СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
Еңбек жолын бас инженер болып бастап одан кейінгі кезеңде Сарысу аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, Сарысу аудандық «Қазауылшаруашылығы техникасы» бірлестігінің бастығы, Жаңатас тұрмыстық комбинатының директоры, Жаңатас «Вторчермет» мекемесінің бастығы, Жаңатас «ВАЗ» техникалық қызмет көрсету мекемесінің бастығы, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін атқара жүріп, туған жерге және өскен елге барынша еңбегін арнап, ел құрметіне бөленген Сарысу ауданының Құрметті азаматы, ұл-қыз өсірген үлкен отбасының иесі Басие Әбдрахмановтың ерен еңбегі, адамгершілік биік қасиеттері туралы әдемі естеліктерді, жылы лебіздерді біз ол кісінің жерлестерінен көп естиміз....Басиенің әкесі 1932-ші ашаршылық жылдары Сарыарқадан Қаратауға қарай ұлы шұбырындыға ұшыраған халықтың бірі болды. Үдере көшкен жұрттың қатарында темір ұстасы Әбдірахман да Қаратауды бетке алған еді. Жұбайы Тәпен Баймаханқызы екеуі сол зұламат қасіретті жылдарда 5 бірдей баласынан айырылып, Қаратау аймағына зарығып жеткендерді бірі екен.
Перзенттері тоқтамай, шетерінен шетінеп кете берген соң, Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесіне барып түнепті. Сол түні түсінде үлкен құлыпты көреді. Ояна сала, «Оу,кемпірім ақсарбас, Алла бізге ұл бала сыйлайды екен» деп еліне қайтады. Арада жылдай өткенде өмірге қошқардай ұл бала келеді. Дүниеге келген ұлдың атын әулеттің бас иесі болсын деген ниетпен әкесі Басие деп қояды.
Жасқа жетпеген Басие ата-анасыз тұл жетім қалады. Өмірдің ащы тауқыметін құндақта жатып сезінген оны әкесінің немере інісі Түсіпов Махажан деген кісінің анасы Рәзия әже тәрбиелепті. 7 сыныпты бітірген соң арман қуған зерек бала Сталинге «Менің оқығым, үлкен азамат болғым келеді» - деп хат жазады. Басие мектеп-интернатын 1957 жылы 18 жасында өте жақсы, күміс медалмен бітіріп шыққан. Балаң арман оны Алматы қаласындағы Қазақ мемелекеттік ауылшаруашылық институтына оқуға түсуге жетелейді. Механика факультетінде 5 жыл оқып, тәмамадаған Басиені жолдамамен Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты Жетісу кеңшарына инженер етіп жібереді.
Басиені Алматы облысының ауылшаруашылық басқармасы Алакөл ауданындағы Бескөл кеңшарына бас инженер етіп қызметін көтереді. Қордай ауданына Киров кеңшарына Кенен Әзірбаевтың ауылына бас инженер болады. Адалдықты алғашқы орынға қоятын азамат тындырымдылығы, іскерлігі, жауапкершілігінің арқасында құрмет пен сыйға бөленеді. Одан соң басшы, 1970-1980 жылдар аралығында ауылшаруашылығы саласының сумен қаматамасыз ету және тұрмыстық қажеттіліктерді өтеу комбинатында бас инженер қызметтерін абыроймен атқарды. 1980 жылы Жаңатас қаласына Жаңатас қалалық халыққа тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының директоры болды. Кейін осы мекемені жекеменшікке шығарып, кәсіпкерлікке бағыт алады. Содан зейнет жасына шыққанша осы мекемені жүргізеді. 2008-2014 жылдар аралығында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысты.
2009 жылдан бастап ауданның Құрметті азаматы атанған Басие қария,басқа да түрлі марапаттардан кенде болған емес. 2019 жылы Жамбыл облысының Құрметті ардагері атағын алды.
Қазір 6 баладан 20-дан аса немере, жиырмаға тарта шөбере сүйіп отыр. Өткенге салауат, бүгінге қанағат, барына тәубе шүкіршілік етіп отырған қазыналы қария Басиенің бейнетпен басталған ғұмыры, бұл күнде өз зейнетін беруде.
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, "ҒҰМЫР ДАРИЯ"

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)