КӨШТІ КӨП БОЛЫП ТҮЗЕЙІК !
Ұлы Абай «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген. Бұл әрине, ешқашан ескірмейтін, мән – маңызын жоғалтпайтын өсиет. Жасыратыны жоқ, экономика деп жүріп рухани кемелденуден, отбасы құндылықтарынан алшақтап бара жатқанымыз шындық. Жастар арасында батысқа еліктеушіліктің белең алып бара жатқанын да мойындауымыз керек. Оны ақ – қарасын ажыратуға ұмтылмадық. Оның үстіне тек бас пайдаларын ойлайтын кәсіпкерлеріміз мараторийді пайдаланып, есірткі саудасын, ойын бизнесін дамытуда.
Несін жасырамыз, нашақорлар Қаратау қаласында да, елді мекендер де бар, «Ауруын жасырғанды өлім әшкере етеді» демекші, оны несіне жасырып жабамыз.
Бостандық ауылындағы билер кеңесі халықтық тәрбиені, оның ішінде отбасылық құндылықтарды насихаттауды жұмысымыздың өзегі етіп алдық. Арысын айтпағанда, отбасы туралы мәдениет үйі, мектептер,кітапханаларда бірнеше рет «дөңгелек үстел» отырыстарын, мәдени іс – шаралар ұйымдастырдық. Оларда есірткінің зияны туралы әңгіме жасадық. Ауылда жасыратыны жоқ, ұрлықпен айналысатындар да бар болып шықты. Оларды әшкерелеп, жұрттың талқысына салдық. Былтырдан бері некелерін бұзуға ниеттенген 2 отбасын ауыл билері ортаға алып, татуластырдық. Билер ауылдағы дүкен иелерімен кездесіп, сөрелерден ішімдік атаулыны алып тастау жөнінде ұсынысымызды айттық. Рахмет, ұсынысымызды қабыл алғандар да бар. Сонымен бірге, ауылдың кіреберіс жеріне «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деген билбордты орнатып қойдық.
Біздің тәрбиелік жұмыстарымыз далаға кетіп жатқан жоқ. Елдің беті имандылыққа бұрылуда. Тіпті жақында ауыл имамымен келісіп, қайтыс болған адамның жаназасын шығаруда аста-төк дастархан жасауды доғару жөнінде бір мәмілеге келдік.
Біздің ойымызша, халқымыздың салт-дәстүрін сақтау – өркениетке ұмтылудың негізі. Көп жұрт ойлап жүргендей, біздің ақылымызды кім тындайды демей, қоғам болып жаман нәрселерге қарсы күрессек, халқымызды пәле-жаладан сақтаймыз, жастарымызды дұрыс жолға саламыз.
Жаңабай ЕСІМОВ,
Бостандық ауылдық билер кеңесінің төрағасы
Талас ауданы
Обсудить
Блок в статье:
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
03 январь 2025, Пятница
Кеңес беріп, ем-дом жасады
02 январь 2025, Четверг
Адамның бір қызығы бала деген...
02 январь 2025, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)