«КӨКЕЛЕРІМІЗ АМАН БОЛСЫН...»
Жазушы - журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, халықаралық «Түрік әлемі» телестудиясының бас директоры, жерлесіміз Доқтырхан Тұрлыбек 75 жасқа толды. Ол 1949 жылы 26 ақпанда Жуалы ауданында дүниеге келген, Қаратау қаласында орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыс саласында еңбек жолын бастаған. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1972 жылдан Свердлов аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінде тілшілік қызмет атқарады. 1977 - 1984 жылдар аралығында Жамбыл облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде үлкен шығармашылық жолдан өтеді. 1984 жылдан бастап Алматыға қоныс аударып, Қазақ телевидениесінде редактор, бас редактор, «Алатау» телеарнасында бас редактор, «Қазақтелефильм» киностудиясында бас директордың орындасары, бас директор болып жоғары жауапкершілікпен жұмыс істеді. Оның 7 жыл бойы жүргізген «Бойтұмар» этнографиялық - авторлық бағдарламасы көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 10 әдеби кітабы жарық көрген. «О дүниеден келген өкіл» кітабы үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болды. Доқтырхан Тұрлыбек әр жылдары Жамбыл атындағы әдеби сыйлықтың, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты болып, түрік әлемі кинематографистерінің халықаралық фестивалінде жүлдегер атанды
Бүгін біз 75 жасқа толған жерлес жазушы, журналист Доқтырхан Тұрлыбекұлының «Көкелеріміз аман болсын...» деген әзіл әңгімесін оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырып, жерлес қаламгерді өміріндегі елеулі күнімен біз де шын жүректен құттықтаймыз.
Сөз реті келгенде жазушы - журналист Доқтырхан Тұрлыбекті күні кеше Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ханымның арнайы құттықтағанын айта кеуді жөн көріп отырмыз.

Биыл ғана окуға түскен үш сыныптас қаланың мынау деген мейрамханасында бас қосып, дуылдасып отырысты.
– Уақыт деген былтыр көкем алып берген «Ява» мотоциклінен де жүйірік кой. Біздің дырдай студент болғанымызға да жарты жылдан асып қалыпты-ау! Естеріңде болар, үшеуіміз оқуға түспек болып жолға жиналғанымызда, әлгі инелік сияқты сынып жетекшіміз Қайрақбай: «Анау кәукиген бастарыңдағы миларыңның тоқсан пайызы-су, сендер оқуға түссеңдер мына қоңқиған мұрнымды кесіп берейін», – демеп пе еді?
Гәп білімде емес, калтада екендігін жасы елуге келгенше түсінбепті сол ұстазымыз. Енді мұрнын кесіп берсін бізге, ха... ха...
Ортада отырған дударбас жігіт карқылдап ұзак күлді. Жанында отырған жолдастары да мәз.
– Айтпакшы, естіген боларсыңдар, - деп дударбас алға ентелей түсті.
– Өзін данышпан санайтын сынып жетекшіміздің мектепті бізбен бітірген Сәлимаш деген қызы бар емес пе еді, сол сұлуымыз оқуға түсе алмай шоңкиып қалыпты. Қазір аудандық ауруханада еден жуып жүр екен, Сәлимаш. Ха... ха...
– «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты», – деген осы. Көп сөз - бос сөз, келіңдер, алып жіберейік, -деді шегірткенің айғырындай кішкентай жігіт шіңкілдеп.
– Ей, мынауың-керемет идея. Давай, кеттік. Айғыр стақандар бір-бірімен соғысып, жұтқыншақтар бүлк-бүлк етісті.
– Жігіттер, бұл заманда гәп қалтада, яғни оның ішіндегі ақшада. Ал, ақша кімдерде? Көкелерімізде. Құдайға шүкір, үшеуміздің де ағамыз осал емес. «Ағасы бардың, жағасы бар», – деп халық бекер айтпайды, давай сол үшін алып қояйық. Көкелеріміз аман болсын!
– Молодец! Қалталары қалың көкелеріміз жасай берсін!
– Айтпақшы. Мұрат сенің ағаң қай қызметте? – деді Дударбас шегірткенің айғырындай кішкентай жігітке бұрылып.
– Ой, Ерлан. Сен білмейді екенсің ғой. Менің көкем - қалалық көкөніс базасының директоры. Түкірсе түкірігі жерге тимейтін көкемнің жанында мынау деген министрдің өзі жолда қалып қояды. Ал, табыс дегенің шаш етектен. Көк базарда жылдың қай мезгілі болмасын баға дегенің удай қымбат. Ендеше, базардағы көкөністің жартысы сол база арқылы барады, білдің бе?! Есепке ептеп ебің бар еді ғой, енді түсетін табысты есептей бер.
Кеше көкемнен азын - аулақ ақша сұрап едім, 500 баксты шыбын шаққан құрлы көрмей бере салды. Вот, так. Сол «майнаға» сендерді мейрамханаға шақырып отырмын.
– Ерлан, сенің көкең Республикалық Кеден басқармасында деп естідім. Естіген құлақта жазық жоқ, олардың да жағдайы жаман емес дейді ғой.
– Дәл таптың, жаман болса, көкем сонда бара ма, – деп Ерлан бір желініп қойды, – Қазір бәрі де өзгеріп жатыр.
Қазір елдің бәрі шетелге құмар. Солардың көбісі ел көрейін деп жүрген жоқ, бәрі-құлқынның қамы. «Бірдеңе апарсам, бірдеңе алып келсем» – дейді. Сәл, артық зат алып көр, кеден шалқасынан түсіреді, олардың көзі қырағы. Бірақ, былай нетіп жіберіп, ебін тапсаң олар да адам ғой, олардың да бүлкілген тамақтары бар, жібиді. Дегенмен, қомағайлық жаман ғой, көп асаймын деп екі күннің бірінде кеден қызметкерлерді жұмыстан қуылып жататын ұқсайды. Ал, менің көкем сауысқаннан да сақ, бір шоқып, екі қарайды, өлетін жерін біледі, алатын жерін тағы біледі.
Мен оқуға түскенде сол көкем 1000 долларға жапон магнитафонын алып берді, үстімдегі былғары күртеше де соның сыйлығы.
– Ағаң мықты екен. Кәне, сол көкелеріміз үшін тағы бір алып жіберейік. Олар аман болса, көштен қалмаспыз, аштан өлмеспіз.
Мұрат пен Ерлан бағанадан бері әңгімеге онша араласпай үнсіз маңғаз отырған үшінші жігітке бұрылды.
– Кенжебек, біз екеуміз жасырмай бәрін айтып жатырмыз. Сенің көкең кім осы? Әрине, осал болмас!
– Менің көкем анау-мынау бас сұға алмайтын осы қаладағы ең беделді, ең бай банкінің бастығы.
– Солай, – деді Кенжебек маңғаздана түсіп, – әрине, сендердің де көкелерің осал емес, дегенмен, менің көкем мықты. Өйткені, қазір бәрін де ақша шешеді. Мысалға, біреуге несиеге ақша керек дейік, ол үшін кімге барады? Сөз жоқ, банктың бастығына барады. Ақша алу оңай емес, ол үшін бастықтың тілін табу керек, яғни «шапка» беру керек. Шапка дегеніміз –сіз несиеге алатын ақшаның он пайызы. Несиеге біреу бес миллион, ал, енді біреу елу миллион теңге алады. Арғы жағын өздерің - ақ есептей беріңдер. Шытырлаған ақшаға көмілу деген осы.
Ерлан мен Мұраттың аузы аңырайып ашылып қалды.
– Ал, енді көрімдіктеріңді дайындай беріңдер. Кеше ғана көкем маған судай жаңа «Тойота» машинасын алып берді.
– Ойпырым - ай, жаңалықтың көкесі сенде екен ғой. Қалай шыдап, отырсың, ә! Давай, сенің класный көкең үшін, жап-жаңа «Тойотаң» үшін алып қоялық!
Үшеуі отырған орындарынан дүр көтерілісті.
– Даяшы, давай тез, бізге бір коньяк – деп айқайлады Кенжебек желпіне түсіп.
– Жігіттер, қызып қалдық қой деймін, байқалық, – деді Ерлан сақтық жасап, – бірдеңеге ұрынып қалып жүрмейік.
– Қорықпа, бауырым! - деді Кенжебек сұқ саусағын шошайтып, - аспанды тіреп тұрған көкелеріміз бар емес пе! Солар аман болса, бізге ешкім тиісе алмайды. Ұрынып көрсін, қаңғытып жібереміз. Даяшы, давай тез, бізге коньягіңді әкел!..

Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК,
халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)