ӨТЕ ОРЫНДЫ ПІКІР
«ДОМБЫРАДАН СӘН КЕТІП ТҰР, БАЙҚАСАҚ» «ҒҰМЫР – ДАРИЯ», 17 ТАМЫЗ, 2023 ЖЫЛ.
Үстіміздегі жылғы 17-ші тамыз күнгі облыстық «Ғұмыр - Дария» газетінің №15 санында Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Аташбек Әмірбекұлының «Домбырадан сән кетіп тұр, байқасақ» тақырыбында қазіргі қазақ қоғамындағы өте өзекті тақырыпты қозғаған мақаласы жарияланды.
Домбыра – атам заманнан қазақ халқының ұлт болып ұйысуынан бастау алатын, қазақ қоғамының бастан кешкен бар тарихын қос ішекпен жырлап, бүгінгі күнге жеткізген бірден-бір ұлттық өнер аспабы. Бүгінгі таңда домбыраның түрлі мәдени іс-шараларда сирек қолданылатыны рас. Онда да домбыра тарта алатын өнерпаз адам болса ғана.
Біздің ата-бабаларымыз ежелден исламның Ханафи мәзһабы бағытын ұстанып келген. Отбасы - ошақ қасында ұрпағын осы бағыттың тәлім-тәрбиесімен тәрбиелеген. Одан жаман болған жоқпыз. Ұрпақ жастайынан жаман әдеттерден аулақ болып, «үлкенге құрмет, кішіге ізетті» болып өсті.
Автор мақаласында «Қазіргі жастарға имандылық жағы жетіспейді. Біздің ең үлкен қателігіміз – діннен алыстағанымыз » деп өте орынды айтады. «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген. Күнде теледидардан, әлеуметтік желілерден, басылымдардан естіп, біліп, оқып жатамыз, қоғам мүлкін талан-таражға салу, иеленіп шетелге қашып кету, жекенің мүлкіне қол сұғушылық сияқты келеңсіздіктерді. Бұларды Құдайдан қорықпағандардың ісі деп білеміз. Құдайдан қорықса мұндай тірліктерге бармас еді ғой. Бір әулет өмірден өткен ата-аналарына құран бағыштап, ас таратып жатады. Осындай дастархан басында дауыс көтеріп, әркіл-тәркіл сөйлеп отыратындарға не деуге болады, ағайын ?!
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні жастар арасында жүйелі сөз сөйлейтін, сөз қадірін ұғатын, үлкеннің алдын кесіп өтпейтін, үлкенге құрметпен қарайтын жастар азайып бара ма деген күдік басым. Ата-аналар, өзіміз тәрбиелі болайық. Жастарға дұрыс үлгі көрсетейік.

Айтмаханбет ТЫШҚАНБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.
Байзақ ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)