
"АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ” автокеруені Сарысу ауданына ат басын бұрды.

”Ұлы Жеңістің 80 жылдығына- 80 ізгі іс “атты акциясы аясында "AMANAT" партиясының облыстық филиалы мен облыстық әкімдіктің «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуенін ұйымдастыру туралы арнайы тұжырымдама әзірленіп, іс - шаралар жоспары бекітілген болатын.


Облыстан келген құрметті қонақтарды Жаңатас қаласының кіреберісінен аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарай Қырғызбаев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова мен "AMANAT" партиясы аудандық филиалының қызметкері Самат Тоқбанов күтіп алды. Мұнан соң "Даңқ" монументінде автокеруеннің салтанатты ашылуы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Өмірғалиұлы құттықтау сөз сөйледі

Сонымен қатар, "AMANAT" партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Уалихан Болатбек пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов та сөз сөйлеп, ыстық лебізін білдірді.

Айтбала ЖОЛМАХАНОВА, САРЫСУ АУДАНЫ