Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Ұлытауда, Бұлантыда болғанда...

Ұлытауда, Бұлантыда болғанда...

14 июль 2023, Пятница
107
0
Үстіміздегі жылы маусым айының аптап ыстығына қарамастан "Ұлытау қайдасың?" деп жолға шықтық. Бұл сапарды ұйымдастырушы облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, ішкі істер қызметінің ардагері, отставкадағы полковник Болат Құлекеев пен белсенді азамат Шаймерден Қожахметов болатын. Сапарға бізбен бірге Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан, Қызылордадан барлығы 40 шақты кісі бірге шықтық. Қызылордадан екі «Спринтер» көлігімен Ұлытауды бетке алдық.  Сапарымыздың мақсаты- Ұлытаудағы Бұланты кешеніне Қазақ халқының азаттығы үшін күрескен ұлы жүз ошақтының Тасжүрек атасынан шыққан батыр Саңырық бабамыздың ескерткіш құлпытасын орнатып қайту.
Бұлантыда 1726 жылы Жоңғар басқыншыларына қарсы жойқын тойтарыс берген қазақ батырларына арналған мемориолдық кешен ашылып, мемлекет қорғауына алынған екен.  Бұланты – Бөленті өзенінің сағасында Ошақты Саңырық батыр нағашысы кіші жүз Мәтіұлы Тайлақ батырмен тізе қосып жоңғарларға алғашқы болып соққы беріп, теңдессіз жеңіске жеткенін біз тарихтан жақсы білеміз. Бұл жеңіс жайлы Қожаберген жыраудың жырында, І.Есенберлин, Ә.Әлімжановтың, және жерлес қаламгер С. Әбсадықұлының тарихи кітаптарында атап көрсетілген. Осы тарихи орын Бұланты кешені келешек үшін тәрбиелік, рухани мәнге ие болары даусыз.  Ұшқан құс, жүгірген аң жетпейтін байтақ кең даланы батыр бабаларымыз аттың жалында жүріп, найзаның ұшымен қорғап, ұрпақтарына мұра етіп қалдырды емес пе?! Жолай кездескендерге Саңырық батырдың нағашысы кіші жүз  Мәтіұлы Тайлақ пен ұлы жүз ошақты Саңырық батыр жайлы білгенімізді айттық. Тайлақ батырдың кіші жүздің Жеті руынан екендігі сөз болды. Қалай болғанда да ол заманда ата жаумен айқасарда батырларымыз қазақтың бірлігін ту еткен . Саңырық бабамыздың сүйегі қасиетті Түркістан өңірінде жатыр. Кесенесі Үшарал ауылында. Бабаның атымен Қаратау қаласындағы үлкен көшенің бірі аталады. Созақ ауданындағы Қарабура кесенесінде Саңырық батырдың есімі атақты батырлармен бірге тасқа ойылып жазылған. Сол жерде отырғандардың бірі ауылдағы Саңырық батыр кесенесінің тозып  бара жатқанын айтып қалды.
Сапарымыз Тараз – Шымкент – Түркістан – Қызылорда– Жезқазған – Сәтбаев –  Жезді – Қарсақбай қалаларын басып өтіп Бұлантыға, қалмақ қырылған «Қара сүйір» деген жерді бетке алып жүріп кеттік. Бұланты кешеніне жетіп, ұрпақтардың парызы мен міндетін орындап ұлы батыр бабамыз Саңырыққа ескерткіш құлпытасты орнатып, құран бағыштадық. Ескерткішті жасау мен орнатуға сәулетші Шағи Бәден бауырымыздың көмегі зор болды. Бүкіл қазақ батырлары бірігіп азаттыққа қол жеткізді. Кіші жүз, Орта жүз ағайындар бүкіл батырларына ескерткіш қойып үлгеріпті. Мұнан бөлек Қойгелді, Хангелді, Ескелді, Райымбек, Сеңкібай, Ақтамберді батырлар өз кезегін ұрпақтарына аманат етіп күтіп жатыр.
Жолбасшымыз Болат Күлекеев:
– Ұлытауға күнде келе бермейміз, асықпай барам, көрем деген жерлеріңізді айтыңдар, бұл мүмкіндікті пайдаланып қалыңдар, -деді. Көпшіліктің сұранысымен Қазақ мемлекеттігінің бастауында тұрған Жошы хан кесенесіне бардық. Сол төңіректе Алаша хан жатыр. Тарихшылар оны Шыңғыс ханның жатқан жері деп те айтады. Несін айтасыз, осы сапарымыз көңілімізден шықты. Үлкен әсермен қайттық.  Бостандықтан Жаңабай Есімов, Өткірбек Әбдіров және мен Ұлытау сапарынан жоғары көңіл күйде оралдық. Алған әсеріміз мол болды. 


Рәт АЙҒАРАЕВ,
еңбек ардагерлері

Талас ауданы 
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Естелік
05 май 2021, Среда
Естелік
ЖЕТПІС ПАЙЫЗҒА ЖЕТІППІЗ
06 апрель 2023, Четверг
ЖЕТПІС ПАЙЫЗҒА ЖЕТІППІЗ
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
28 июль 2022, Четверг
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
14 июль 2023, Пятница
БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры