Ардагерлердің бастамасы өзгелерге үлгі
Талас ауданы Қаратау қаласындағы Зейнет демалысындағы ардагерлер «Горняк» мәдениет және демалыс саябағында орналасқан стадионында сейіл құрып, дене жаттығуларын өткізуді күнделікті таңғы сағат алтыда дағдыға айналдырған. Олардың бірі жаяу жүріспен шынықса, ал бірі спорт алаңшаларындағы жабдықтарды пайдаланады. Жыл басында саябақтан саябаққа екі-үш ардагер келсе, қазір олардың саны 30-ға жетті. Олардың қатарында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Байходжаев, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары И.Сүлеев, қалалық кеңестің мүшелері Ш.Бейсенов, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Русаловский бар.
Денсаулық кепілі саналатын спортты серік еткен ардагерлердің бұл бастамасы өзгелерге де үлгі болады деп сенеміз.
Обсудить
Блок в статье:
ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ, ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ!
10 июль 2026, Пятница
АҚ ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨРІСТІ ӨНЕГЕСІ
10 июль 2026, Пятница
АР-ҰЯТЫ БАР АДАМ АДАСПАЙДЫ
10 июль 2026, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)







