Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҒИБРАТЫ МОЛ "ҒҰМЫР-ДАРИЯ"

ҒИБРАТЫ МОЛ "ҒҰМЫР-ДАРИЯ"

26 май 2023, Пятница
153
0
Бірде бір замандасым: 
— Тұрсеке, сенің бір досың кітап жазыпты. Қалыңдығы бір-ақ елі екен,-деді. Мен оған сол кітапты оқыған-оқымағанын сұрадым.Ол оқығандығын айтты. Мен оған дұрыстап оқуын, мағынасына мән беріп, түсініп-зерделеп оқу керектігін, кітапты аумағына қарап емес, салмағына қарап бағалаған дұрыс екендігін ескерттім. Бұны не үшін айтып отырмын. Расы керек бүгінде не көп, газет көп. Көңілдеріне келмесін, бәрін бірдей аламыз, оқимыз деп айта алмаймын. Өйткені бірінде жарияланған елеулі жаңалық, айнымай көшіріліп басқаларында басылады. Содан кейін олардың құны төмендейді, басылымдарға елдің жазылғысы келмейді. Жалпы мен сыни көзқарастағы адаммын. Бүгінгі қоғамдағы көптеген кемшілік, келеңсіздіктерді жазып та, айтып та жүрмін. Ал, енді негізгі әңгімеме көшейін.
АҚЫЛ ҚОСАР АҚЫЛМАНЫМ, СЕНІМДІ СЕРІГІМ
Биыл «Ғұмыр – Дарияның» шыға бастағанына 10 жыл толып отыр. Менің де осы газетті жаздырып алып оқып келе жатқаныма осынша жылдың жүзі болыпты. Сырлас серігім. Арагідік өзім де мақала жазып, ойымды ортаға салып, білгенімді бөлісемін. Бұл басылым – «Әр қарияға» ғана емес, әр азаматқа қажетті құнды жәдігер. 
Мен айына екі мәрте келетін газетімнің әуелгі бетіндегі «Адырна» айдарына қараймын. Ой қазынасына көз салып, ондағы қазақ, өзге де дана-данышпандардың рухани азық боларлық сөздеріне ой тастаймын. Бұл айдарда тек қазақтың ғана емес, түбі түркі тілдес халықтардың Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Йүгінеки, С.Сарайи, Құтып, Қорқыт және әр ғасырдағы өз жер, өз елімізде өмір сүрген ғұлама-шайырларымыздың пәлсапалық  құнды толғаулары беріліп отырады. 
Сондай-ақ, өзімізге мағлұматы жақын XIX , XX ғасыр басындағы алаш арыстары Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов, М.Дулатов,     М.Жұмабаев т.б. ұлт қамындағы күрес-керлерді осы басылым арқылы жан-жақты, терең таныдым. Олардың қазақ елі, оның алғашқы құрылымда ел болып сақталып, қалыптасып, дамуына ең қажетті 5 ұстанымды қай кезде де мәнін жоғалтпайтын құнды діңгек ретінде әр қазақ білуі керектігін түсіндім. Тіпті алдағы уақытта Алаш арыстары атап кеткен Алаш Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымын әр тоқсан сайын жариялап басып тұрса артық болмас еді... Бұл ұстаным бүгін де өте өзекті боп тұрғаны әмбеге аян. Алаштықтардың бес ұстанымы:
– Алаш ұлттық – демократиялық мемлекет болуы тиіс! Ол үшін ең алдымен «Жер және жер» болуы керек, жерсіз отан жоқ!  
– Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуге тиіс!
– Қазақ жерінде өндірілген  бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек! Мемлекет толықтай экономикалық тәуекелсіздікке қол жеткізуге тиіс!
– Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек! 
– Ғылымға, оның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге, заңға негізделген қоғам құрылуы керек. 
– Алаштықтардың бұл ұстанымы егемен еліміз үшін елеулі Елтұғыры болу керек! 
Осы қағидаттарды бүгінгі күннің талаптарына орайластырып «Ғұмыр-Дария» беріп отырса, басылымымыздың бағасы сөз жоқ бұдан бетер шарықтай түсер еді. 
Ұлтымыздың ойы, қазақ дүниетанымының айнасы, кемеңгер ұлы Абай жөніндегі мазмұнды мағлұматты әркім өз жүрегімен сезінетін, ой қазынасына қаттап жүрерліктей деректерді де осы «Ғұмыр- Дариядан» дарыттым. 
Абай афоризмдері қашан да ұрпаққа ұлағат: 
– Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. 
– Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.
– Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.  
– Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.  
– Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар:
Бірінші – көкірегі байлаулы беріктік, екінші – ғибратлану,тұшынып, ынтамен ұғу, үшінші – бірнеше қайтара ойланып, көңілге бекіту, төртінші – ойдың кеселді нәрселерден қашық болуы керек.
«Ғұмыр-Дария» газетінің «Апта афоризімі» айдары туралы айтсам, мәселен: Қазақстан Республикасының  Прези-денті Қасым – Жомарт Тоқаев ұлы Абай хақында мынадай ой тастайды: «...Ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы, қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз. Ең алдымен, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек... 
Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы, торқалы тойдың тағлымы». 
«Апта афоризмінде» газет шыққан аптаның ең өзекті, өткір ойлары беріліп жүр. Кейбірін тіпті айызың қанып оқисың.
«Ғұмыр-Дарияда» қоғам белсен-ділері, қазыналы қарттардың хаттарына көп орын берілген. Онда дейсіз, біздің қарттарымыз күнделікті өмірімізде қол байлау болып жүрген түйіткілдерді, кемшілік-кедергілерді жазады.
«Қоғам», «Шын.Дық», «Салауатты өмір», «Тарих-тағлым», «Қарттар жазған хаттар» т.б. айдарлар бойынша қалам тартып жүрген қоғам белсенділері мен қарттардың жазғандарынан көп, құнды мәліметтер аламын. Көп нәрсені көкейіме түйіп, көңілім көтеріліп, жалпы жұрттың арасында жүргендей күй кешіп, пәрім ашылып қалады.Әсіресе, кәсіп-мамандығы басқа бола тұра (медицина ғылымының докторы, професор) газет бетіне тұшымды мақала беріп тұратын Сағындық Ордабековті, қаламгер журналистер– Болат Жапаровты, Есет Досалы, Бақытжан Әліқұлов, Үміт Битенова, Ақтоты Жаңабай, саятшы – құсбегі Жапар Сатылғанов т. б. көптеген газет жанашырларын, жадымнан жайлы орын алғандар деп сеніммен айта аламын.
ЦЕНЗУРА – ШІДЕР, ТҰСАУ
Несін жасырайын, кейде жәреуке, мадақ – марапатты, жалғандықты жазғанды жақсы көретін басылымдар пәленбай қағазды қор қылып, отыз жыл опасыз дүниені дәріптеумен келді. Жазбайын десе күнкөрісі – кәсібі, наны. Жазайын десе,шектеу-цензура жібермейді. Бірақ «баспасөз, ақпараттық еркіндік бар, цензура жоқ» дейді. «Жаңа Қазақстан жасаймыз, билік пен қоғам арасын жақындатамыз, әділеттілігі бар ел боламыз» дейді. 
Кейде іштегі лепімді шығармаққа шідерді лақтырып, еркін көсіліп жосимын, цензураны біле тұра. Бірақ алдымдағы тосқауыл – директор, редакторлар «қайда барасың?» деп тосып тұрады. Иә, олардың да жайын түсінесің. Содан соң жұмсартып қайта жазасың. Қайсыбір газет содан соң барып басады. Ал кейбірі сол жұмсартып жазып, шығарған мақаланы көрсетсең де басудан бас тартады, тым сақтық танытып. Сірә, сондықтан да болар, кейбір газеттердің ғұмырының ұзақ болмауы, жүз жасамауы... Бірақ  «Ғұмыр – Дария» цензура – шідерде болғанымен, үлгі-өнегесі,ғибраты мол басылым ғой, газет ғұмырлы болсын. Оның басиесі, директор-бас редакторына, редакция ұжымына жақсылық тілеймін. Газетке қолдау көрсетіп отырған облыстық ардагерлер кеңесінің қызметіне Алла абырой берсін. Ғибраты мол «Ғұмыр – Дария» ағысынан жаңылмай жасай берсін!

Тұрсынтай ҚАЛДАРБЕКОВ, қоғам белсендісі,
еңбек ардагері.
Мойынқұм ауданы.  


Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
28 июль 2022, Четверг
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
Жазылым – 2020
27 май 2020, Среда
Жазылым – 2020
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
14 июль 2022, Четверг
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
ТАНЫМ
24 январь 2022, Понедельник
ТАНЫМ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры