Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ғалымның хаты, ақынның аты өлмейді

Ғалымның хаты, ақынның аты өлмейді

08 ноябрь 2024, Пятница
62
0
ШОНА  СМАХАНҰЛЫНЫҢ  туғанына  -  100 жыл толды!
«Елімізге белгілі дара тұлғаның бірі, тіл жанашыры, ақын – сатирик,  ШОНА  СМАХАНҰЛЫның  қазақ тіліне, қазақ тіліндегі балабақша мен мектеп ашу ісіне қатысты сіңірген еңбегі ұшан – теңіз», - деп жазады АНА ТІЛІ газеті ақынның 100 жылдығына бір бет арналған 10 қазандағы 40 – шы номерінде.
КСРО кезінде Алматы қаласында 25 қазақ мектебін ашуға мұрындық болған дара тұлға. 
Шона Смаханұлы 1924 жылы 5 қазан күні Жамбыл облысы, Талас ауданындағы «Ойық» ауылында туған.  Ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді.  Ұлы Отан соғысына қатысқан.  Соғыстан кейін бірнеше жыл ауыл мектебінің мұғалімі болып жұмыс істеген.  1957 жылдан бастап «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан Пионері» газеттерінде, сатиралық «Ара» журналында жұмыс істеген.  Он жыл бойы «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция меңгерушісі болған.  Мысал-сықақтары 1963 жылдан бері жарияланып келеді.  Ол жүзден аса ән мәтіндерінің, көптеген сықақ, сатиралық әңгімелердің авторы.
Өзім Шона ағамыздың «Анамның тілі» өлеңін қатты ұнатам.
АНАМНЫҢ  ТІЛІ      
Өмірге келдім,
Анамды көрдім.
Деді ол: жаным!
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп, 
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі – өмірді думан.
Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім.
Тыңдадым сөзін, 
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні 
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған, 
Сүйемін мәңгі – өмірді думан.
Расында, жақсының аты өшпейді!  
 Алматыдағы «Тастақ» мөлтек ауданындағы,  Тараз қаласындағы және Талас ауданындағы мектептерге Шона Смаханұлының аты берілген. Биыл Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған көптеген тағылымды шаралар өтуде.  Мәселен, қазан айында Тараздағы Шона Смаханұлы атындағы орта мектепте және туған ауылы Ойықта «Шона – ардың ақыны» атты әдеби – сазды шара өткен.  
Ал 8 қазан күні Тараздағы Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында ақынның мерей жасына, шығармашылығына арналған ғылыми – практикалық конференция, облыстық «Баласағұн» концерттік залында «Ер ШОНА» атты әдеби –музыкалық кеш ұйымдастырылуда.   Келіңіздер, көріңіздер! 
«Нағыз ұлтқа жанашыр, елім деп еңірегенде етегі жасқа толатын осындай азаматтарымыз көп болса, шіркін!» деп жазады Шона ақын туралы сатирик – жазушы Үміт Зұлхарова.

Qasymhan Estemesuly Tólendiev

Обсудить

Похожие материалы:

Ұлт жанашыры ұлықталды
27 май 2024, Понедельник
Ұлт жанашыры ұлықталды
ШОНА САТИРАЛАРЫ САХНАЛАНДЫ
15 апрель 2024, Понедельник
ШОНА САТИРАЛАРЫ САХНАЛАНДЫ
Мерейтой
08 декабрь 2021, Среда
Мерейтой
АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ДАРАБОЗ
11 октябрь 2023, Среда
АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ДАРАБОЗ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры