ҚАРТТАН ҮЙРЕНГЕН БАЛА КӨПКЕ ДЕЙІН АДАСПАЙДЫ
Ардагерлер — бұл тек ардақты аталар мен әжелер ғана емес, елдің тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізушілер.
Олардың өмірі арқылы біз, жастар, ұлттың жарқын болашағына деген сенім мен махаббатты ұғынуға тиіспіз.
Өткеннің қиыншылықтарын ұмытпау — бұл ардагерлерді құрметтеудің, олардың еңбегін бағалаудың басты тәсілі. Олардың ерлігі мен еңбегі біз үшін қашанда үлгі болып қала бермек.
Сондықтан да, ардагерлерге құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибелерін жастарға жеткізу — біздің парызымыз. Әр ардагердің тағдыры мен тарихы біздің халқымыздың жеңістерінің, қайғысының, үмітінің, болашағының бөлшегі болып табылады.
Бүгін Тараздың төрінде ардагерлер кеңесінің пленумы өтті. Пленумға Сарысу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жұмаділдаев, Сарысу ауданы алқа би төрағасы Ж.Қалмырза және Пленум мүшесі Б.Усембаевтар мен қатысып қайттым.
Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер қаралды, оның ішінде ардагерлердің әлеуметтік жағдайы, денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар, сондай-ақ жастармен жұмыс жүргізу бойынша ұсыныстар болды. Пленум барысында ардагерлердің өмірлік тәжірибелері мен ұсыныстары тыңдалып, олардың елдің дамуына қосқан үлестері ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркинбек Солтыбаев облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасарының орнына журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Ғұмыр-Дария Газеті бас редакторы Жаңабай Миллионов ағамыздың кандидатурасын ұсынды. Пленум мүшелері бір ауыздан мақұлдады.
Ұлбике Әлібекқызы, Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Обсудить
Блок в статье:
ҚАРТТАН ҮЙРЕНГЕН БАЛА КӨПКЕ ДЕЙІН АДАСПАЙДЫ
18 январь 2025, Суббота
Өнеге сағаты
17 январь 2025, Пятница
Ардагерлер үйін салу мәселесін көтерді
17 январь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (8)