ІСТІҢ АДАМЫ
...1991 жылы КСРО құрамындағы Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді, өз билігіміз өзімізге тиді. Егемен ел ретінде қай мәселені де ешкімге жалтақтамай дербес шешетін болдық. Соның нәтижесінде Тәуелсіз Қазақ еліне жаңа әкімшілік басқару жүйесі енгізілді. 1992 жылы ақпан айында, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Мойынқұм ауданының әкімі лауазымына Бағлан Жиенәліұлы Қарашолақов тағайындалды. Еңбек жолын "Жамбыл" кеңшарының құрылыс саласында шебер болып бастаған Бәкең үлкен талап-талпынысының, істің көзін таба алатын ұйымдастырушылық қасиетінің, аса алғырлығының арқасында сол тұстағы Фурманов атындағы совхоздың директоры, әйгілі Иван Готфридович Экгардт басқаратын №2006 ПМК-ның бас инженері, №45 ПМК-ның басшысы, аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары сияқты жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, іскерлігімен ел - жұртқа жарқырай танылды.
Мен ол тұста аудандық «Мойынқұм таңы» газеттің бас редакторымын. Жұмыс барысында ол өткізетін әртүрлі жиын-басқосуларға жиі-жиі қатысамыз. Бәкең мекеме басшыларына тапсырма береді, біз аудандағы бірден-бір бұқаралық ақпарат құралы ретінде, тапсырмалардың оңымен орнықты орындалу барысы жайлы жазамыз. Себебі, түптеп келгенде, барлығы да елдің жайына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты маңызды мәселелер ғой.
Бағлан Қарашолақов уақыттың қадірін білетін. Кейбір босбелбеу басшылар сияқты бостан-босқа мыжып отырмайтын, қысқа қайырған, нақты тапсырма беретін, бәрін дәлелдеп, жеріне жеткізіп келтіргенде, тіпті, шегінуге жол қалдырмайтын...
Сонымен қатар, мәселе туындап, шешімі өзіне тірелгенде «көреміз, байқайық» деген сөздері айтпайтын, бірден (өзі іштей жедел сараптап, салмақтап алатын болуы керек) «болады» дейтін, не «болмайды» деп бір-ақ кесетін.
Тоқсаныншы жылдардың бас жағындағы, егемендіктің елең-алаңындағы өтпелі кезеңде аудандық басылымдардың төбесіне де қара бұлт үйірілді... Баспахананы материалдық- техникалық жағынан жабдықтау, редакцияны газет қағазымен қамтамасыз ету, тіпті, қаржыландыру мәселелері басы ашық күйінде қалды. Осындай қиындықтардан еліміздің көптеген аудандық газеттерінің жабылып қалғанын естіп жаттық.
Бағлан Жиенәліұлының тікелей қамқорлығының арқасында шалғайдағы Мойынқұмның газеті шығуын ешқашан тоқтатқан жоқ. Мақтануға да болады, облыстағы басқа аудандық басылымдар бір ретке көшкенде, біздің газетіміз аптасына екі рет жарық көріп тұрды. Бұл, әрине, қиыннан қиыстырып қажетті қаржыны тауып беріп, қолдау-көмегін аямаған аудан әкім дұрыс көзқарасынан арқасы еді.
Бәкеңнің тағы бір ерлігі – 1994 жылы, ауыртпалық әлі аяқтан тартып тұрса да, ел қорғаны болған Биназар Ақеділұлы батырдың жатқан жерін ретке келтіріп, көрікті кесене тұрғызғаны және 190 жылдығын атап өту болды. Бұл, сөз жоқ, қиын кезде мойынқұмдықтардың рухын көтерген шара ретінде есте қалды. Әрине, батыр тойы ең алдымен халықтың ыстық ықыласымен, күшімен, ұйымшылдығымен өтті. Бірақ, көптің ойын орнымен ескеру, игі істерге бастамашы болу, жоқтан бар жасау, мойынқұмдықтардың тілек-ниетін бір арнаға тоғыстыра білу, сөйтіп, бұл салтанаттың жоғары дәрежеде орайын оңынан келтіру сол бір кезде оңай емес еді-ау. Бірақ, ол аудан басшысының қолынан келді.
Бағлан аға басқарған тұста, сонымен қатар, барша қазақтың Жазатасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 100 жылдығы «Тұлпарсаз» жайлауында кеңінен аталып өтті. Аты алысқа кеткен от ауызды, орақ тілді ақын әрі шешен Қылышбайдың рухына құрмет көрсетіліп, туған жеріне ескерткіш-белгі орнатылды.
Аудан орталығында облыс бойынша алғашқыларының бірі болып Алланың үйі – сәулетті мешіттің ашылуы да Бағлан әкімнің күш-жігерімен жүзеге асқанын айтқанымыз жөн.
Әсіресе, ауданның күш-қуатын арттыратын, қаржы - қаражатын молайтатын өнеркәсіп саласын дамытуға айрықша көңіл бөлді. Оның ішінде аса бағалы алтын өндіретін Ақбақай кен байыту комбинаты, Шығыс және Батыс кен басқармалары және тағы басқалары бар.
Мықты басшының аты мықты басшы. Ондай жеңісті жетекшіні жоғары жақтағылардың қырағы көзі бірден шалады да үлкен сенім артады. Сондықтан ол кісі кіндігін кескен туған жерінен кейін Шу, Меркі, Жуалы аудандарында әкім болды. Одан соң облыстық тәртіптік кеңестің (сол кезде ғой мені де осы кеңестің штаттан тыс инспекторы етіп, куәлігін бергені) тізгінін ұстап, мемлекеттік қызметшілердің талай теріс әрекеттерінің жолын кесті...
Сонымен қатар, бірталай жыл Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы ретінде бүкіл Әулиеата өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көтерілуіне үлкен үлесін қосты.
Басқару ісінде тәжірибесі өте мол, жетекшілік жұмыста әбден ысылған, білімді, білікті Бәкең қазір де аттан түскен жоқ, бүгінде облыстық кәсіподақтар орталығын басқарып, мұнда да ортақ игілік орайындағы барлық тірліктің оңға басуы жолында қызмет етуде.
х х х
...Бағлан ағаның, жасыра алмаймын, мені де екі рет қатты қыспаққа алғаны бар. "Фурманов" атындағы кеңшардың директоры кезінде аупарткомда кезігіп қалып едім «Әй бала, сен неге газетіңе біздің шаруашылықтың көрсеткіштерін төмендетіп жазасың, бұл қалай, жұмысқа олай қарауға болмайды»дегені әлі есімде.
Екінші рет әңгімеміз өте күрделі сипат алды. Ол тұста Бәкең аудан әкімі. Өңіріміздегі үлкен бір өнеркәсіп орнының басшысы мені шақырып жағдайды тәптіштеп түсіндірді. Олардың қуатты кәсіпорнын жоғарыдағылардың кейбірінің пәрменімен, сол мезгілдің бір «оңды үрдісінің» бірі ретінде, шетелдіктерге сату жөнінде ұйғарым жасалыпты.
Содан бұған қарсылық білдіріп әлгі басшы екеуіміз Президентке ашық хат жаздық, астына ұжымның барлық дерлік мүшелері, ішінде жетекші инженер- техник қызметкерлер бар, қол қойды.
...Бір күн өтті ме, өтпеді ме, мені Бәкең кабинетіне шақырды. Кіріп барсам, қатты ашуланып отыр екен, қолын жоғары сермеп «Әй, Қадықов, саған кім ана ашық хатты жаз деген!Сен соны өз қолыңмен «өрнектегенде» арты не боларын ойладың ба, ойламадың ба?! Мен республикалық газеттің бас редактормен сөйлесіп қойдым, жаныңның барында тез жет те, әлгі хатты қайта алып кел!»-деді. Мен басымды төмен салып: «Сіздер өндіріс басшысымен өзара келісіп істеген шығар деп ойладым ғой» дедім. Сөйтсем, бұл мәселе Мемлекет басшысына ашық хат жазбай-ақ, басқа жолмен, яғни, ол шетелге берілмей-ақ, сатылмай-ақ шешіліп қойған екен ғой сол кезде, әсіресе, мен оны қайдан білейін...
...Сол күні кешкісін Алматы қайдасың деп «Икаруска» міндім де таңертең республикалық басты газет бас редакторының алдында отырдым. Сөйтіп, ашық хатты қайтарып алып келдім...
Иә, Бағлан аға да туған жеріне көп еңбек сіңірді. Ауданымыздың алғашқы әкімі болды. Тәуелсіздік әкелген игіліктердің алғашқы екпінінде күн-түн демей жалпының жағдайы үшін жұмыс атқарды. Туған ауданының абыройы артуы үшін, халықтың жағдайы үшін қолынан келгенінің бәрін де істеді. Барлығы қат, барлығы жоқ уақытта, ақылы мен еңбегін бірге қосып, нарықтық экономиканың сандаған бұлтарыс-бұрылысынан адаспай сара жол таба білді.
х х х
...Кез-келген мықты еркектің артында оны ерекшелейтін, ісін ілгерілетуге жанын салып жәрдем ететін, қолтығынан демеп қоштайтын, арқасынан қағып алға бастайтын әйел тұрады.
Бәкеңнің Құдай қосқан қосағы, асыл жары, мерейлі Меркі ауданының қызы Зияда Ермекбайқызы жеңгеміз де оның отбасының бақ-берекесін кіргізіп, ошағының отын маздата жақты. Үлкен қызметтегі отағасының алаңсыз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасады. Өмірлік сенімді серігі бола білді. Әттең, осыдан бір-екі жыл бұрын дәм-тұзы таусылып, ана дүниеге аттанып кетті. Бұл қайғы, әсіресе, Бәкеңе өте ауыр тиді. Бірақ, Алланың әміріне, тағдырдың жазуына не шара?!
Екеуі Құдай берген төрт қыз, бір ұлды адамдық тәлім-тәрбиемен өсірді, оқытты, тірлік-тіршіліктеріне дұрыс бағыт, бағдар көрсетті. Қазір бәрі де өмірден өздерінің оңды орындарын тапқан, отбасында балаларын өсіріп, тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде ортақ игілікке үлестерін қосуда.
Ғибаратты ғұмырының талай бел-белесін артқа тастап Бәкең де, міне, 75 деген жастың биігіне шығып отыр екен. Мойынқұмның төл перзенті, осы өлкенің өсіп, өрлеп, дамуында үлкен үлесі бар Бағлан ағаға алда да тек дүниедегі барлық игіліктер мен жақсылықтарды тілейміз.
Берікбай ҚАДЫҚОВ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.

Обсудить
Блок в статье:
Азаттық пен еңсесі биік елдіктің айшықты мерекесі
01 ноябрь 2024, Пятница
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)