Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » МҰРАЖАЙ - ОҚУ ОРДАМЫЗДЫҢ АЙНАСЫ

МҰРАЖАЙ - ОҚУ ОРДАМЫЗДЫҢ АЙНАСЫ

29 апрель 2024, Понедельник
67
0
Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында мұражайдың таусылмас қазына екенін  де дау жоқ. Колледждің өткен өмір тарихын, өткені мен бүгінін және болашағын осы арадан таба аласыз.
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі – облысымыз-дың байырғы оқу орындарының бірі. Түркістан – Сібір теміржолының салынуына байланысты оқу орнымыз алғашында ФЗУ (фабрика - зауыт училищесі) болып ашылды. Дәл сол кезден колледждің даңқты тарихы басталды. Алғашында бұл мектеп екі шағын жатаған саман үйлерде орналасқан еді. Ол жерде 60 бала ғана оқыды. 1942 жылы училищеден майданға 100-ден аса түлек аттанды. Олар Ұлы Отан соғысы жылдарында ерліктің үлгісін көрсетті. Қару - жарақ салынған поездарды Кеңес Армиясы бөлімдері үшін біздің оқу орнының түлектері машинистер  М.Бабинцев, В.Дубовой, В.К.Коробейников, И.Алфериндер жүргізді. Сонымен қатар, осы училищенің түлегі Г.Холоденко соғыс кезінде «Катюша» дивизиясын басқарды. Ал С.Ходжаев даңқты «Кіші жерде» шайқасқа қатысты. Өздерінің ерлігімен, өшпестей мәңгі із қалдырған түлектеріміз С.А.Ларионов, Л.В.Томасевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталып, «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. Садыкбек Егембердиев, Сергей Яковлевич Египко Ұлы Отан соғысына қатысып, кейіннен өздерінің білім алған училищесінде еңбек етіп, жас теміржолшыларды тәрбиеледі. С.Егембердиев «Құрметті теміржолшы», С.Египко «Қазақ КСР-ның кәсіптік білім беру саласының үздігі» атанса, 1943 жылдың түлегі А.Г.Воробьева өз заманында тепловоз машинисі мамандығын меңгерген алғашқы теміржолшы әйелдердің бірі.
Ел үшін етігімен қан кешкен жауынгерлер қашанда құрметке лайық. Соғысқа аттанған түлектерімізге тағзым ете отырып, жас жеткіншектерге үлгі өнеге болсын деп колледж ауласына «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» естелік тақта орнатылды.
Оқу орнының ең басты жетістігі – 1978 жылы училищеге «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты» атағының берілуі болды. 1980 жылы колледждің 50 жылдық мерейтойына арналып мұражай ашылды.
Өткен жылдар ішінде колледж қабырғасынан мыңдаған теміржолға қажетті мамандар даярланып шықты. Солардың арасынан 1947 жылдың түлегі, Социалистік Еңбек Ері, Ленин орденінің иегері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған Тіленші Аппаевыі, 1980 жылдың түлегі, көршілес Ауғанстан халқының азаттық соғысында қаза тауып, көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған П.Гороховті, 1951 жылдың түлегі «Қызыл жұлдыз» орденімен марапат-талған А.Д.Бородинді, 1957 жылдың түлегі, Қазақ КСР-ның кәсіптік білім беру саласының үздігі, «Құрметті теміржолшы», 1978-2004 жылдар аралығында колледж директоры, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері З.Т.Серікбаевты айрықша мақтанышпен айтуға болады. Қәзіргі таңда да біздің колледжіміздің түлектері Қазақстан теміржолының әр түрлі саласында абыроймен қызмет атқаруда. Ал колледжіміздің 1954 жылғы түлегі Калтай Самбетұлы Самбетов «Қазақстан Теміржолы» АҚ - ның вице президенті болып қызмет атқарды, Құрметті теміржолшы атанды.
2014 жылы даңқты теміржолшы Байзақ Пірмановтың 100 жылдық мерейтойы Жамбыл жол бөлімшесінде кеңінен аталып өтілді, теміржол колледжінде жастармен кездесу болды. Басқосуға оқу орнының танымал түлектер таныстырылды.
Ел болашағы- білімді жастар болса, сол жастарға дұрыс тәрбие беруде ардагерлер кеңесінің қосар үлесі де зор. Ардагерлер ұйымының ұйымдастырумен колледж мұражайы республикалық байқауда бас жүлдені иеленді. Жыл сайын дәстүр бойынша оқу жылының басында оқуға жаңадан қабылданған оқушылар оқу орны мұражайымен таныстырылады.
Осы орайда тіл ұшына:
Мұражай - естелігі өткендердің, 
Ерлік пен ел даңқына жеткендердің.
Мұражай – қазынамыз қасиетті, 
Жас ұрпақ мұражайды қастерлегін. – деген жыр шумақтары оралады. Олай болса өткенімізді қастерлейік, болашағымздан жарқын, жасампаз істер күтейік.

Гүлжан КЕРМЕНБАЕВА,
Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы.
Обсудить

Похожие материалы:

Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
ДАҢҚ
30 май 2022, Понедельник
ДАҢҚ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры