"Жақсылар жақсымын деп айта алмайды..."
Біздің шағын ғана Күшаман ауылынан елдің абыройын асқақтатқан көптеген айтулы адамдар шыққан. Үш көшеміз Керім Шалабаев, Шынжарбек Өскенбаев, Көпбай Тоқбаев сынды үш бірдей Социалистік Еңбек Ерінің атымен аталады. Ауылымыздың тағы бір айтулы азаматы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лазар Керімұлын елімізде білмейтіндер кемде-кем шығар.
Лазар Керімұлы 1941 жылы 4 қаңтарда қазіргі Күшаман ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде білім алып, 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Жезқазған қаласындағы №8 орта мектебінде мұғалім болып бастап, 1964 жылы Алматы қаласындағы қиын балаларға арналған №7 арнайы мектебіне ауысады. Мұнда тәрбиеші, аға тәрбиеші, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады.
Бұдан соң Лазар Керімұлы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына «Педагогика теориясы» мамандығы бойынша аспирантураға түсіп, 1974 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды. Осы кезден бастап отыз жылдан аса институтта «Жалпы педагогика» кафедрасында аға оқытушы, доцент, профессор, ал 1997 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1992 жылы «Қиын жеткіншектерді жеке-дара қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
2002-2006 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институында факультет деканы, «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі және «Жалпы педагогика, білім және педагогика тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы болды. 2006 жылы Лазар Керімұлы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды. Лазар ағамыз тек өзі ғана ғылыми жұмыстармен айналысып қоймай, елімізде ғылыми кадрларды даярлау ісіне барынша көңіл бөліп, әсіресе қазақ жастарының ғылымға деген қызығушылығын оятып, олардың ғылыми шыңдалуына өзіндік үлес қосты, елімізде үлкен ғылыми мектеп қалыптастырды, көптеген ізбасар шәкірттер даярлады. Профессор Лазар Керімұлының жетекшілігімен 7 ғылым докторы, 50-ден аса ғылым кандидаттары даярланған. Осы еңбектері ескеріліп, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атанып, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталған.
Лазар ағамыз 2011 жылы дүниеден қайтты. Келесі 2012 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде «Жаны жайсаң жан еді...» деген атпен профессор Л.Керімұлы жайында естеліктер кітабы жарық көрді. Осы кітапта педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Тұрсынбек Баймолдаев: «Жамандар жақсымын деп айқайлайды, жақсылар жақсымын деп айта алмайды» дегендей, шыққан тегі мықты адам, расында, көкірек қағып, мақтанбайды екен. Лазар ағамызды жерлеуге Мойынқұмдағы Күшаман ауылына барғанда біраз мәселенің байыбын түсінгендей болдық. Мал шаруашылығымен айналысатын кішкентай ғана ауылдан үш бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққан екен. Ал, Лазардың әкесі Керім Шалабаев сол үшеудің біреу болыпты. Міне, қайда рухани тазалықтың, кішіпейілдіктің бастауы! Тәрбиенің тазалығы деген осы да. Басқа біреу болса, кім біледі қалай бөсерін? Бірге оқыған курстастары болсын, қызметтес болған әріптестері де Лазар Керімұлының әкесінің сондай биік тұлға болғанынан бейхабар екен», - деп еске алады.
Ағамыздың осындай қарпайымдығынан болар, біз – ауылдастары да Лазар ағамыздың шын мәніндегі абыройлы ғалым екенінен хабардар бола қойған жоқпыз. Бір жолы әріптес досым, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Болат Шарахымбайға Лазар Керімұлының ауылдас ағам екенін айтқаным сол еді: «О-о, Лазар ағамыз өте білікті, абыройлы ғалым ғой!» - деп ризашылығын білдіргені бар. Көп оқып, көп тоқыған, көргені мол Лазар ағамызды көзі тірісінде лайықты құрметтей алдық па? Мені қазір осы сұрақ көп мазалайды. Әлі де болса, ауылымыздан шығып, өз саласында жетістіктерге жеткен, өмірден өз орнын тапқан ауылдастарымызды шақырып, кездесулер өткізсе, ұрпақ тәрбиесі үшін баға жетпес қазына болары даусыз.
Бір жолы Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы Стамқұл Сәдірқұлов ағамызбен әңгімелесіп отырғанымызда: «Ауыл мектебіне Лазардың есімін беру керек. Біздің ауылдық мектепті бітіріп, ғылым жолында Лазардан артық биік жетістікке жеткен ешкім болған жоқ. Бұның өзі кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі болмақ», - деген еді. Өкінішке қарай, Стамқұл ағамыз да дүниеден өтіп кетті. Ендігі жерде жүк салмағы өзімізге қалып отыр. Шынында да, ауыл мектебіне педагогика ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізген, ғылым докторы, профессор Лазар Керімұлы ағамыздың есімін берсек, ұрпақ тәрбиесі үшін бұдан артық ұлағатты іс болмас еді. Лазар Керімұлы барлық құрметке лайық!
Мырзахмет ШЫНЖАРБЕКОВ,
ардагер ұстаз, Күшаман ауылдық
ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Мойынқұм ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)