ӨНЕРДЕ ДЕ, ӨМІРДЕ ДЕ ЖОЛЫМ БОЛҒАн АДАММЫН
Тілші: - Алтынбек аға, Әулиеатаның алыс ауылында туған балаға осындай үлкен өнерге келу де үлкен бір белес болған шығар?
Алтынбек Қоразбаев: – «Көрген сайын көңіл кірі аршылар, әркімнің-ақ туған жері бар шығар, Бірақ маған сенсіз әлем тар шығар»-деп, ақын Әбдірахман Асылбеков ағамыз айтпақшы, менің кіндік қаным Меркі ауданы, Қызылсай деген кішкентай ғана қазақи ауылда кесілді. Сол жерде бұдан 78 жыл бұрын дүниеге келгенмін. Қарапайым малшы отбасында өстім. 15 жасымда ауыл мектебін бітіріп, осы Тараз қаласына келдім. Мұнда ол кезде мәдени-ағарту училищесі болатын, ол жерден біраз өнер майталмандары тәрбиеленіп шықты. Мен оқуға түскен 1963 жылы атақты әнші Амангелді Сембин төртінші курста оқиды екен. Мен ауылдан шөлдеп, аңсап келген соң 4 жыл ынтамен оқып бітірдім. Сол училищенің директоры Шора Темірұлы деген үлкен азамат болатын. Мен қызыл дипломмен бітіргеннен кейін, әрі қарай оқуға сол кездегі Ленинградқа баруға жиналдым. Сонда ол кісі мені өзіне шақырып алып:
– Бері кел әй Сары бала (мені солай атайтын) Ленинградқа барып, балалайка тартайын деп пе едің?! Мынау Алматыдағы өзіміздің Құрманғазы атындағы консеваторияға барасың, - деп, маған жаңаша бағыт беріп, өзі қолымен жетектеп, Мәкәлім Қойшыбаев деген ағамыз қабылдау комиссиясының төрағасы, әрі екеуі дос екен, қабылдау мерзімі бітіп кеткен болса да сол жерге оқуға құжаттарымды қабылдатып еді. Ауылдан келген баламыз, орыс тіліне шорқақпын. Бірінші домбыра пәнінен 5 алдым. Ырғақ және есту қабілетінен 5 алдым. Орыс тілінен 2 алып қалдым. Онымен оқуға түсу мүмкін емес. Шора ағамыз телефон соққан болу керек, тағы Мәкәлім Қойшыбаев ағамыз Татьяна Васильевна деген мұғалімге орыс тілінен емтиханымды дұрыстатып, сол оқуға түсіп кеттім. Сол жерде 6 жыл оқып, құдайға шүкір, менімен қатарлас оқыған азаматтар Шекер Ахметжанов, Қаршыға Ахмедияровтар маған ағалық жол көрсетті. Консерваторияда оқып жүргенде, бұрын домбырадан сабақ берген Әбілахат Төлешов деген ағамыз болған, сол кісінің арқасында мен домбыраны жақсы меңгердім. Тіпті консеваториядағы Алдаберген Мырзабеков деген ағам оркестр дайындап, Алматыдағы байқауға алып барды. Сонда мен екінші дирижер болдым, бірінші Садыхан Әубәкіров деген ағамыз болды. Онда мен небәрі 19 жастамын. Сол оркестрлер байқауында біз бірінші орынды жеңіп алдық. Ол кезде Алдаберген Мырзабеков ағамыз Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, 1969 жылы мені сол оркестрге жұмысқа алды. Содан төрт жыл бойы сол оркестрде домбырашы болып жұмыс істедім. Сол жылдары аттары алысқа кеткен Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Рашид Абдуллин сынды өнер тарландарымен қатар жүрдік.
Тілші: – Жасыратыны жоқ, жастар жағы үлкен қалаға бір бас сұқса ауылға қайтқысы келмей қалады. Сіз осындай үлкен қаладан, беделді ұжымнан бас тартып, Таразға қайтуыңызға не себеп болды?
Алтынбек Қоразбаев:
– Консеваторияны бітіргеннен кейін Шамғон Қажығалиев деген ағамыз менен сұрады:
– Әй Сары бала, сен осы Құрманғазы оркестрінде қаласың ғой, 2-3 жылда осы Алматыдан үй береміз, - деп, қалуға үгіттеді.
Мен айтқанымнан қайтпадым. «Туған жерге туыңды тік» демекші Жамбылға қайттым (ол кезде Тараз Жамбыл еді ғой). Тағы да Шора Темірұлы ағам қуана қарсы алды, сол өзім оқыған училищеге мұгалім болып орналастым. Бір жылдай жұмыс істедім. Сол кезде «Алатау» ансамблі екінші бағдарламасын жасап жатқан. Елдос Усин деген азамат, би бойынша Дәурен Әбіров деген мықты хореограф Алматыдан, Кәукен Кенжетаев ағаларымыз келіп, жаңа бағдарлама құрды. Ол кісілер менің консерватория бітіргенімді, домбыра тартатынымды, ән айтатынымды байқап қалды. Бірде Бибатырова Ғайникен әпкеміз облкомның хатшысы мені шақыртып алды. Партияға мүше емеспін, 25 жастағы жас маманмын, не болды екен деген оймен жүрексіне кабинетіне кірдім. Бибатырова жылы шыраймен қарсы алып:
– Алтынбек, сенің бойыңдағы қабілетті біздің жігіттер байқап қалыпты, «Алатау» ансамбліне қатысып жүр екенсің, енді соған директор боласың – деді.
– Мен бола алмаймын, балаларды оқытып жатырмын, дирижерлігім де бар – деп, азар да безер болдым.
– Сенің өзі қанша балаң бар, қайда тұрып жатырсың – деді, менің сөзімді тыңдаған да жоқ.
– Үйленгенмін, екі балам бар, кішкентайым 3 айлық,-дедім.
– Сен директор болсаң, қаладан екі бөлмелі үй береміз,– дегеніне де қарамастан түрлі сылтау айтып, кетіп қалдым.
Ол кезде жалдамалы үйде тұрамын. Қайыненем Ділдә деген кісі өте көсем кісі еді. Сол кісіге болған жәйтті айтқанымда:
– Бекер жасапсың, обком деген ойыншық емес қой, директор бол десе, сенен бірдеңе байқаған ғой, ертең өзің барып келісіміңді бер,- деді.
Ертеңіне обкомның инструкторы Әлиева Тынышбала деген кісі тағы шақыртты. Мен барғаннан ол кісі мені ертіп Бибатыроваға қайта алып барды. Ол кісі бірден суырмасынан бір кілтті қолыма ұстатты. Ол Тараз қаласындағы сол кездегі Киров көшесінің (қазіргі Асанбай Асқаров көшесі) аяқ жағында мәдениет саласы қызметкерлеріне арнайы салынған көп қабатты үйдегі екі бөлмелі пәтердің кілті екен. Осылай 1974 жылы «Алатау» ансамблінің директоры болдым. Бірден жаңа бағдарламаға кірісіп кеттік. Әбдімомын Желдібаев ағамыздың «Ерке сылқым» күйін жаңадан үйретіп жатқан кез. Музыкалық сауатым бар, нота танимын, күйді бірден үйреніп алдым да, ансамблдің мүшелеріне үйрете бастадым. Ансамблдің ән жағын жақсы бақылауға алдым, биден хабарым жоқ, оны бишілер өздері үйреніп, дамытып жүрді. Көп ұзамай өз бастамаммен «Жамбылдың әнші триосы» деген атпен трио құрдым. Оның ішінде Алтынбек Бекмұратов, Мұхтар Рахманқұлов бар, мен үшеуміз алғаш халық әні «Желбір жекен» әнін Алматыда Құдайберген Сұлтанбаев пен Лидия Кәденова жүргізетін «Алтыбақан» бағдарламасында орындап, елге жарқ етіп танылдық. Сол жылдары алғашқы үш әнім шықты олар – «Әгугай домбыра», одан кейін «Сырғалым» әні. «Сырғалым» әні туралы ой Қызылордада туып, осы Таразда жазылды. Оның сөзін Жақсылық Сәтібеков ағамызға жаздырдым. Ары қалай менің жұлдызды әндерім дүниеге келе бастады.
Тілші: – «Сағындым Кенен атамды» әніңіз бір сәттегі толғаныстан туған ән дейді. Әннің шығу тарихын айтып берсеңіз.
Алтынбек Қоразбаев: – Е, одан бұрынырақта Кенен атаның 90 жылдық тойына «Жүз жасаңыз Кенен ата» деген әннің сөзін де, әнін де өзім жазып, Кенен атаның тірі кезінде өзіне орындап бердім. Ол кісі маған риза болып батасын берді. Сонымен уақыт өтіп жатты. 1976 жылы Кенен ата қайтыс болды. Жаназасына осы мәдениеттің жолында жүрген біраз адам барды, сол кезде Нұрғиса Тілендиевпен таныстым. Ол кезде әлі «Алатаудың» жетекшісімін. Нұрекеңе сол «Жүз жасаңыз Кенен ата» деген әнімді айтып беріп едім, ол кісі өте жақсы қабылдап, «Әй Сары бала, мен қалай көрмей жүргенмін сені» деп, қолыма визиткасын ұсынды да «сен мені тауып ал Алматыдан, сен маған керексің!» деді. Сонымен Кенен атаның жаназасы боларда күннің өңі бұзылып, борасындау болып тұрған. Атаны көтеріп кетіп бара жатырмыз, Нұрғиса аға мені қолтықтап алған. Ол кезде Кеңес өкіметінің кезі, қайтыс болған адамның бетін ашық алып баратын қабірге. Көзім түсіп кетті, Кенен атаның сақалы желге желбіреп барады екен. Оны көрген Нұрғиса ағам «Сақалыңнан айналайын желбіреген, бәрін тастап барасың-ау» деп көңілі босап келеді. Сол сөз көкейімде қалып қойды. Сөйтіп жүргенде , Кенен атаның 100 жылдығы да таяп қалды, мен ол кезде облыстық филармонияда директормын. Ол кезде кең тараған «Сағындым Алматымды», «Сағындым Кенен атамды» әндерім шыққан. Бұл 1984 жыл еді. «Сағындым Кенен атамды» әнінің сөзін Жақсылық Сәтібеков ағамыз жазды. Негізінде «Желбіреген ақ күміс, Сақалыңды сағындым» деген жолдар менің сөзім, сол Нұрғиса ағамның айтқанынан ойымда қалып қойған. Бұл әнді орындап бергенімде Нұрғиса аға керемет риза болып, алғашқы партитурасын түгел өзі жазып, маған сыйлап еді.
Бір күні шәй ішіп отырып, Нұрекеңе «аға Сіз ақын екенсіз ғой?»-дедім.
– Әй неге олай дедің?
– Мына негізінде «Желбіреген ақ күміс, Сақалыңды сағындым» деген жолдар Сіздің сөзіңіз – дедім.
– Қой ей, қайдан менің сөзім болсын – деп шоршып кетті.
Сосын Кенен атаны жерлеуге алып бара жатқандағы сөзін есіне түсірдім, «расында солай деген едім ау» деп, мақтанғандай, қопаңдап қалды.
Сонымен уақыт өте берді. Мен 1989 жылға дейін Алматыда болдым, «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» атты танымал әндерім шықты.
Тілші: – Сізді тек атақты композитор, әнші ғана емес, өзіндік өнер мектебін қалыптастырған ұстаз ретінде де жақсы білеміз. Шәкірттеріңіз жайлы сөз өрбітсек.
Алтынбек Қоразбаев: – Өнер саласында жүргеннен кейін, оның үстіне біраз басшылық қызметтерде болғаным бар, өзімізден кейінгі буын бізді ұстаз санайтыны рас. Мен де оларды жатсынбаймын, өнерімізді жалғастырушы шәкірттерім ретінде қабылдаймын. Оны елдің бәрі біледі, шәкірттерімнің ішінде Мейрамбек Беспаевтың орны ерекше.
Мейрамбек маған тоғыз жасында келді. Бірінші айтқан әндері «Кеш жарық», «Сағындым Кенен атамды» болды. Содан 1989 жылы әдейі Мейрамбекке арнап, «Бозторғай» (Қара бала) әнін Мейрамбектің даусына келетіндей етіп жаздым, сөзі Әбдірахман Асылбековтікі. Сол ән Мейрамбекті танымал етті. Бар шындық осы. Ал «Бозторғайды» ерекше еткен – Мейрамбек. Өйткені, оны ешкім одан асыра орындаған жоқ. Бұл ән мен әншінің сәттілігі болу керек, сол кезде домбыра тартуға құмартқан, Мейрамбекке ұқсағысы келген балалар көбейді, біраз жас буын өнерге бет бұрды.
Тілші: – Сіз атақ-абыройдан да, байлық-беделден де кенде емессіз, әйтсе де «әттеген-ай» деген кезіңіз болды ма?
Алтынбек Қоразбаев: – Жоқ, Аллаға тәуба мен өмірде де, өнерде де жолы болған адаммын. Олай дейтінім, өнерде сатылай тез танылдым. Осы Жамбыл облысында жүргенде «Сағыныш саздары» атты кітап-жинағым шықты, онда 30-дан аса ән болды.
1989 жылдың желтоқсайын айында Нұрсұлтан Әбішұлы менің Алматыда өткен концертіме қатысты, отбасымен. Ол кісі концерттен соң мені өзіне шақыртты. «Сен Алматыға келуің керек, Мәдениет министрінің орынбасары боласың» - деп, бірден талап қойды. Мен сол қалыптасқан әдетіммен «аға, мен басшылық қызметке жоқпын, қағазбен жұмыс істей алмаймын, осы өнерімде қала берейін»-деп, бас тарттым. Ол кісі «жарайды, өзің біл» - деді де, кетіп қалды. Кейін Алматыдан 4 бөлмелі үй берді, Ермек Серкебаев ағамыз басқарып отырған Қазақстан Музыка қайраткерлері Одағына төрағаның орынбасары етіп жіберді, сонда 6 жыл жұмыс істедім. Мен Алматыға 42 жасымда барған болсам, 45 жасымда Халық Әртісі атағын алдым.
Алматыда жүргенде бірталай әндерім шықты. 1998 жылы мені Сүйінбай атындағы филармонияға директор етіп тағайындады. Ол жерде бес жыл жұмыс істеп «Қара пима», «Сен мені сағындың ба», Нұрғиса Тілендиев қайтыс болғанда ол кісіге арнайы жазылған «Қараша қаз қайдасың» деген әндер дүниеге келді. Ал 2003 жылы мені «Қазақконцертке» бас директор етіп жіберді. Ол кезде Мейрамбек Беспаевтар жарқ етіп шығып, «МузАрт» триосын құрып, соларға ақылшы, қолдаушы әрі алғашқы авторлардың бірі болдым. «Сенің көзің», «Үшқоңыр», «Сағындым Алматымды» әндері солардың репертуарына енді. Барлық еңбек еленбей қалған жоқ. 2003 жылы Мемлекеттік сыйлықтың иегері болдым.
1993-94 жылдары қиын-қыстау заман болды. Елде тамақ , дүкендерде зат жоқ, мекемелер айлық жалақы бере алмай жүргенде менің концертіме ел көп келетін.
Танымал әндерімнің бірі «Қара кемпір-дің» кейіпкері Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында өмір сүрген Қали ананың мұңлы тағдыры көпшіліктің көңілін толқытқаны рас. 1993 жылы өз қаржыма лицензия алып, ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында болып «Қара кемпір» әнінің кейіпкеріне ескерткіш тұрғыздық.
Ал биыл менің бастамаммен ел азаматтарының қолдауымен Қызылсайда Қара кемпірдің музей-үйі ашылды.
Тілші: – Жерлестеріңізге, замандаста-рыңыз облыстық «Ғұмыр – Дария» газетінің оқырмандарына айтар тілегіңіз!
Алтынбек Қоразбаев: – Жамбыл облысы дегенде «ішкен асымды жерге қоямын», өзім туып-өскен Меркі ауданындағы Қызылсай атты ауылды еш жерге айырбастай алмаймын. Әр келгенімде таныс жүздер көзіме оттай басылады. Осындай жайсаң жандардың тыныс-тіршілігін оқырманға жеткізіп жүрген газет ұжымына алғысым шексіз, шығармашылық табыс тілеймін!
Сұхбаттасқан Маркс ДҮЗЕЛБАЕВ,
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"

Обсудить
Блок в статье:
Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (40)