ӘР ОТБАСЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН
Жамбыл облысы елді мекендерінің 73 пайыздан астамы газдандырылған. Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл облыстық өндірістік филиалының жаңадан тағайындалған директоры Бақтияр Бейсембайұлы Көпбосынов бір топ газ саласы ардагерлерімен болған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде айтты. Айтса айтқандай-ақ, облыс тұрғындарының төрттен үші көгілдір отынның игілігін көріп отыр.
– Сіздердің баршаңызға және бүгінгі марапатталғалы отырғандарға «Республикалық газ саласы ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерқанат Уақбайұлы Темірханов мырзаның аманатты сәлемі мен құттықтауын жеткізейін, – деді, аталған бірлестіктің облыстық филиалының төрағасы Хамит Орынбеков.
Жиынның салтанатты сәтінде бір топ ардагерлерге газ саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «Qazaqgaz-дың еңбек сіңірген ардагері», «Qazaqgaz-дың Құрметті ардагері» төсбелгілері тапсырылған.
Сала ардагерлері ұйымының жоғары марапаты саналатын төсбелгіні омырауға қадағандардың қатарында Ережеп Асанов, Әбдірахым Жұмаділов, Гүлзахира Бердібаева, Бөберхан Шалтаев, Хабибулла Нурахунов, Ғабиден Омаров, сағатбек Құлекеев сынды білікті мамандар бар.
– Бүгінгі марапатталғандар қатарында әлі өндірісте қызмет атқарып жүргендері де бар, – деп пысықтап қойды Хамит Әбдірұлы. – Олар – осы салаға кемінде 20-30 жылын арнағандар. Сондықтан, бүгінгі марапатқа әбден лайық.
Марапатталғандарды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешева құттықтады. Күләш Әмедияқызы осы оңтайлы сәтті оңынан пайдаланып Шайнияз Тілеубаевқа «Тараз қаласының Құрметті ардагері» төсбелгісін тапсырды. Ол бұл марапатқа облыс спортын дамытуға қосқан үлесі, Тараз қалалық ардагер-волейболшылар командасы құрамында жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін ие болып отыр.
– Мен Жамбылдағы қазақ жігіттері арасында газ саласының алғашқы қарлығашы болдым, – деді марапатталғандар атынан сөз сөйлеген ең жасы үлкен ардагер Ережеп Асанов. – Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары келдім салаға. Азды-көпті сіңірген еңбегім ескеріліп, лайықты марапаттарға да ие болдым. Бүгінгі марапат – соның бірі. Ардагерлер ұйымының елеп-ескергендеріне рахмет!
Газ саласы ардагерлері облыстық ұйымының төрағасы Х.Орынбеков:
– Біздің қоғамдық жұмыстағы жетістіктерімізді кеңінен насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне ризамыз. Рахмет! Сондықтан, облыстық «Ақ жол», «Ғұмыр-Дария», қалалық «Жамбыл-Тараз» газеттеріне бірінші кезекте жазыламыз, – дейді.
Бұл іс-шара «Ардагерлерге мемлекеттік әлеуметтік қолдаулар» мемлекеттік – әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында ұйымдастырылып отырғанын атап айтуымыз керек.
Малтабар ЖАМАНБАЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесі
төрағасының орынбасары.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)