Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » «ПЕНСИЯМДЫ ӨСІРМЕШІ, ӨКІМЕТ!»

«ПЕНСИЯМДЫ ӨСІРМЕШІ, ӨКІМЕТ!»

30 январь 2024, Вторник
67
0
Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады. Кешегі кеңес заманының сарқыншағы, сол заманның «нанын жеген» қарттарымыздың бойында қатып қалған тұрақшылдық әлі де бар. Не айтса да төбесінен ұрып турасын айтады.
– Осы мен өкіметтің пенсияны өсіргеніне қарсымын, – деді көшеде кездесіп қалған екі қарияның қағілездеуі «ассалаумағалейкумнен» кейін.
–Екеуміз де мемлекет меншігіндегі адамбыз, өкімет пенсия беріп асырап отыр. Одан да әлгі «қарсымын» дегеніңді түсіндірші.
– Түсіндірсем,  әр жыл сайын пенсияға ауыз жарымайтын азын-аулақ тиын-тебен қосуын қосады да, екінші жағынан базар біткеннің бәрі бағасын көтеріп, қалтаңды қағады. Өткенде жаңа жылдың пенсиясын алдық қой, сен де алған шығарсың?
– Ия, алдық қой, – дей салды тыңдаушы қарт самарқау.
– Сол жолы пенсияға бірдеңе қосылғанын да білесің, – деп нығарлап қойды қағілез.
– Білеміз ғой, сағыздай созбай аржағын айтсаңшы! – деді тыңдаушы қарт шыдамы таусылғанын аңғартып.
– Айтсам, пенсияның көтерілгенін күтіп тұрғандай барлық жерде баға атаулы шарықтап шыға келді.
– Оның рас, енді.
– Пенсия алған күні «үйде омалып отыра бермей, есіктің алдында тиіп тұрған дүкеннен қант-шай, тағы басқа керек-жарақ әкелсеңші» деп кемпірім дүкенге жұмсаған. Барсам, баға көтеріліп кетіпті барлық затқа. «Шырағым-ау, кеше ғана қолжетімді баға бір-ақ күнде шарықтап шыға келген бе?», – десем, сатушы қыз «Ата, пенсияларыңыз өсті ғой» - дейді беті бүлк етпестен. Амал жоқ, кемпірдің қағазға тізіп берген заттарын алып қайттым.
– Базарға бармадың ба, онда арзандау шығар?
– Қатынның қалтасына ақша түскен соң, көңіліне желік бітіп, базарға барғысы келіп тұратын әдеті. Ақшаның буымен аяғының ауруын да ұмытып кеткен кемпірім "тұлпар-картын" қалтасына салып, оны-мұны әкелуге базарға тартып кеткен. Түс қайта жетті артынып-тартынып, терлеп-тепшіп. Жарты базарды көтеріп келген-ау шамасы.
– Құрысын, күйіп тұр! – деді қоржынын жерге қояр-қоймастан.
– Немене, күн бе күйіп тұрған? Дала салқын сияқты еді ғой.
– Жоға, бағаны айтамын да. Қай затты алсаң да, әкесінің құнын сұрайды саудагер. «Шырағым-ау, өткен жолы ғана...» деп уәж айта бастасаң, «Апа-ау, пенсияларыңыз өсті ғой» – дейді айтарыңды айтып үлгертпей.
– Енді, олай болса, шақтап алмадың ба? Тағы да барасың ғой.
– Келер жолы одан да қымбаттап кете ме деп бәрін алдым, қараңғалғыр.
Қарсы сөз айтып жеңе алмайсың әйелді. Қазір солардікі жөн болып тұр ғой.
– Оны қойшы, дәріханада дәрі-дәрмектің де бағасы қымбаттап шыға келетінін қайтерсің. Қарт адамның қыңқыл-сыңқылы көп. Дәріге тәуелдісің. Осысы қиын да!
– Оны айтасыз, енді бәрі де қымбаттай береді шетінен. Тура бір біздің пенсиямыздың өсуіне қарап тұрғандай.
– Мен ойлаймын да, осы үкіметі бар, билігі бар бағаны ауыздықтауға әлі келмей ме? Әлде, жөнді-жөнсіз, орынды-орынсыз аттандап шыға келетін көше белсенділерінің жағына шығамыз ба? Қазір, Құдайға шүкір, жерге қарап отырған ешкім жоқ. Қай үйге барсақ та, астатөк дастархан. Қазақша бейнелеп айтсақ, ішкені – алдында, ішпегені – артында. Сәл тапшылыққа тап болса, бейшара болып шыға келеді бәрі де.
Сіз бен біз бидайкөже мен қара нанды қанағат етіп, шүберек сөмкемен мектепке барып жеттік қой осы күнге. Әй, тегінде бір Сталин керек-ау тәртіпке салатын?
– Қой, атын атама қанішердің! Сені мен мен оның заманында өмір сүрмесек те, халқымыз зардабын көріп, запыран құсқанын естіп өстік қой ескі көздерден. Қазіргі балалардың бақытын қызғанғандай болмайық. Көрсін рахатын заманның. Тек, Құдай олардың көкірек көзін ашып, нысап, қанағат, таупық берсін! Данышпан Хакім Абайдың «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» дегеніндей, қанша дегенмен заман түзеліп келе жатыр емес пе? Адам да түзелер. Осы бейбіт күн, тыныш өмірімізге шүкір дейік.
– Шүкірі шүкір ғой, дегенмен, мен өз пікірімнен қайтпаймын: «Пенсияны өсірмей-ақ қойсын, Өкімет!»
Бір жағынан қариялардың айтқандары – ақиқат шындық. Қанша дегенмен өмір көрген кісілер ғой.

Болат ЖАППАРҰЛЫ.
Обсудить

Похожие материалы:

ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
28 июль 2022, Четверг
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
Бесіктен безгеніміз бе?
19 март 2020, Четверг
Бесіктен безгеніміз бе?
КӨКТӨБЕДЕ ТҰРАДЫ ЖАҚСЫ АДАМДАР
12 январь 2023, Четверг
КӨКТӨБЕДЕ ТҰРАДЫ ЖАҚСЫ АДАМДАР
Зерде. Таным
16 август 2021, Понедельник
Зерде. Таным
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
14 июль 2022, Четверг
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры