
Жарнама мүмкін өте қажетті нәрсе шығар. Сауда-саттық мәселесінде ойып тұрып орын алатын қажеттілігінде болар. Оған дауымыз жоқ. Әйтсе де осы жарнама теледидар қарайтын көпті әбден мезі етіп жібергені шындық. Жақында теледидардан атақты сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің кеші өтіп жатты. Әрине Шәмшінің әндерін тыңдамайтындар жоқ шығар. Сол әндердің біреуі айтылады да дереу жарнама беріледі. Ән тыңдаудың орнына жарнама көріп мезі болдық. Әннен гөрі жарнамасы басымдау болды. Бұндайда ән жайына қалады екен. Ал, жарнама үдей түсті... «Астана» арнасында «Алпарслан» атты тарихи түрік сериалы бар-жоғы бір сағат ғана қойылып жүр. Түнгі сағат тоғыз бен онның арасында. Айналайын -ау, сол бір сағатта төрт рет жарнама берілді. Ал түсініп көр. Сөйтсек, бір мезгілде барлық арналарда да үздіксіз жарнамалар беріледі екен ғой. Жарнамадан жалыққан соң, көрермен не істейді, теледидар көруді қойып, сотка, айфондарға жармасады. жарнамадан жалыққаннан кейін теледидардағы бағдарламалардан гөрі кітап, журнал, газет оқуды жөн көрдім. Одан да кітап оқуға ұмтылайық халайық! Газеттерде жаңалықтарды жазады ғой, одан көп нәрсені білуге болады. Әсіресе, жарнама егде адамдарға өте қауіпті екен. Жүйкеңді жұқартып, тіпті ауырыпта қаласың, денсаулық деген керек қой!
Бәріңізге денсаулық тілеймін!
Төреқұл БАЛАСАҒҰНИ,
Еңбек ардагері,
Ақсу ауылы,
Шу ауданы