ӘППАҒЫН АҢСАҒАН ҚАРА ЖІГІТ
Батыр Баукең атындағы Жеңіс саябағында Талас ауданы кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Кітап оқып, рухани бай болайық" атты әдеби-мәдени іс-шара өтті.
Іс-шараның ең басты жаңалығы - жас ақын Асылхан Әліқұловтың "Әппағым" атты жыр жинағының тұсаукесері болды.
"КамАЗ" деген үлкен мәшиненің кішкентай жүргізушісі рульден бос кезінде қолына қалам алып, жанының жарасын жыр жазумен емдейді екен. Ақындар ортасынан алыс, өз тірлігімен өзі саяқ жүрген оның бір жұбанышы - ғашығына арнаған жырлары. Жаза-жаза онысы бір кітап бопты. Жанының әппағына балған сұлуына арнаған сырлардан ғана тұратын кітап сонысымен де қызықтырады.
Ал енді кем-кетігі бар болса, бар шығар. Ең бастысы - бәлеқорлар белең алған заманда жүрегі таза, жаны мен тәні жыр деп сусаған бір азамат ақындар ауылының шетінен қос тікті.
Оның ақ боз үйге айналып, төріне алыс-жақындағы ақын біткен жиналып, жыр оқып, сөз бен ой сайыстырып, жарқ-жұрқ етіп жатуы, әрине, болашқтың ісі.
Жол түсіп, барып қалған соң Асылханның "Әппағының" тұсауын кесіп, сәт сапар тіледік.
Көсемәлі Сәттібайұлы
Обсудить
Блок в статье:
Тағзым
01 июнь 2025, Воскресенье
МОМЫШҰЛЫ ӘЛЕМІ-- Б.МОМЫНҚҰЛ- 70 ЖАС.
28 май 2025, Среда
Жақсы бата – жарты бақыт
28 май 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)