Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БЕРЕКЕЛІ БЕЛЕСТЕР

БЕРЕКЕЛІ БЕЛЕСТЕР

06 сентябрь 2023, Среда
69
0
Тәуелсіздік жылдарында қазақтың небір марғасқа жігіттері мен қайсар қыздары билік баспалдақтарында бағы жанып, мерейі өсіп, туған халқына мінсіз қызмет етудің ерен үлгісін көрсетті. Білікті, білгір, білімді, еңбекқор басшы қызметкерлердің жұлдызды шоғыры қалыптасты. Олардың бойларына аңсап жеткен, ардақ тұтар тәуелсіздігіміз күш-қуат берді, жүректеріне жалындаған от берді.
Сол бір жұлдызды шоғырдың арасынан Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовке айрықша тоқталар едім. Әрине, оның өзіндік жөні де бар. Ол туралы кейінірек...

Бақтықожа Салахатдинұлы Қазақстан Респуб-ликасының Тәуелсіздігін Қазақстан Республикасы гоелогия және жер қойнауын қорғау министрлігінде мұнай және газ басқармасының бастығы болып қызмет атқарып жүргенінде қарсы алды. Оған дейін мұнайлы өлкеде туып өскен, Ресейдің Омбы қаласындағы мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген ол «Ембімұнайгаз» бірлестігінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, Қазақ геологиялық барлау ғылыми зерттеу мұнай институтында аға инженер, "Қазмұнайгазбарлау" басқармасында отряд басшысы, ғылыми - зерттеу институтында зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары және басқа да ғылыми - өндірістік лауазымдарда қызмет атқарып үлгерген талантты да талабы мықты жігіт тәуелсіз мемлекеттің кез келген жауапты тапсырмаларын орындауға дайын еді. Шындығында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында әрі - сәрі күй кешкен елімізге дәл осындай мықты кадрлар керек болатын.
Бақтықожа Ізмұхамбетов алғашында «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорынның бас директор болып тағайындалды да, одан кейін «Казмұнайгаз» ұлттық компаниясында әртүрлі жауапты өндірістік қызметтерге жіберілді.
Ал, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасары болып бекітілді. Республиканың мұнай - газ өнеркәсібі саласының сынынан өткен білікті маманы ретінде оған 2006 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі лауазымы сеніп тапсырылды.  
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің мұнай газ саласын дамытуға, жаңа заман талаптарына сай қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосқан қайраткер азаматты ел басшылығы басқа қырынан сынап көруді мақсат ете отырып, оны 1907 жылы Батыс Қазақстан облысының әкім лауазымына тағайындады. Бұл қызметті Бақтықожа Салахатдинұлы үлкен жауап-кершілікпен және табысты атқарды деп айтуға толық негіз бар. Табаны күректей 5 жыл батыс өңірін ұршықша үйіріп басқарған ол, келесі кезекте 1912 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымының депутаты болып сайланып, сол жылы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасарлығына ұсынылды. Іскер басшының аймақтарды дамытудағы айрықша қабылеті ескеріліп, осы жылдың тамызында ол Атырау облысының әкімі қызметіне жіберілді. 
Жалпы әріптесіміздің өмір жолына қарап отырсақ, мемлекет басшысы бұл азаматқа көбірек сеніп артқандығын байқаймыз. Сондықтан да болар 2016 жылы ол кісі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланады.
2015 жылдың аяғына салым мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайландым. Әрине, ақсақалдық жасқа бет алып, көп жылғы еңбектің зейнетін көріп жүрген кісіге қайтадан қоғамдық - саяси өмірге араласу оңай болған жоқ. Дегенмен, өзімнен жасы үлкен ағалармен, қатарластармен бірге қызығы мен қиындығы мол әрі жауапкершілігі зор қоғамдық қызметті үлкен қанағат сезіммен атқаруға тура келді. 2016 жылы қаңтарда облыс ардагерлерінің кезекті есепті сайлау конференциясында мені делегаттар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы етіп қайта сайлады. Бұның бәрін неге айтып отырмын. Сол жылдың тамызында Бақтықожа Салахатдинұлы «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бір жағы Парламент Мәжілісінің депутаты. Сөйтіп қазақтың қабырғалы қайраткер ұлымен, үлкен жүректі, кең көлемде ойлай білетін, мемлекетшіл, патриот, ақынжанды асыл азамтпен таныстық-білістікте болудың және бірлесе қызмет атқарудың сәті түсті.
Содан бері де талай уақыт зымырап өте шығыпты. Ардагерлер қозғалысының ол кісі республикалық буынында, біздер аймақтық деңгейде қоғамдық қызметіміздің көрігін қыздырып, аға буын өкілдерімен қоян - қолтық араласып, қызмет етіп жатқан жағдаймыз бар. Бұрындары тек сырттай білетін текті азаматтың ақыл - кеңесін жиі тыңдап отыратын болдық. Жиын - басқосуларда әңгімесіне құлақ түреміз. Асып - тасымайтын бекзат болмысына қызыға қараймыз. Артық айтқандыққа санамаңыздар, кей сәттерде ойлап жүрем, «Шіркін - ай, қазақтың бір азаматы осындай - ақ болар» деп. Шыным сол. 
2022 жылы, коронавирус деген аты жаман індеттен арқамыз сәл босағаннан кейін осы Бақтықожа Салахатдинұлының бастамасымен біздің Тараз қаласында республиканың барлық облыстық, республикалық деңгейдегі қалалық ардагерлер кеңестері төрағаларының қатысуымен алқалы басқосу- аймақтық семинар өткізілетін болып шешім қабылданды. Әрине, қазақта «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен кейін үй иесі ұялады» деген қағидатты сөз бар,осыншама әлеуетті қонақтарды күтіп алу бізге де оңай болған жоқ. Сол жылы облыс әкімі болып тағайындалған Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовтің де үлкен қолдау - көмегінің болғандығын айтуға тиістімін. Бақтықожа Салахатдинұлының ақыл - кеңесінің де көп ықпалы болды. Аймақтық семинар жоғары деңгейде өтті. Орталық кеңестің төрағасы өзінің жылы лебізін, жоғары бағасын айтып кетті. Жақсы сөзді кім жек көреді, облысттық ардагерлер кеңесінің басшылығы, мүшелері, Тараз қалалық, барлық аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары бір көтеріліп, серпіліп қалдық. Қоғамдық қызметімізде жаңа леп пайда болды. Біздің аздаған тіршілігімізге жоғары бағасын берген Бақтықожа Салахатдинұлына біздің ризашылығымыз шексіз.
Амандық болса, күні ертең қазақтың қайраткер ұлы, біздің ұлағаатты жетекшіміз Бақтықожа Ізмұхамбетов 75 жасқа толады екен. Жетпіс бес дегеніңіз, қайрат - қажыры, ақыл - парасаты толысқан кемеңгерлік жас. Бәкеңнің қайраткерлігімен қоса, соңғы жылдары талантты ақындық қырын да танып біліп жатырмыз. Жақында ол кісінің алтыншы «Көңіл толқуы» жыр-жинағын қолымызға алдық. Бір деммен оқып шықтық. Әдебиетші емеспіз, қарапайым оқырманбыз ғой. Әсеріміз мол болды. Бұл енді ақынның шеберлігі болар. 
Ғұмыр бергін, әлі де жазарым көп, 
Жыр сарайдан орнымды барам іздеп.
Тыншымайды бір сәтте асау жүрек,
Шумақтарды мен күткен табамын деп.

Табамын деп, келемін күтіп алдан,
Қалғандай болып кейде жарты қадам.
Тұрады елестей боп көрінбейтін,
Жаныма жақын келіп бір сыр маған.

Бір сыр маған жақын жүр, ұқсам дағы,
Жетпей жүр шабытымның бір самғауы.
Тауып бір күн, жеткізем бәріңізге,
Ашылғанда, жаңа бір сыр сандығы, – 
деп жырлайды қайраткер ақын. Біздің айтарымыз, өзіңіз жырлағандай жыр сандығыңыздың қақпағы жабылмасын, туған Қазақстанымыз үшін еткен қажырлы еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз, Сіздей «сегіз қырлы, бір сырлы» арлы азамат жетекшілік етіп отырған ардагерлер қозғалысының қызметі жемісті болсын, жеңісті болсын.  Ғұмырлы болыңыз!

Еркінбек СОЛТЫБАЕВ,
Жамбыл облыстық ардагерлер
кеңесінің төрағасы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры