Мойынқұмның тартабанды теміржолы туралы не білеміз?
Түріксіб теміржолының құрылысы Шу, Мойынқұм даласында жалғасуы сол заманның үлкен жетістігі. Қазіргі таңда аталған құрылысты көзімен көргендер тіптен жоқтың қасы. Осы алып құрылыс жайында Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, ардагерлер қозғалысының белсендісі, өлкетанушы Мұханбетқұл Сабыров біраздан бері іздестіріп зерттеп жүр. Сол кісінің өлке тарихын, оның ішінде Түркістан-Сібір теміржолының біз білмейтін Мойынқұмға сұғына кіріп жатқан тартабанды теміржол бөлігі туралы жазбаларын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрді.
Түріксіб темір жолының құрылысының жобасы 1926 жылдың соңында басталып 1931 жылы қаңтар айында Шу қаласының Тоғай ауылының тұсында қосылды.Түріксіб теміржолының құрылысын сөз еткенде Шу стансасынан Мойынқұмның бұйрат-бұйрат жалдарына сұғына салынған ұзындығы 230 шақырымдық ел арасында "Узколейка " атанып кеткен тартабанды теміржол туралы айтпай кету мүмкін емес. Осы Мойынқұмның құм жолдары арқылы тартылған тартабанды теміржол туралы ақиқатты қазіргі жастарға жеткізуді жөн санадым.Себебі осы тартабанды темір жол туралы деректер көп уақыт өтуіне байланысты ел арасында ұмытылып барады. Көз көрген кариялар бүгінде жоқтың қасында. Дегенмен бірлі-жарым кариялар табылды. Солардан естігенімді, білгенімді көптің назарына ұсынуды жөн санадым. Өйткені кешегі күн біз үшін тарих.
Мойынқұм құмдарындағы "Узколейка " атанып кеткен тартабанды теміржол 1928 - 1970 жылдары аралығында жұмыс істеген. Құмдағы разъездер Қосқұдық стансасынан қашықтығына байланысты 10 – 21 – 31 – 41 – 51 – 61 -71 – 81 -86 – 96 -104 – 112 шақырым деп аталып отырған.
Түріксіб теміржолы бойындағы Шу стансасы 1931 жылы пайдалануға берілді. Осы стансадағы Қосқұдық орман-тоғай шаруашылығына сексеуіл тасу үшін 1930 жылдан бастап Мойынқұм құмының ішін бойлай күн батыс бағытында тартабанды теміржол жүргізіле бастады. Оның бір шеті Мойынқұм жазығындағы Сексеуілдала , Бескепе деп аталатын жерге дейін жеткізілді. Кейбір деректерге қарағанда бұл тартабанды теміржолдың ұзындығы 230 шақырымға дейін жеткен. Осы тартабанды теміржолдың бір тармағы қазіргі Күшаман ауылының тұсында Шу өзеніне салынған көпірдің солтүстік жағындағы сексеуілді жинау үшін пайдаланылған. Қазіргі Қызылтал ауылдық округі мен Жамбыл ауылдық округі аумағындағы Бурылбайтал орман шаруашылығында жиналған сексеуіл осы жол арқылы тасымалданған. Қазіргі кезде тартабанды теміржолдың сілемдерін әлі де болса байқауға болады. Менің әкем Сабыр Ахметов пен құмөзектік Төлеген Момынқұлов қариялардың айтуынша, 1969 жылы көктемде осы көпірде мұз кептелісі болып, Шу өзені арнасынан тасып құмның ішімен су жүріп, сол кездегі Фурмановка, (қазіргі Мойынқұм) ауылын су басатын қауіп туындағанда қырға киіз үйлер тігіліп, ауыл тұрғындары құмға қарай көшірілген. Мен ол кезде Алматы зоотехнткалық-мал дәрігерлік институтының бірінші курсында оқитынмын. Үйден хат алғанда әкем осы жайды айтыпты.
Сонымен қатар оңтүстік бағытында Бескепе – Қарақұдық – Ағашақ және 156 разъезд бен солтүстік бағытында жоғарыда айтылғандай ұзындығы 210 шақырымдық Бірлік – Ақдала теміржолы салынған. 61-нші, 122-нші, 156-ншы разъездер үлкен болған.Осы разъездерде паровоз бен вагондарды жөндейтін депо, халыққа қызмет көрсететін наубайхана, дәрігерлік пункт, дүкендендер, мектептер мен клубтар болыпты.
Сонымен қатар Шу –Беккөл бағытында ұзындығы 52 шақырымдық тартабанды теміржол арқылы сексеуіл тынбай тасымалданған.
Аталған тартабанды теміржолдар Қазақстанның 1938 – 1940 жылдардағы атлас картасында көрсетіліпті. Өкінішке орай бұл карталар сақтамаған, іздестіргенімде аудандық кітапхана қорынан таба алмадым.
Бескепе дегенде атақты Сауытбек ақынның «Ақбөпе» әні ойға оралады. «Бескепенің басында бес үй отыр, Ақбөпе жоқ осында несіне отыр», - деп басталатын атақты әні әнге арқау болған бұл ауыл.
1940 жылдың қарсаңында бұл жолдың бір тармағы Фурмановка ауылынан 12 километр қашықтықтағы 27-разъездге дейін кейін келді. Шу өзенінің оңтүстігінде 25-30 шақырым шығыстан батысқа қарай созылып жатқан бұл жолдың аудан ауыл шаруашылығына септігі көп тиді. Өйткені Шу қаласына қатынас сексеуіл таситын поездар арқылы атқарылды. Шу ауданындағы Тасөткелге егілген астықты тасу, басқа да жүктерді тасымалдау осы тартабанды теміржолдың көмегімен жүргізілді.
Құмда сексеуіл жинау жұмыстары С – 80 шынжыр табанды тракторлармен рельстерге шынжыр байлап, сыпыра сындыру арқылы жүргізілді.
Сексеуілді сындыру жер бетінен 15 сантиметр биіктікте атқарылды. Ондағы мақсат – сексеуілдің тамырына зиян келтірмеу, кейін өсіп жетілуіне мүмкіндік жасау болған. Бұл жұмыс арнаулы адамдардың қатаң бақылауында болған.
Қазіргі көзі тірі Мойынқұм ауылының тұрғыны Орынбасар Отыншиев ақсақал сол жылдар туралы: «Менің өзім 1975 – 1977 жылдары «Байтал» кеңшарында бөлімшеде зоотехник болған кезімді күн батыс жаққа қарай тартылған тартабанды теміржолдың оңтүстікке қарай терең құмға тартылған бір тармағын бойлай «Үлкен үй қалған», «Кіші үй қалған» атты қыстауларға барып жүрдім. Бұл сілем әлі күнге дейін бар, «Қарабөгет» пен «Байтал» кеңшарларының шекарасы болып саналатын. Төменгі ауылдың тұрғындары осы тартабанды теміржолды бойлай жай жолмен автокөліктермен Құмөзек, Қарабөгет, Байтал, Мойынқұм, Ұланбел ауылдарына қатынап отырған. Бірлік – Ұланбел тас жолы пайдалануға берілгенше. Ал,бұл жол 1973 жылы пайдалануға толығымен берілді» дейді.
Мойынқұмдық ардагер Шакикерім Исабеков өзінің естелігінде: «1967 жылы 27 мамыр күні әкем Әміреқұл Исабеков Ұланбел ауылына ауылдық кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайлануына байланысты Карл Маркс ауылынан Ұланбелге көштік. Сонда әуелі Құмөзекке барып, одан соң тартабанды теміржолды бойлай жүріп отырдық» дейді.
Бұл – Шахикерім ақсақалдық пайымдауынша 156-разъезд болуы керек.
Орынбасар Отыншиев ақсақалмен барып әңгімелескенде біраз тарихқа қанықтым. Ол 1955 жылы 7 сыныпты бітірген соң «Ағашақ» деген жерде жұмыс істепті. Бұл – бұрынғы «Байтал» мен «Мойынқұм» кеңшарларының аумағы, Мойынқұм құмының басталатын тұсындағы үлкен ашық жер. Орекең осы жердегі үлкен стансада С – 80 шынжыр табанды трактор айдайтын Мұхатай Садығұловқа көмекші болған екен. Отынды С – 80 шынжыр табанды трактордың артына рельс байлап сындыратынбыз деп еске алады.Сексеуілді жерден 15 сантиметр биіктікте сындыратын болған.
Ол кісінің айтуынша Бескепеде үлкен разъезд болған екен. Онда нан пісіретін наубайхана, клуб, дүкен, мектеп болыпты. Орынбасар ол разьезде бір қауым ел мекендегенін еске алады. Сол кезде осы разеъезде бастық Кенже Ибракумов болса, оның орынбасары болып Төкен Берсебаев деген азамат жұмыс істеген. Төкеннің баласы Насыр кезінде Мойынқұмның атын шығарған спортшы болды. Бескепе мен Ағашақтағы разеъездер 1959 жылғы дейін болған.
Орынбасар ақсақал осы разеъездер жабылған соң, 1959 жылы «Айдарлы» кеңшарының «Қоқи» деп аталған төртінші бөлімшесіне көшіп келіп, тракторшы болып жұмыс істеген.
Орекең өзімен бірге осы жерлерде Мұхатай Садығұлов, Василий Калиниченко деген тракторшылар болғанын айтты. Біразының аты – жөнін ұмытқан. Барлығы 5 – 6 трактор болғаннын еске алды. Сонымен қатар Қанапия Оспанов деген азамат ұста болған екен.
Мойынқұм ауылының тұрғыны болған Сайлау Оспанов токарь болып жұмыс істепті. Сайлау ағамыз мұндаға дейін осы Мойынқұм ауылының бұрынғы Чапаев, қазіргі Әубәкіров көшесінда тұрыпты.Баласы Серік Оспанов қазір Мойынқұм аудандық электр желісін тарату мекемесінде бас инженер болып жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ, Рахимов Базарқұл кран жүргізушісі болып жұмыс істесе, ағайынды Төкіш пен Ақылберген Мұхашевтар осы теміржолда еңбек еткен.
«Ағашақ» деген жерде сотталған 300 - 400 жуық адам лагерде болған екен. Ол адамдар осы теміржолды салу және отын дайындау, вагонға тиеу жұмыстарын атқарыпты.
Кезінде Қылышбай ауылында тұрған, қазір Мойынқұм ауылы Әубәкіров көшесінінде тұратын ардагер ұстаз Бакира Несіпбаеваның естелігі өте қызықты. «Мен 1947 жылы ескі Карл Марксте туғанмын. 1949 жылы әке – шешем осы тартабанды темір жол бойына 39-разеъездге көшіп барған. Әкем Несіпбай Ілесұлы теміржолда ат арба айдаған екен. Сол кезде разеъезде үлкен ат қора болған. Онда сексеуіл таситын арбаға жегілген аттарды ұстап, күтіп бабтаған. Біз 1952 жылға дейін осы разеъезде тұрдық. 1953 жылы 12 разеъезге әке – шешеміз көшіп барғанда сол жердегі мектептің бірінші сыныбына оқуға бардым. Разеъезде орыс, неміс, шешен ұлтының өкілдері болды. Інім Несіпбаев Қызырәлі 39-разъезде туған. Одан кейінгі інім Сүгірәлі 12-разъезде, Мүсірәлі Ағашақ деген разъезде дүниеге келді. Ал сіңілім Бибіш осы разъезде өмірге келді.12-разеъездің күн батыс жағында сотталған адамдардың лагері болды. Әке – шешеміз ол жаққа бармаңдар деп ылғи айтып отыратын» дейді. Ол кісімен Садығұлова Айнакүл, Омаров Рахмаш, Ілес деген балалар 1958 жылға дейін бірге оқыпты.
1955 – 1956 жылдары басқа ұлттың өкілдері орыстар,немістер,шешендер теміржол бойынан көшіп кетті.Ат арбаның орнына автомашиналар мен тракторлар келді.
Бакира Ілесқызы 1967 жылы қазіргі Қылышбай ауылына көшіп келіп, тұрмысқа шығып, ұзақ жылдар осы ауылдағы мектепте ұстаз болып қызмет істеді. Ұлағатты ұстаз. Қазіргі кезде Мойынқұм ауылында тұрады.
Мұның барлығын неге айтып отырмын? Сексеуіл-байлық. Сол байлықты игеру үшін өлкемізден арнайы тартабанды теміржол салыныпты. Ол кезінде Түріксіб теміржолының бір тармағы болғандығын бүгінде ешкім біле бермейді. Мойынқұм жалдарын жарып өткен сол тартабанды теміржолдың бойында разьездер, шағын өндірістер, ондаған техника құралдары, жүздеген адам күші жұмыс атқарған. Соның бәрі – тарих. Ал, кешегі тарихымызды білу бүгінгі ұрпаққа парыз деп білеміз. Олай болса өткенімізді біле жүрейік, ағайын!
Мұханбетқұл Сабыров,
Мойынқұм ауылдық округі
ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Мойынқұм ауданның Құрметті азаматы

Обсудить
Блок в статье:
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
03 январь 2025, Пятница
Кеңес беріп, ем-дом жасады
02 январь 2025, Четверг
Адамның бір қызығы бала деген...
02 январь 2025, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)