Жолда апат азаймай тұр, неге?!
Қазір қала көшелерінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұған қоса жаяу жүргіншілер жолдары да ретке келтірілуде. Жол белгілері жаңартылуда. Десек те жол саласына қатысты әр деректің артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпағанымыз жөн. Ең бастысы – қайғылы оқиғаны болдырмаудың нақты нәтиже беретін жолдарын тауып, жүзеге асыру қажет. Апатты қалай тоқтатамыз? Нақты не істей аламыз?
Елдегі қордаланған мәселенің бірі – жол апатының көбеюі. Расында, соңғы жылдары «көлік апатынан қайтыс быпты» деген ақпаратты жиі еститін болдық. Ал, мүгедек болып қалғандар қаншама десеңізші.
Қазақта «Жол мұраты – жету» деген жақсы сөз бар. Алайда, көлікке қажеттілік артқан сайын, оны пайдалануда қоғам өміріне қауіп туғызатын жағдайлардың көбейгенін жасыра алмаймыз. Тосыннан келген апат кімді болса толғандырмай қоймайды.
Патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесінің сақталуын қадағалап, қауіпсіздік туралы ескертеді. Адам өліміне әкеліп соғатын жол-көлік оқиғаларының дені республикалық маңызы бар жолдарда орын алуда. Өйткені, қала сыртында «темір тұлпарды» өте жоғары жылдамдықпен жүргізгендер апатты жағдайларға көп ұшырайды.
Егер жүргізуші де, жаяу жүргінші де, жолды жөндеуші мекемелер де өз жауапкершілігін жете сезініп жатса, қауіпсіздік ережелері мен талаптары қатаң сақталса өкінішіміз аз болар еді.
Бұрын техникалық байқауға қалай көңіл бөлінетін еді. Көліктің ақауын тексеруге жауапты комиссияның құрамында атқарушы биліктің мүшелері, инженерлер, жол полициясының қызметкерлері, автомектептердің оқытушылары болатын. Жүргізушілер де техникалық тексеруге алдын-ала дайындалып, міндетті түрде медициналық комиссиядан өтіп, көлігін жөндеп ретке келтіретін. Қазір ондай жұмыс жоқ.
Көбінесе жол-көлік оқиғасы жылдамдықты асыру салдарынан орын алады. Айталық, трассада жылдамдықпен желіккен жүргізуші қарсы бағытқа шығады да, алдындағы көлікті басып озуға үлгермей соғысып жатады. Сондай-ақ, қарама-қарсы жолаққа шығып кету, арақашықтықты сақтамау, жаяу жүргіншілердің тиісті емес жерден өтуі, жүргізушілердің мас күйінде көлік жүргізуі секілді өрескел тәртіп бұзушылықтар, тіпті төрт түліктің жолға шығуы салдарынан да жол апаты болып жатады.
Ал, қоғамда жол қозғалысы ережелерін насихаттамайынша, жол апатының көрсеткіші төмендемейді.
«Темірден болар көлігің, темірден болар өлімің» деген екен Майқы би бабамыз. Бүгінде баба сөзі ақиқатқа айналып, енгізілген жаңашылдықтан да, айыппұлдардың артып, жазаның қатаңдатылуынан да болып жатқан нәтиже мардымсыз.
Бүгінде жол апатының алдын алу мәселесі тек қана полицияға жүктелген. Ол дұрыс емес, бұл мәселені шешуге қоғам, оқу орындары, құзырлы мекемелер болып үлес қосу керек. Сондай-ақ, құзырлы жүргіншілер мен жүргізушілердің құқықтық мәдениетін көтеру мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек. Жол қозғалысын ұйымдастыруға, стандарттарды қалыптастыруға ғылыми тұжырымдарды пайдаланған жөн.
Халықты жол ережесін сақтау мәдениетіне де дағдыландырған жөн. Жолда жүру мәдениетін бала жастан қалыптастыру қажет. Мектепте оқушыларға жол ережелерін үйрету ісіне ерекше көңіл бөліп, ата-ана да баласына өзінің және өзгенің өміріне жауапты екенін айтудан жалықпауы тиіс.
Елеукен Баймұратов,
өрт қауіпсіздігі қызметінің ардагері,
Сарысу ауданы

Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)