Аудандағы этносаралық ахуал тұрақты
Жуалы ауданының 5 ауылдық округтерінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасының аясында облыстық топ мүшелері ауыл тұрғындармен кездесулер өткізіп, өзара пікір алмасты. Топтың құрамында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі Қуаныш Мамашев және этносаралық келісімді нығайтуға жауапты мамандар қатысты. Жиын Нұрлыкент, Б, Момышұлы, Мыңбұлақ, Қарасаз, Шақпақата ауылдық округтерінде ұйымдастырылды. Оған ардагерлер, зиялы қауым өкілдерімен қатар, ауыл тұрғындары шақырылды. Одан бөлек, жиын ұйымдастырылған ауылдардың барлығында аудандық ақпараттық топтың мүшелерінен – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев, аудандық билер кеңесінің төрағасы Мұратқали Рахметов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Әбуғали Ералиев қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ашып ақпараттық түсіндіру тобының ауданға арнайы келудегі мақсат-міндеттерін атап өтті. Топтың негізгі мақсаты – этнос өкілдері тығыз шоғырланған ауылдарда этносаралық ахуалға талдау және зерделеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жиында сөз сөйлегендер облыс көлемінде этностар арасындағы татулық пен достықты және өзара түсіністікті арттыру мақсатында қыруар жұмыстардың атқарылып жатқанын айтып, бұл мақсатта әсіресе жас буынның арасында түсіндірме жұмыстарын көбірек жүргізудің маңыздылығына тоқталып, ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс-пікірлерге жауап берді.
Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Жұмашев қорытындылады.

Обсудить
Блок в статье:
БИЛЕРДІҢ ҚОҒАМҒА ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ ЗОР
09 ноябрь 2024, Суббота
Таулар алыстаған сайын биіктей береді...
08 ноябрь 2024, Пятница
«ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ – ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДЕ»
08 ноябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)