Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Ұлт жанашыры ұлықталды

Ұлт жанашыры ұлықталды

27 май 2024, Понедельник
112
0
Жақында облыстық ардагерлер ке-ңесі жанындағы мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының бастамасымен Тараз қаласындағы Шона Смаханұлы атындағы № 44 орта мектебінде сатирик ақын, қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Шоқ тілді Шона» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Кешке тұрақты комиссияның мүше-лері, Қазақ Ұлттық университетінің ардагер ұстазы, тележурналист Қоянбек Қожаберді, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақов, белгілі қаламгер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүше-сі Көсемәлі Сәттібайұлы, журналист, Шона Смаханұлының өмірі мен шығар-машылығы жайлы өндіре жазып жүрген Ерман Әбдиев және мектеп ұстаздары, әдебиетке бейімі бар жоғары сынып оқушылары қатысты.
Басқосуға, сондай-ақ, Шона Смахан-ұлының ұлдары Ұлан және Жансерік, келіні Гүлназ, Шонаның халыққа кеңі-нен тараған «Анамның тілі» өлеңіне ән жазған облыстық қазақ драма театрының әртісі, сазгер Әбиірбек Тінәлиев құр-метті қонақ ретінде шақырылыпты.
Сахна төріне Шона Смаханұлының үлкен портреті ілініп, ақынның ана тіліне, қазақ мектептерінің сол кездегі проблемаларына байланысты айтқан ұлағатты сөздері мен тұжырымдары көрнекі етіп ілінген екен.
Кештің ашылуында мектеп өнер-паздарынан құрылған хор ақынның «Анамның тілі» өлеңіне жазылған Әбиірбек Тінәлиевтің әнін шырқады. Бұдан кейін мектеп оқушылары Шонаның әзіл-оспақтарымен сықақ-тарын нәшіне келтіре орынап, елді күлкіге қарық қылды.
Бұдан кейін сөз кеш қонақтарына беріліп, Шонаның көзін көрген үзеңгілес інілері, ғалымдар мен ақын-жазушылар Шонаның өмірі мен шығырмашылығына байланысты қызықты да әсерлі естелік-терімен бөлісті.
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ардагер ұстазы Қоян-бек Қожаберді Шона Смаханұлының өзінің туыс бауыры ретінде де көп қамқорлығын көргенін, ақынның тікелей ықпалымен тележурналист мамандығын меңгеріп, университеттің журналистика факультеті студенттеріне ұзақ жылдар дәріс беріп, шәкірттер тәрбиелегенін мақтанышпен айтты.
Әдебиеттанушы, ғалым, филология ғалымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ Шонаның уытты туындылары қазақ сатирасының даму-ына өлшеусіз үлес қосқанын айта келіп ақын сатирасының қазір де маңызы жойылмағанына нақтылы мысалдар келтірді.  Ғалым Шона ақынның сол кездегі қазақ тілінің – ұлттық тілдің мүшкіл хәлін сатиралық туындыларында түрлі амал-тәсілдермен ашып көрсете отырып, оның мынау «тілбұғар» деп біреулерге тілін беземей-ақ кейіпкердің өз сөздері арқылы өмір шындығын көрсете алған шеберлігіне баса тоқталды.
Танымал қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы кезінде облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде істеп жүрген кезінде Шона ақынды алғаш рет көріп, танысқанын, ақынның жас журналистерге, ақын-жазушыларға ақ батасын беріп, шығармашылық табыстар тілегенін тебірене айтты. Жазушы Шона ақын-ның қайраткерлігіне, әсіресе Алматыда (сол кездегі еліміздің астанасы) қазақ мектептерін ашуға сіңірген еңбегіне, қайсарлығы мен табандылығына кеңінен тоқталып, ақынның биылғы жүз жылдық мерейтойын жоғарғы деңгейде атап өту жөніндегі өз ойларын, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. 
Бұдан кейін мектеп оқушылары ақынның «Ортеке» өлеңіне жазылған Т.Базарбаевтың әні бойынша қойылым көрсетті. Театр әртісі Әбиірбек Тінәлиев Шонаның бүгінгі таңда «тіл гимніне» айналған «Анамның тілі» әнінің шығу тарихын айта келіп, өз әнін нәшіне келтіре орындады. Кеш соңында сөз ал-ған ақынның ұлы – Жансерік Шона-ұлы осы кешті ұйымдастырушыларға алғысын айта келіп, өзінің Алматы қаласындағы  Шона Смаханұлы атын-дағы №62 мектептің түлегі екенін және қазіргі уақытта балаларының да осы мектепте оқитынын, Тараз қаласындағы ағасы Ұлан Шонаұлының балаларының да осы кешті өткізуге атсалысып отырған Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектепте оқып жүргенін мақтанышпен айты.
Әдеби-сазды кеш мектеп оқушы-ларының Шона Смаханұлының сөзіне жазылған С.Керімбаевтың «Жамбыл жастарының вальсі» әніне арналып дайындалған қойылыммен аяқталды. Әнді мектеп оқушыларының хорымен қосылып залда отырған қонақтар мен ұстаздар түрегеп тұрып қосыла шырқады.
Қорыта келгенде, Шона Смахан-ұлының өнегелі өмір жолын насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың Отанына, еліне, туған жеріне, тілі мен діліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тағылымы мол болған осы басқосудан зор әсермен қайттық.
Мұхаметілда БАЙШОНОВ,
облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы мәдениет және 
жастар ісі жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры