Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ОНОМАСТИКАДА ОЙЛАНАТЫН ЖАЙЛАР БАР

ОНОМАСТИКАДА ОЙЛАНАТЫН ЖАЙЛАР БАР

08 август 2023, Вторник
102
1
Жуырда бір інім «Тараз қаласының теміржолдан арғы бөлігіндегі бір көшеге Шәмші Қалдаяқовтың аты беріліпті» деді сүйінші сұрағандай. Мен оған таңданыспен жауап бердім:
– Сонда Таразда Шәмшіге көше аты енді ғана берілген бе? Баяғыда - ақ берілуі керек еді ғой. Бұл сүйінші сұрайтындай емес, ұлтын сүйетін, ұлтының өнерін қадірлейтін  қазақ ұялатындай жаңалық екен, - дедім мен қапелімде не айтарымды білмей.
Інім Тараз қаласында «Қазақ вальісінің падишахы» атанған Шәмші Қалдаяқовқа көше атының кеш берілгеніне өзі кінәлідей кібіртіктеп қалды. Мен інімді бекер кінәлағанымды бірден түсіне қойдым да:
– Қай көшенің атын беріпті? – деп сұрадым.
– Богдан Хмельницкий атындағы көшенің, - деді ол мүдісместен
Мен ойланып қалдым. Тәуелсіздігіміз қолға тигелі бері жер - су атауларын қазақша тарихи қалпына келтіруде әжептеуір жұмыстар жүргізіліп жатқаны рас. Қалалар мен елді мекендердегі көшелерге де тарихи тұлғалардың аттары беріліп жатыр. Бұған «шүкіршілік» десек те, Таразда Шәмшіге көше атының кештеу берілгеніне ренжігеніміз рас. 
Себебі, атақты сазгер өмірінің саналы бөлігі Тараздың төңірегінде өткені баршаға мәлім. Оның «Фосфорлы Жамбыл», «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы» әндері Әулиеата өңірінде дүниеге келген.
Тәуелсіздік тізгіні қолға тиісімен, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары шамасында, Таразда республикалық деңгейде Шәмші Қалдаяқов атындағы байқау өткізілгені ел есінде. Бірақ, көп ұзамай бұл игілікті шараның тоқтап қалғаны өте өкінішті болды. Оны айтамыз – ау, Мемлекеттік Әнұранның авторы ғой Шәмші Қалдаяқов. Осы жөнінен – ақ құрметтелетін реті бар. Менің сәл реніш білдіргенім содан. Бірақ, шын жүректен қуанғаным да рас. 
Қазақтың қамын жеген, келешегін ойлаған, тіпті, сол жолда теперіш көрген таутұлғаларының есімдері мәңгілікке есте қалдырылғаны жөн. Ол келешек үшін керек. Жас ұрпақ бойында отаншылық, ұлтжандылық рух қалыптастыру үшін керек. Өйткені, болашақты жасайтын солар ғой, болашақ солардың қолында.
Әлгі әңгімешіл інім қаланың сол төңірегіндегі бір көшеге Қожаберген жыраудың аты берілгені туралы да айтып қалды. Шыны керек, білмейді екенмін. Сөйтсем, ол кісі жоңғар – қалмақ шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» елдің зарын жеткізген «Елім - ай» толғауының авторы екен.
Інім ән туралы әңгіме айтқаннан кейін ғана ондай тұлғаның ақындығы, әншілігі, батырлығы туралы естігенім есіме түсе бастады. Сексенді алқымдаған менің өзім әзер есіме түсіргенде, Қожаберген жырау туралы жастардан бірдеңе сұраудың өзі ұят. Оларды еш кінәлауға болмайды да. Сонда қалай етпек керек? 
Бұл жердегі кінә жергілікті ономастикалық комиссияда деп есептеймін. Сөз жоқ, мұндай шешім ономастикалық комиссияның ұйғаруымен қабылданады. Тіпті, көше тұрғындарымен келісіліп, мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылады. Міне, осы тұста сол комиссияның атынан немесе қалалық әкімдіктің тиісті бөлімдері тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама сипатында болса да мақалалар жариялануы керек еді. Онда көшеге аты беріліп отырған тұлға туралы, оның қоғамға сіңірген еңбегі жайлы жан – жақты, кеңінен айтылғаны дұрыс. Әйтпесе, көше атын өзгертуге қарсылық білдірген тұрғындарды кінәлау қисынсыз. Олар өздері тұратын көшенің кімнің атымен аталатыны, ол қандай қайраткер болғаны туралы білуі керек қой. 
Міне, осы тұрғыдан қаламызда аттары көшелерге берілген тұлғалар туралы кең көлемде мағлұмат берілгені дұрыс. Жалпы қала билігі жергілікті тарихи тұлғалардың тізімін тұрғындардың кең талқылауымен зерделеп, көпке жария етіп, бекітіп қойса жөн болар еді.


Пернебек ҚОЙШЫҒАРАҰЛЫ,
еңбек ардагері.
Тараз қаласы.
Обсудить
Блок в статье:
ІСТІҢ АДАМЫ 25 октябрь 2024, Пятница
Әке аманаты 25 октябрь 2024, Пятница

Похожие материалы:

ЖЕТПІС ПАЙЫЗҒА ЖЕТІППІЗ
06 апрель 2023, Четверг
ЖЕТПІС ПАЙЫЗҒА ЖЕТІППІЗ
Біздің белсенділеріміз
30 май 2022, Понедельник
Біздің белсенділеріміз
ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ
11 август 2022, Четверг
ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ
ТАРАЗ – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ
08 июнь 2023, Четверг
ТАРАЗ – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Zenaida
Zenaida Гости 23 октября 2024 11:52
Replica Sneakers ye268 Replica Sneakers for Men,Replica Sneaker pb940
Сотрудники
Партнеры