БАҚАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ
Өз тарихымызды, ата - тегімізді, туған ауылымыздың қашан қалыптасқанын білу, түгендеу, тарату – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Айтуға тиістімін, ауылдың негізгі тұрғындары Бақалар Қаңлы руынан тарайды.
Менің бұл жолғы мақсатым – Бақалы ауылының қашан қазығы қағылғанын, одан бергі мезгілде қалыптасуының, өсіп - өркендеуінің тарихын жазу болды. Сол тарихты көзімен көрген аталарымыздың, аға буын өкілдерінің естеліктрін пайдаландым.
Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, жаңа экономикалық саясат қиындықтарын Бақалар бір кісідей көрді. «Бізге қиын тигені бай – кулактардың дүние - мүліктерін тәркілеу мен өкіметтің ұжымдастыру жөніндегі саясаты болды» дейді көзбен көрген аталарымыз.
–Биыл 93 жасқа шықтым, – деді Төрен Сейтайұлы атам. Мен атамның жасын ойша есептей бастадым. Менің есебім бойынша атам 90 жасқа шығуы керек сияқты еді. Атам көп күттірген жоқ, өзі түсіндірді.
«Мұсылман заңы бойынша әрбір 30 жаста бір жас қосылып отырады екен», - деді. Сонда менің ойша есептеген жасым дұрыс сияқты. Қария адамдар әңгіме айтқанды жақсы көреді, әрине, тыңдар құлақ болса.
Мен барғанда Төрен атам басын көрпемен бүркеп жатыр екен. Күлпатша апам бөлмедегі газеттерді реттеп жүр.
–Апа, амансыз ба, денсаулығыңыз жақсы ма? – деп хал - жағдайын сұрадым.
–Аман ба, балам, қай баласың?
–Мен ғой, Аташбекпін.
–Кім дейді? – деп атам көрпенің астынан кемпірінен сұрай бастады. Күлпатша апам ортада дәнекер, келген кім екенін, қандай жұмысы бар екенін айтып жатты.
Бірақ, атам тұрған жоқ, көрпенің бір шетін ашып «неге келдің?» дегендей сұраулы жүзбен маған қарады.
–Ата, Бақалы ауылының қашан құрылғаны туралы білейін деп едім?
–Оны не ғылайын деп едің?
Шынында «сұрағым төтесінен, жайсыздау болды ма?» деп ыңғайсызданып қалдым. Бұл ыңғайсыздықты атам өзі жөндеді.
–Бақалы ауылы бұрында Бақалы деп аталатын. Кеңес өкіметі кезінде Қызылдихан ауылы болды. Енді, міне, егемендік алып Бақалы атауын қайтып алдық, – деген «қария тағы қандай сұрағың бар?» дегендей маған қарады.
– Сіздің туған жеріңіз қайда еді?
– Мен осы Бақалыда, ауылдың бас жағындағы ескі қойманың орнында туғанмын. Біздің әулетіміз 10 – 15 отбасы болып топтасып, бұлақ - бастау, сай - саланың аңғарында отыратын. Себебі ол жердегі суды пайдаланып, егіншілікпен айналысатынбыз, шөбін пайдаланып, малға азық ететінбіз. Бұрынғыдай көшіп - қонуға жағдай жоқ, отырықшылыққа көшкен кез еді ғой.
Атам басын көтеріп кереуетіне отырды, терең ойға шомып кеткендей көрінді маған.
–Ұжымдастыру кезінде Сіздерді көшірген жоқ па?
–Жоқ, біздің үй – жайымыз бар, жақын әулеттерді біріктіріп қолхоз ұйымдастырды. Біз «Қызыл – дихан» колхозына біріктік. Біздің бригадиріміз Бибасар Артайұлы атаң, ал, құрамадағы Бақаларға Иманбайұлы Тәліп атаң басшы болды.
–Артель құрдыңыздар ма?
–Құрдық қой. Қазір ойлап қарасам, бұның бәрі кеңес өкіметінің дұрыс ойластырмаған саясаты екен.
Халықтың сауатсыздығын пайдаланып, жаңадан тағайындаған шолақ белсенділер өз білгенін жасады. «Әй!» дейтін әже, «қой!» дейтін қожа болмады. Артельге деп жинаған малдың жартысы сол жылы қырылып қалды.
Қыста малды қамайтын қора жоқ, шөп тағы жоқ, байлардан кәмпескелеген шөп көпке жетпеді. Келер жылы қойға арнап бастырма соқтық, төбесі жабық, жан – жағы ашық. Бұл малға пана болмады, қатты қыста мал тағы да қырылып қалды. Елдің бәрі колхоздан шыға бастады. Мал жоқ, халық аштыққа ұрынды.
-Ағайындардан аштықтан өлгендері болды ма?
-Мен өз көзіммен біреуін ғана көрдім. Біздің әулетте Айгүл деген жесір әйел болды. Ол артельге кірмей қойды. Ашаршылық кезінде ашыққан адамдар көп болды. Олар негізінен Таластан, Сарысудан, Шымкент жақтан келген адамдар еді. Ашыққандар ауыл - ауылды аралап, қалаға қарай босып кетті. Айгүл жеңгем малын қыстан аман алып шыға алмай және босқындардан аман алып қалу үшін барлық малын сойып, ұраға көміп тастапты. Көктемде күн жылына барлық еті иістеніп, жарамай қалды. Көктемнің көкөзегінде ешкім – ешкімге қараспайды, артельге мүше болмаған соң колхоз көмектеспейді. Екі ауылдың ортасында бастау бар еді, сол бастаудың жанында отырған жерінде өліп қалыпты. Құламаған, отырған күйінде қалған. Азанда Бибасар атаң көріп, елді жинап көмдік. Одан басқа бұндай оқиға болған жоқ.
– Ашыққандарға артель көмектеспеді ме?
– Жоқ, көмектескен жоқ. Неге көмектеспегенін білмеймін.
Біраз үнсіздіктен кейін ашаршылық кезіндегі бір оқиғаны айтты.
– 1933 жылы елде қатты ашаршылық болды. Колхоз бригадирі Бибасар атаң ауылдан 18 адам жинап Талас ауданына сағыз теруге баратын болды. Мен ол кезде 13 жастамын. «Өкімет тамақ береді екен» дегенді естіп, мен де барайын дедім. Адам саны толмағандықтан мені де ала кетті. Бізді Тамды деген жерге алып келді. Келсек бір ауыл қаз - қатар киіз үй болып тігілген, бірақ адам жоқ. Адамдардың барлығы ауылдың маңында өліп жатыр. Оларды көметін ешкім жоқ, көктем шыға барлығы иістеніп, құрттап жатты. Көшеге кіре алмайсың, өлген адамның иісі жаман болады екен. Бізді бір күннен кейін басқа жерге ауыстырды. Тамақ істеп беретін бір әйел, бес қойымыз бар, соның сүті және өкімет берген тамақ бар. Күнде сағыз жинаймыз, арнайы егілген болуы керек, себебі бізге жер бөлініп берілген.
– Ол сағызды не істейді?
– Сол жиналған сағыздан резина, машинаға балон жасаған.
Атамның сөзі шындық, себебі 1930 жылы Бурно - Октябрь ауылынан «каучукпромхоз» деген кәсіпорын ашылған. Жуалының біраз жерлеріне арнайы сағыз егілген.
– Мен Жуалы ауданы ресми түрде құрылған 1928 жылы 6 жаста едім. Қоғамда болып жатқан өзгерістерден бейхабармын, бірақ, бай – кулактарды тәркілеу мен ұжымдастыру шаралары есімде қалыпты, – деді Мықтыбекұлы Тұрмағамбет ағамыз. Ол кісінің туған жері Қосбөлтекте тұрмыз.
– Уыздай ұйып отырған ауылды «бай - кулактарды тәркілейміз» деген сылтаумен айрандай ірітті. Шолақ белсенділер шаш ал десе бас алатын. Кәмпескенің жоспары орындалмай қалып, орташа шаруалар болып келетін ағайынды Айтқұл, Сейдалы, Көшімбеттің малдарын қосып, тәркілеуге іліктіріп жіберген. Мал - мүлкі тәркіленіп, өздері жер аударылды.Содан Мирзоянның рақымшылығы болып, 1935 жылы туған жерге қайта көшіп келді. Бірақ, бұрынғы үйлері бұзылып кеткен, сондықтан қайта үй соқты.
Жуалы ауданы Бақалы ауылында заңғар жазушы Мұхтар Әуезовте болып, өз көзімен көргендерін қағазға түсірген. Бұл туралы қаламгер ағамыз Мақұлбек Рысдәулет өз кітабында былай жазған болатын:
"Сөз зергері, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов отыз алты жасында Жуалы ауданына, оның ішінде Бақалы (бұрынғы Қызыл диқан) ауылында екі рет болған. Бұл 1933 жылдың жазы мен күзі болатын.
Осы сапарларынан ұлы жазушы екі әңгіме, төрт очерк жазып, оның көпшілігі сол жылы қазан айында «Социалды Қазақстан» газетінде жарияланған."
1931 жылдан Жуалы ауданы қазіргі Түркістан облысының құрамында болып келді ғой. Ол жылдары мақта жинауға адамдарды күштеп жіберіп отыратын. 1939 жылы жаңа жерлерді игеру саясаты бойынша Киров каналын қазуға бес колхозды күштеп көшірді. Олар – «Қызыл ту», «Игілік», «Құрама», «Кеңбұлақ», «Қайқы бастау» колхоздары.
Канал қазу жұмысы өте ауыр жүрді. Барлығы дерлік қол еңбегімен атқарылды. Қол арбалар пайдаланылды. Адамдар сатылап тұрып бір – біріне топырақ лақтырды. Барлығы бақылауда. Тәртіпке бағынбағандарды екі сөзге келмей соттап жіберді.
Ел еңсесін жиып үлгере алмай жатып Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Оның әңгімесі бір бөлек. Ол туралы жерлес журналист ағамыз Мақұлбек Рысдәулет «Жұдыздардың жарығы» деген кітабында жақсы жазды.
Соғыстан кейін ауылдың жағдайы нашар болды. Халықтың жан күйзелісіне қоса, тән күйзелісі - аштық қыспаққа алды. Соғыстың ауыртпалағын тылдағылар соғысқа барғандардан кем көрген жоқ. Әкесінен, бауырларынан айырылғандар көп болды. 1947 жылдан бастап халық ес жия бастады. Осы кезде ауыл болып бірігу туралы әңгіме көтеріле бастады.
– Осы уақытқа дейін «ауыл болайық» деп бастама көтерген ешкім болмады ма?
– Соғыс кезіндегі, одан кейінгі халықтың жағдайын айттым, қайдағы ауыл, ел күнін көре алмай қалды емес пе?!
– Ауылдардың басын қосу оңай болмады. 1948 жылы ауыл ақсақалдары жиылып қазіргі бейіттің үстінде жиналыс өткізеді.Әркім өз ауылына тартады. Біразы қазіргі бейіттің үстінен өтетін ортақ арықтың бойынан салайық», – деді. Оған халық көнбейді, себебі ауыз суы жоқ. Кейбір ағайындар «Көкбастау мен ескі қойманың ортасынан салайық" деді. Оған да халық көнбеді, себебі ауыл үлкейгенде халық сыймай қалатын болды. Қазіргі Бақалы ауылынан салайық, деген де ұсыныс болды. Оған да көнгісі келмейді, себебі көктемде су басып қалады деген қауып айтылды. Қазіргі Жаңа Теріс ауылының орнынан салу ұсынысы болды, бірақ оған да көнбейді, себебі орыстарға жақын, шошқасы бар.
Бұл талас бітпейтін болған соң әр әулеттен бір – бір ақсақалдан топ құрылып, жерді аралап көріп, солар түпкілікті бір шешімге келетін болды. Барлығы сол шешімге келісетін болып бәтуаласады. Біраз күнде қабылданып, халыққа хабарланады. Бұрыннан халық тұратын, бірақ үйлері ретсіз салынған Бақалыға тоқтам жасалды.
Ауылды ұжымдастыруда бұрынғы Бибкасар, Тәліп, Әміртай аталарың әр үйге жер бөліп, орналастыра бастады. Халықтың жағдайы жақсарып қалған, бір – екі жылда көше болып қалдық. елуінші жылдардан кейін баяғы «канал қазуға» кеткендер «Пақтаралдан» орала бастады. Қуғын - сүргін кезінде, аштық кезінде сыртқа кеткен ағайындар қайтып оралып жатты.
Мен көп жыл Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде тарих сабағынан дәріс бердім. Алғашында көрнекі құрал ретінде пайдаланылған Бақалы, Теріс ауылынан жиналған жәдігерлер көбейе келе өлкетану мұражайына айналды. Туған жердің тарихын ылғида зерделеп жүретін азамат Дәулетжан Байдалиев ауданның өлкетанушыларын біздің мектептің мұражайына әкелетін. Себебі біздің мектептің мұражайында көптеген жәдігерлер бар еді. Бір жолы 2017 жылы ауданға келген археологтарды біздің мектепке алып келіпті. Олар мұражайға кіре бере екі құмыраға қызықты. «Бұл құмыралардың екі мыңжылдық тарихы бар. Рұқсат болса біз бұларды арнайы зертханада тексеріп көрейік», – деді.
Біраз уақыттан кейін олар өздерінің болжамдарының дұрыс шыққанын айтып келді. Сол жылы Теріс ауылының бас жағынан зерттеу жұмыстары басталды. Қазба жұмысы кезінде жұқа күйдірілген кірпіштер мен құмыра сынықтары шыға бастады. Бірақ бұл шыққан жәдігерлер археологтарды қызықтырмады, бұлардың бәрі Х1 - Х11 ғасырға тиесілі екен. Оларға керегі екі мыңжыл бұрынғы жәдігерлер болатын. Сондықтан арнайы трактор шақыртып, төрт метр тереңдікті қаздырттық. Одан шыққан күйген топырақ пен ыдыс сынықтарын Жапонияның Нара қаласына зерттеуге жібердік.
Екі – үш айда жауап келді, онда жіберілген жәдігерлер біздің заманымыздан бұрынғы бұйымдар болып шықты.
Келесі жылы Теріс ауылын жаяу аралап, бақылау жұмыстары жүргізілді. Оларды қызықтырған Теріс, Бақалы ауылының төмен жағындағы «Қарауыл төбе» болды. Бұл төбені бір апта зерттеу жұмыстарын жүргізіп барып қазу керек деген шешімге келді. Бірақ бұл ескі қорым болатын, сондықтан ауыл ақсақалдарының рұқсаты керек болды. Жиналыс өткіздік. Әркім әртүрлі пікір айтты. Соңында қазба жұмысын жүргізуге рұқсат алдық. Төбенің бір жартысын қазып көретін болдық. Бұл тәуекелге барумен бірдей еді.
Қарауыл төбенің тарихы тереңде. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша бұл төбе жаугершілік кезінде арнайы соғылған.Төбесінде қарауыл қарап отыратын болған. Жау көрінген жағдайда от жағып белгі берген. Кейін жаугершілік басылған кезде бұл төбені жылқышылар пайдаланған. Өйткені төбесінен қарағанда айнала тегіс көрінетін болған. Сондықтан бұл төбені жергілікті жұрт «Жылқышы төбе» деп те кеткен. Бұл жер екі рет жерлеу орны болыпты. Соңғысы 1960 жылға дейін біздің аталарымыз бен аналарымыз жерленген.
Қазба жұмысы бірден нәтиже бере бастады. Тура үйдің төбесінен түсіппіз. Енді оның есік - терезесін іздей бастадық. Ол да табылды. Терезесін ашып ішіне кірдік. Шыққан жәдігерлерді зерттеу орталығына жіберіп тұрдық. Бұлардың барлығы екі мыңжылдық тарихы бар жәдігерлер болатын. Археологтардың болжамы бойынша бөлмелерді әдейі қолдан көмілген деген тұжырым айтылды.
Үшінші жылы қазба жұмысы кезінде бүтін сақталған бөлмені аршыдық. Қабырғалары кірпішпен көтерілген, сол кірпіштен күмбез жасап төбесі біріктірілген. Бұл археологтарды қатты қызықтырды, себебі мұндай жәдігерлер қазақстан көлемінде өте аз сақталған. Бұл Қаңлы тайпасының құрылысы, себебі Үйсін тайпасының құрылысы басқада. Арнайы археологиялық кеңес өткізілді. Олар бұл қазбаның қаңлы тайпасына тән екенін мойындады.
Соңғы нүктені академик Карл Байпақов қойды. Бұл – атақты ғылымның соңғы сапары екен. Жасының егде тартқанына қарамастан төбенің басына шығып, өз көзімен көрді. Ол кісі археологтардың қалай тәуекелге барғанына таңғалды. Себебі Жуалыдан қаңлы мәдениетін табу болжамда болмаған екен. «Бұл Қаратау – Қаңлы мәдениетінің өркен жайған қасиетті мекені», – деген қортындыға келді археолог - ғылым.
Табылған көптеген жәдігерлер ауданда ашылған мұражайға қойылды. Өткен жылғы қазба жұмысы кезінде қаңлылардың астық сақтайтын ұралары аршылды. Біз оқушыларға қаңлылардың мекені Үйсін мемлекетінің шекарасынамен шектесетінің айтып оқыттық. Бірақ нақты көзбен көрсететін деректер болмады. Бұл қазба жұмысы – қаңлылардың осы жерде өмір сүргендігін дәлелдейтін нақты дерек еді. Соңғы табылғаны қаңлылардың ен таңбасы. Бұл Теріс ауылына ауыз су жолағын қазу кезінде шықты. Үлкен көк тастың бетіне кертіп қаңлылардың шылбырын ойып түсірген. Яғни, қаңлылардың ен таңбасы шылбыр мен көсеу екені тарихтан белгілі...
Ынтымағы жарасқан қазіргі Бақалы ауылында 70 – 80 үй бар. Ата - бабамыз көрген қиындықтар артта қалған. Қазақстанның түкпір - түкпірінде Бақалы ауылының азаматтары еңбек етуде. Олардың арасында Бақалы ауылының атын шығарып жүрген азаматтар да бар. Еңбек Ері Мүсірепбек Бектаев, Москвадағы Жеңіс шеруіне қатысушы Жуалы ауданының Құрметті азаматы Төрен Сейтаев, Мәскеу қаласындағы Жеңіс шеруіне қатысушы Әмірқұл Айтқұлов, Жуалы ауданының Құрметті азаматтары Болатбек Қайыпбекұлы, Мақұлбек Рысдәулет, Айдарбек Әмірбекұлы, Жарас Артаев, Тұрмағамбет Мықтыбеков, Серпен Қалымбетов, Артаев Бақтиярдың әкесі Ғарифолла Артаев, Қазақша күрестен Қазақстан чемпионы Ерсайын Әтеев, Ерғали Садықұлы, Алматы қаласындағы агроуниверситеттің ректоры, профессор Базархан Рүстембаев, сазгер Бекқали Садықұлы, Алматы қалалық «Қазтелеком» басшысы Шерхан Раздықов, балалар жазушысы Марат Құлибайұлы, түйе палуан Нұрсұлтан Сенбайұлы, тағы басқа азаматтар өсіп өнген жер.
«Елу жылда ел жаңа...», қазіргі Бақалы ауылы нарықтық заманға бейімделуде. Имандылыққа бет бұрған азаматтар жаңа мешітке көптеп келуде. Заманымыз тыныш болса келер ұрпақтан көп жаңалық күтеміз.

Аташбек ӘМІРҚҰЛҰЛЫ,
Көкбастау округі Теріс ауылы
ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Жуалы ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)