия бөлімінің меңгерушісі Сәния Мұхтарқызы Жолымбековаға, аға медбике Айсұлу Нарымбетқызы Рсалиеваға, мейірбикелер Гүлмира Дауылбайқызы Сұраншы мен Тамарахан Бұртаеваға, медаға Талғат Әбдібекке, егу бөлмесінің мейірбикесі Әсем Сәрсенбай мен кіші қызметкер Жансая Нұрмахановаларға аталық алғысымды айтамын. Ауруханада жатқанымда олардың өз істерін жақсы білетін білікті маман, жауапкершіліктеріне адал қызметкер, мейірімді жандар екеніне көзім жетті.
Жақсы сөз жан семіртер, олар өмірге құлшыныс туғызатын жанға жағымды жылы сөздерімен де көңілімді көтеріп, дертіме шипа берді.
Адамдар денсаулығының күзетінде тұрған сендерге де зор денсаулық тілеймін!
Өмірде бақытты, еңбекте табысты, мамандықтарыңның майталмандары бола беріңдер, айналайындар!
Ошақбай ИБРАИМОВ,
Жамбыл облысының Құрметті ардагері.
Қаракемер ауылы
Жамбыл ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)