Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АРДАГЕРЛЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНАН

АРДАГЕРЛЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНАН

13 ноябрь 2023, Понедельник
75
0
Қазақ – ақын халық. Жалпы, жан сезімін, жүрек қалауын, махаббатын өлеңмен өрнектеп жеткізуге талпынатындар аз емес. Олардың шығармаларында поэзияға тән ұйқас, буын саны, тағы басқа талаптар сақтала бермеуі мүмкін. Бірақ, ойын поэзия түрінде жеткізгісі келеді. Данышпан хәкім Абай «Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы» деп бекерден бекер айтпаған ғой.
Ардагерлер арасында да сондай «өлеңге таласы барлар» көптеп саналады. Олардың бірқатарының өлеңдеріндегі айтар ойларын сақтай отырып өңдеп, ықшамдап Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. «Оған авторлар да, оқырмандар да түсіністікпен қарар, деген ойдамыз»

ҚАРТТЫҚ

Сексенге жасың келгенде,
Көңілің шіркін шерменде.
Шүкіршілік, бұл күнді,
Көрмеген де бар, көрген де.

Бұрынғыдай дәурен жоқ,
Тірлікпен, іспен әурең жоқ.
Жетпісің саған сағыныш,
Артыңда қалған сағым боп.

Еске алып өткен өмірін,
Құлазып кейде көңілің.
Бір тілек: ұрпақ, ұл - қызың.
Ақтаса елдің сенімін.

Талайды бастан кешкенбіз,
Қиындық көріп өскенбіз.
Маңдайтерді төккенбіз,
Ел үшін еңбек еткенбіз.


Табысқа талай кенелдік,
Тірлік көп айта берерлік.
Жапырып тастап жұмысты,
Алғысқа лайық бөлендік.

Жаман сөз арттан ерген жоқ,
Жамандық ешкім көрген жоқ.
Бәрі де болды тілектес,
Қаңқу сөз, өсек терген жоқ.

Кетсе де бойдан күш - қуат,
Көкдөнен көңіл - ұшқыр ат.
Сексеннен тілек арнаймын,
Болашақ жасқа бақ сұрап.

Жолмырза ДҮЗЕЛБАЕВ,
еңбек ардагері.

Байзақ ауданы.

АҚ ТІЛЕК – АРНАУ

Барлығың да қымбатсың маған, достарым,
Жүректен шыққан ақ тілектеріңді қоштадым.
Шын жүрегіммен тілектестігімді білдіріп,
Іске асуын тілеймін ішкі жоспардың.

Қиын сәттерде қасыңнан әркез табылар,
Кездеспей қалса, бір - бірін іздеп сағынар.
Қуанышты да, қиындықты да бөлісер,
Шын досы бардың маңдайға біткен бағы бар.

Шын достарымның тот баспасыншы жүрегін,
Оларға әркез тілектес болып жүремін.
Ақкөңіл, ашық, аңқылдақ менің достарым,
Аман болыңдар! Осындай менің тілегім.

Сендерге менің ақ батам болсын арнаған,
Мына өмірде армансыз, сірә, бар ма адам?
Куә болайын жақсылықтарыңа әрқашан,
Бақытты сәтке бастарыңа бақ орнаған.

Болыңдар бәрің бақ қонып, қыдыр дарыған,
Шаттық көңілмен жүріңдер әркез салып ән.
Достарым менің, тілеймін бәрің – бәріңе,
БақЫтты өмір жыр менен нұрға малынған.

Канал БЕРДЕНОВ,
Жамбыл облысының Құрметті ардагері.

ҚАЙДА ЖҮРСЕМ ЖҮРЕКТІҢ ТӨРІНДЕСІҢ

Лақ, Кемпір, тау секілді ең биік неткен,
Алтын күн нұр шуағын құйып көктен.
Көз салсам етегіңнен, көрінесің
Кеткендей бұрынғыдан биіктеп сен.

Лақ, Кемпір, тау секілді ең биік неткен,
Алланың нәсібісің үйіп - төккен.
Туған жер оттан ыстық перзенті үшін,
Арман не алауыңа күйіп кетсем.

Лақ, Кемпір, тау секілді ең биік неткен,
Сырымды тыңдамап ең ұйып көптен.
Шертейін күй кеудеңді күмбірлетіп,
Суарып нөсердейін құйып өткен.

Самалың жұпар иісті сүйіп беттен,
Лақ, Кемпір, көркем едің сұлу неткен.
Қайда жүрсем жүректің түбіндесің,
Жайым жоқ, сенен алыс, қиып кеткен.

Тұрады тұз – дәміңмен артып бағаң,
Теңеу жоқ, сендей мекен қайдан табам?
Қойныңнан қойтас құрлы тисе орын,
Бақытты менен асқан болмас адам.

Тұрғын НЫШАНБАЕВ,
еңбек ардагері.

Тараз.
Обсудить

Похожие материалы:

ардагерлер шығармашылығынан
27 сентябрь 2023, Среда
ардагерлер шығармашылығынан
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
14 июль 2022, Четверг
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
Айтамыз!
14 октябрь 2020, Среда
Айтамыз!
БІТІМІ БАР ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БОЛАДЫ
13 ноябрь 2023, Понедельник
БІТІМІ БАР ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БОЛАДЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры