Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Шүкіршілікті ұмытып барамыз

Шүкіршілікті ұмытып барамыз

10 май 2024, Пятница
55
0
Ауылда туып, елде тұрып жатырмыз. Аталарымның бәрі солай туған жерге туын тіккен. Марқұм әкем Жуасбай майдангер еді. Әскерде, соғыс даласында 6 жыл жүріп, Ұлы Жеңістің келуіне аянбай үлесін қосқан кісі. Бізге үнемі ақылын айтып, баршылықтың бағасын білуді құлағымызға құйып отырушы еді. Біз солай есейдік. 
Әкемнің әңгімесі өте әсерлі болатын. Біреуін ғана айтайын. «Бірде ұрыс сәл саябырлаған сәтте түскі ас ішіп алмақ-шы болдық. Мен отырған жерімізден сәл ғана жылжып, отын теруге кетіп едім. Сол сәтте жау сарбаздары біз жаққа аямай оқ жаудырды. Мен қазылған шұқырдың біріне жасырынып үлгердім. Жаудың оғы басылған кезде келсем, екеуміз бірге ас ішпекші болған қасымдағы жолдасыма оқ тиіп, қаза болыпты», –дейтін.
Шона Смаханұлының бір шығар-масында: «Нағашымның атына мінгесіп бір ауылға келдік. Тігілген қара үйлер көп екен. Бірақ, ішіне кіріп шығып жатқан адам көрінбеді. Тым тырыс. Атты байлап, қараша үйдің біреуіне кірдік. Алла сақтасын! Әлгі үйдің ішінде бірнеше адам аштықтан бұралып өлімші халге түсіпті. Әкесі төрде, онан соң балалары, шешесі бәрі әл-дәрменнен айырылыпты...» деп жазған. Бұл – аштық жылдарының қасіретті суреті. Бір үзім нанға зар болған жылдардың шындығы. Ал, қазір ше?
Қалай десеңіз де баршылық заман. Екі үйдің бірінде машина. Тойып секіргендерден аяқ алып жүре алмайсың. Бір тәулік тұрып қалған таза нанды жемейтін жұрт көбейді. «Дастарқанға бәрін қойып, о, тоба, Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз», – деп ақын Қадыр Мырза Әли айтқан сөз әлі мәнін де жойған жоқ. Басқа тәтті, жұмсақ тағамдар қойылып, нан қойылмайтын дастарқандар бар. Қазіргі ұрпақ ең тәтті дәм – нанның дәмі екенін сезінбей өсіп жатыр. Нанның еңбекпен келетінін де ұғынбай жүрген ұрпақ қанша?! Тоқшылықта өскен жақсы шығар, бірақ кейбір жастарымыздың бейқамдығы жанымызға батады. Олар үшін бүкіл әлем баршылықта ғұмыр кешіп жататындай. Сол бейғамдық пен ысырыпшылықтың зардабын татпасақ жарар еді? Мынау Батыс өңірде болып жатқан су тасқыны сол зардаптың бір белгісі емес пе екен? Даладағы қоқыстарда нан, тағамның неше түрі шашылып жатады. Кей қоқыстан бүтін бөлке нан шығады. Жәй нанды ауқатсынбай, «Наннан басқа түк жоқ па?», – дейміз.
Той жасасақ та, ас берсек те та-мақтың түр-түрінен дастарқанның белі қайысады. Оны жапырып жеп жатқандар да шамалы. Сол күйі артылып қалады. Ысырап! Ең жаманы, сол ысырапқа жанымыз ауырмайтын болып барады. 
Бесіктен белі шықпаған балалар темір тұлпардың рулінде отыр. Бәрі бар, бәрі бола қалған. Қызғанбайсың. Бірақ, олар бар болған сайын бардың қадірін білмей өсіп жатыр. Бізді ойға батыратыны осы. Жас ұлғайған сайын ойланасың. Менің жанымды азаптап жүрген жай осылар. Тоқшылық ойсыздыққа жетелеп кетпесе екен! 
Бидәулет ЖУАСБАЕВ,
еңбек ардагері
Талас ауданы
Обсудить

Похожие материалы:

ЖАЗ - АТА МАЛЫН ӨЗІ БАҚҚАН БА?
13 ноябрь 2023, Понедельник
ЖАЗ - АТА МАЛЫН ӨЗІ БАҚҚАН БА?
ТОСҚАНБАЙДЫҢ КӨК АТЫ
26 май 2023, Пятница
ТОСҚАНБАЙДЫҢ КӨК АТЫ
КӨКТӨБЕДЕ ТҰРАДЫ ЖАҚСЫ АДАМДАР
12 январь 2023, Четверг
КӨКТӨБЕДЕ ТҰРАДЫ ЖАҚСЫ АДАМДАР
АДЫРНА
05 май 2021, Среда
АДЫРНА
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры