Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » МАХАББАТ ЖАСҚА ҚАРАЙ МА?

МАХАББАТ ЖАСҚА ҚАРАЙ МА?

27 октябрь 2022, Четверг
97
0
Мына «Бес күндік жалған дүние» деп аталатын өмірде не болмайды?! Осыдан он үш жыл бұрын болған оқиға еске түсіп отыр.  «ХХІ ғасыр. ӘУЛИЕАТА АЗАМАТЫ» газетінің бас редакторы қызметін атқарып жүргенмін. Сол кездері бір-екі кітап жазып, жазушылығы әжептеуір  танылып үлгерген жерлесіміз, марқұм Құнанбай Зияш маған: «Бір жаңалық айтайын, соны газетіңе жазайық», –  деді. Әңгімесі шынымен елді қызықтыратындай екен. Әйтеуір сол жолы түрлі себептермен бұл жағдай жазылған жоқ, газетке жарияланбай да қалды. 
Сондай не болған дейсіздер ғой. Кейіпкеріміз жас кезінде жетім болып өскен, балалар үйінде тәрбиеленіп, Украина, Ресей елдерінің ірі қалаларында жоғары оқу орындарында оқыған. Кейінірек айрықша дауысының арқасында опера әншісі болып, Франция, Италия, Германия сияқты Батыс елдерінің  сахналарында ән салыпты, сол мемлекеттердің ықпалды да бай азаматтарының көңілінен шығып, көздеріне түсіпті. Шет елдерде ұзақ жылдар жұмыс істеп, өмір сүріп келген сол дарын иесі облысымыздағы Байзақ ауданы Аққия ауылының тумасы Үсен Іңкәрбеков деген азамат екен.  
Биыл жасы жетпістен асқан операның ардагер әншісі Үсен ағамыз өзі айтқандай «Жер шарының Солтүстік мұзды мұхиты, Арктика мен оңтүстік полюсі Антарктидада ғана болмаған». Ол кісіні осыдан он екі жыл бұрын Германияның астанасындағы театрлардың бірінде ән салып жүргенін естіген сол кездегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Үсекеңнің ерекше дауысына, әніне және орындаушылығына риза болып елге шақырған. Баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етілетіндігін айтқан. 
Өзінің туған жері Таразға оралған Үсекең облыстық филармонияға жұмысқа тұрып, ТарМУ-де сабақ бере бастайды. Осылайша вокалдан сабақ беріп жүрген ол 60 жасқа аяқ басқан шағында 18 жасар студент Дана есімді бойжеткенге ғашық болып қалады. Сөйтсе, Дана да осынау ұстазына ерекше сезімде жүрген екен. Осылайша жүрек қалауымен табысқан олар бір жылға жуық бірге жүрген соң Үсекең Дананың ата-анасының алдынан өтіп, келісімдерін алып, қазақы салт-дәстүрмен жөн-жоралғысын жасамақ болып Алматыға телефонмен қоңырау шалады. Арғы жақтан Дананың анасы телефон тұтқасын көтереді. Үсен болса олардың қыздарымен бір жылдай бірге жүргенін, түсініскенін, ендігі жерде қыз ата-анасының алдарынан өткісі келетінін айтады. Сонда қыздың анасы Үсекеңнің жасын сұрайды. Бұл кісі 60-қа келіп қалғанын айтқанда болашақ енесі тұтқаны тастай салады.
Көп ұзамай Алматыдан Дананың бизнеспен айналысатын әкесі (Үсеннен көп кіші екен) екі джиппен келіп, ашумен Үсенді ұрып-соғып, университетте оқып жүрген  қызын құжаттарымен, киім-кешегімен алып кетеді. Қызын үйден шығармай ұстайды. Дегенмен, қулығына құрық байламайтын қыз емес пе, бір амалын тапқан Дана үйінен қашып шығып Үсенге келеді. Содан екеуі қашқаннан қашып, Қара теңіздің жағалауларында орналасқан шипажайдан бір-ақ шығады. Мұнда біраз демалғаннан кейін олар Ресейдің Сібірінде Тайгадағы ағаш бизнесімен айналысатын Үсеннің сыңары (олар егіз) Асанның үйіне қыдырып барады. 
Осылайша арада біраз уақыт өтеді. Дананың ата-анасының да ашулары тарқайды. Бұларға «дауа» жоқ екеніне көздері жеткен олар сабылып іздеуді де қояды. Ал, Үсен мен Дана болса Таразға қайтып келген соң, өздері араласатын адамдарды ғана шақырып, шағын үйлену тойын (кешін) өткізеді. Міне, содан бері он жылдан асты Үсен мен Дана үйде де, жұмыста да жұптары жазылмай бірге өмір сүруде. Олар бүгінде өздерінің опера әншілерін дайындайтын жеке мектебінде еңбек етуде. Жас талғамайтын махаббат майданының кейіпкерлерінің қысқаша баяны осындай.

Тұрмаханбет ҚАЗАҚБАЙ,
журналист.
 Тараз қаласы. 


Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
28 июль 2022, Четверг
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
Тәрбиелік мәні жоғары
01 июль 2022, Пятница
Тәрбиелік мәні жоғары
Жағымды жаңалық
29 апрель 2022, Пятница
Жағымды жаңалық
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры