ӨНЕГЕМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР
Бүгінгі әңгімеміз Сарысу ауданы Саудакент ауылының тумасы, құрылыс саласының және мемлекеттік қызмет жүйесінің ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Жеңісбай Рақымбайұлы Сазанбаев туралы болмақ.
Әкесі кезінде түрлі басшылық қызметте болған ауданның өсіп-өркендеуіне зор еңбегі сіңген, Ұлы Отан соғысының ардагері Рахымбай Сазанбаевтың есімін көпшілік жақсы біледі. Әсіресе 1944 жылы басталып, 1947 жылы жоспарлы мерзімінен бір жыл бұрын аяқталған «Ынталы» су қоймасының құрылыс жұмысын басқарғандардың арасында Рахымбай Сазанбайұлының еңбегі ерекше есте. Жеңісбай Рахымбайұлы да әкесінің тәлім-тәрбиесімен өсіп-өнді, оның еңбек жолын жалғастырып, ауданда түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Бүгінгі таңда сексеннің сеңгіріне шықса да, сабырлылық пен сыпайылықты, қарапайымдылық пен қайрымдылықты өміріне серік етіп, ел ағасы атанып отырған жағдайы бар.
Жеңісбай Рахымбайұлы 1971 жылы Шымкенттегі Қазақ химия-технология институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша бітіріп, құрылыс саласында еңбек жолын бастайды. 1994 жылға дейін «Қаратаухимияқұрылысы» тресінің құрылыс материалдары комбинатында ауысымдық шебер, инженер, №2009 жылжымалы механикаландырылған құрылыс колоннасында құрылыс шебері, өндіріс меңгерушісі, аға құрылыс жүргізушісі, Байқадам шаруашылық есептегі ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету учаскесінің басшысы, ауданның бас сәулетшісі қызметтерін абыроймен атқарды.
1994-1997 жылдары аудан әкімінің аппарат басшысы, 1997 жылдан Сарысу аудандық жер ресурстарын басқару мекемесінің басшысы болып, 2009 жылы зейнеткерлікке шықты. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де 3 жыл қатарынан «Сарысу жер кадастры» мекемесінің директоры қызметінде болды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі бағаланып, бірнеше медальдармен, облыс әкімінің, аудан әкімі мен аудандық маслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ой-өрісі кең, парасатты, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жаңалықты жатсынбайтын басшы болды. Бойындағы күш-жігерін адал еңбекке арнады. Жұмысты әрдайым терең зерделеп, саралап отырды.
Жеңісбай Рахымбайұлының біз білетін туабітті мінезі – кішпейіл, бауырмал, көпшіл, қарапайым, жасы үлкенге жарасымды іні, жасы кішіге жарқын пейіл қамқор аға, өз ісіне жауапкершілігі жоғары, алған мақсатына адал, өмірлік мұратына құштар, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары білікті, білімді маман болды. Әр адамның өзіне тән табиғаты, туа біткен мінезі, түйсігінің тереңдігі әрқалай ғой. Ол кісінің де өзіне жарасып тұратын жайсаң мінезі, сөз саптауы, қағытпа сөздері, әзіл-қалжыңы туралы замандастары әрдайым айтып жүреді.
Адамда өзін бақытты сезіну үшін үш нәрсе болуы керек екен: біріншісі – сені әрдайым түсіне білетін, сыйлайтын, құрметтейтін өмірлік жарың, екіншісі – жаныңа ұнайтын, қуаныш әкелетін сүйікті кәсібің, үшіншісі – қуаныш пен қиыншылығыңды бөлісе білетін, сырыңды ұғатын сенімді достарың. Сол айтқандай, сонау 1971 жылдан бері еңбек жолымда іні әрі дос болып келе жатқандықтан аға туралы көргендерім мен көңілге түйгендерімді талғам таразысына салар болсам, туа бітті тектілігіне, бітім-болмысына, жылдар бойы сан алуан салаларда қызмет етіп, ел еңсесін көтеруге қалдырған қолтаңбасына ризашылығымды білдіремін. Алғашқы таныстығымызда ағамызды көріп, ол кісінің көркем жүзді, сымбатты, парасатты, өте мәдениетті сөйлегеніне таң қалдым, осы қасиеттерімен өзіне баурап алатын.
Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, мұраттас болуы десек артық айтқандық емес. «Доссыз өткен өмір тұл» деген дана сөз бар. Көңілі дархан, пейілі кең Жеңкеңнің араласатын, сыйласатын жақын достары көп болды. Олар әр саланың білікті мамандары еді.
Жеңісбай Рахымбайұлы – шаттық ұялаған шаңырақтың отағасы. Тату-тәтті жұбайлық ғұмыр кешіп келе жатқан Айнагүл екеуі 5 ұл-қыздарынан 12 немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Гиппократ антына адал қызмет еткен жоғары білімді балалар дәрігері Айнагүл Жұмаділқызы медицина саласының үздік маманы.
Сабырлы да салмақты Жеңісбай Рахымбайұлы 80 деген асқаралы жасқа тың жігер, жарқын көңілмен жетті. «Қарттары бар ел – қазынасы бар ел» деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйенеріне айналып отыр.
Тұғырынан таймай, қатарынан қалмай, алдымызда үлгі болар үлкеніміз болып жүре беріңіз, Жеңісбай аға! Біздің достық, інілік ізгі тілегіміз осы.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Сарысу ауданы және Тараз
қаласының Құрметті ардагері.

Обсудить
Блок в статье:
Жерлес жазушының жаңа туындысы
14 январь 2025, Вторник
«Өмір – өткен күндер емес, есте қалған күндер»
14 январь 2025, Вторник
Өзгерістер өз қолымызбен жасалуда
14 январь 2025, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)