Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » БАҚЫТЫН ЕҢБЕКТЕН ТАПҚАН

БАҚЫТЫН ЕҢБЕКТЕН ТАПҚАН

29 сентябрь 2024, Воскресенье
99
0
Кім болмасын, қай салада еңбек етпесін таңдаған мамандығын барынша сүйіп, адалдық танытса, оған абырой да, атақ та, бедел де өзі келеді. Сұрап алған атақ ұзаққа бармайтыны секілді, жүрдім-бардым жасай салған істе де береке болмайды. Əрбір адам өзінің жалынды ісімен, жарқын тірлігімен еліне сыйлы, ортасына құрметті болады. «Сегіз қырлы, бір сырлы екен» деп бағалап жатады. Бүгінгі əңгімеміз сондай үлкен жүректі, парасатты, білімді азамат, еңбек жолын қатардағы жұмысшы болудан бастап, инженер , бас инженер, мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік мекеме басшысы, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының бас инспекторы-мемлекеттік аудитор сияқты қызмет сатыларынан өткен , қазіргі таңда Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ақсақалдар алқасының мүшесі сияқты қоғамдық қызметтер атқарып жүрген Малтабар Қаратайұлы Жаманбаев туралы болмақ.Жусанының түбін түртсең тарихына тіл бітетін Үшарал ауылы – талай қырандарды қанаттандырған,топырағына кие дарыған қасиетті өлке, он үш Социалистік Еңбек Ері шыққан құтты мекен. Ойын баласы кезінен алғыр, ойы ұшқыр, үлкеннің айтқанын зейін қойып тыңдап алатын зерделі жас Үшарал орта мектебін ойдағыдай бітірді. Қияға бет алған қыран үшін қарлы шың кедергі болып па, кішкентайынан ширақ болды. Үлкендердің айтқанын екі етпей орындады, мектеп қабырғасында да өзінің алғырлығымен, жанындағыларды үйіріп алып кететін ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті. Əке тəлімін өмірінің ұстанымы етіп, сабақты да жақсы оқыды, мектепаралық пəн олимпиадаларының жүлдегері атанды. «Сен үлкенсің, мен кішімін, ол менікі емес» деп қарап тұрмайтын, жасалу керек іс пе, белсене кірісіп кете беретін. Міне, осындай жұмыс талғамайтын еңбек сүйгіштігінің арқасында үлкендердің де ақ батасын алып өсті. 1971 жылы мектепті бітіріп шыққан соң, Жамбыл жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі технологиялық институтына оқуға түсіп, 1976 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шығады. Осылайша, көңілі қалаған мамандықты меңгеріп шыққан жас маманның алғашқы еңбек жолы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында басталды. 1977-1978 жылдары Кеңес əскері қатарында азаматтық борышын өтеп қайтады. Əскерден келген соң, өзінің зауыттағы жұмысын қайта жалғастырған Малтабар Қаратайұлы аппаратшы, аға шебер, инженер - нұсқаушы болып жұмыс істеді. 1980 жылы жастар арасында Бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы атанып, ол еңбек еткен «Г» ауысымы Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды. 1982 жылдан Қаратау қаласында, қалалық тұрмыс қызметін көрсету комбинатында бас инженер болып, 1985- 1996 жылдары «Прогресс» тері өңдеу фабрикасының өндірістік – техникалық, өндірістік – экономикалық бөлімдеріне басшылық етті. 1996-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің Қаратау аймақтық табиғатты қорғау инспекторы, 2000-2011 жылдары Талас ауданы əкімдігінің бюджеттік жəне білім мекемелерінің орталықтандырылған бухгалтериясы мемлекеттік мекеменің басшысы қызметтерін атқарды. 2002 жылы агротехникалық университетінде экономист-бухгалтер» мамандығын игеріп шыққан ол Талас аудандық мəслихатының депутаты, əлеуметтік-экономикалық, жергілікті салық, бюджет жəне қала шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы міндеттерін қоса атқарып, мəдениет, спорт, білім салаларының материалдықтехникалық базасын нығайтуға өз үлесін қосты. Қызметте жүріп, əр тұрғынның əлеуметтік жағдайы үшін жаны ауырып, шешілмеген мəселелердің түйінін тарқатып, барын салды. Табандылығы мен жауапкершілігінің арқасында өзінің қызметін бар ынтасымен, үлкен тиянақтылықпен атқара білді. Қоғамдық іс-шаралардың қайнаған ортасынан табылды. Ұлттық комиссияның шешімімен мемлекеттік аудитор біліктілігі берілген Малтабар Қаратайұлы 2017 жылдың қазан айына дейін Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының бас инспектормемлекеттік аудитор қызметін абыроймен атқарып, зейнеткерлік демалысына шықты. Зейнетке шыққанымен, өзінің кəсіптік, өмірлік тəжірибесінің арқасында облыстық ардагерлер қозғалысының өркендеп дамуына өз үлесін қосуда. Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары ретінде бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысына ерекше назар аударып, ардагерлерді қоғамдық жұмысқа тартып, олардың қамқорлыққа бөленуіне, əлеуметтік жағдайының жақсаруына зор үлесін қосып отыр. Көптеген іс-шаралардың ұйытқысы, бастамашысы бола білуде. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар алқасының мүшесі ретіндегі қоғамдық жұмысты да абыроймен атқарып келеді. Таластың саңлақ азаматы Малтабар замандасымыз үлкен шаңырақтың бас иесі, ағайындардың ақылшысы, достары мен замандастарының сыйлысы. Мəкеңнің шаңырағының шаттығын, əулетінің əрін кіргізіп отырған жары Бибажар Оспанбекқызы Ожанова екеуі төрт бала тəрбиелеп, 18 немере сүйіп отырған бақытты ата-əже. Бүгінде мерейлі 70 жасқа толып отырған, өз бақытын еңбектен тапқан азаматтың төресі Малтабар Қаратайұлына зор денсаулықта болып, абырой биігінен түспей, ел үшін қызмет ете беріңіз дегіміз келеді.
Алдаберді МАҚАШЕВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Обсудить

Похожие материалы:

БАҚЫТЫН ЖОЛДАН ТАПҚАН
18 март 2024, Понедельник
БАҚЫТЫН ЖОЛДАН ТАПҚАН
ӘР ОТБАСЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН
15 декабрь 2023, Пятница
ӘР ОТБАСЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН
Жағымды жаңалық
29 апрель 2022, Пятница
Жағымды жаңалық
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры