Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Қарттардың сөзін сөйлеген «Ғұмыр-дария»

Қарттардың сөзін сөйлеген «Ғұмыр-дария»

25 октябрь 2024, Пятница
41
0
Бұдан отыз төрт жыл бұрын ел өзінің көшін түзеп, егемендігін жария етті.  Қазақстан, еркін ел болды. Ұлттық мәдениеттің, ана тілінің тынысы кеңейіп, шын тәуелсіздікке бет бұрдық. Қайта өрлеу жолына түстік. Әйтсе де, аңсап жеткен азаттықты халық қалай қабыл алды? Оның мәнін бұл күнде қалай түсінеді? Соның шын бағасын біліп жүреміз бе?  
 Міне, осы орайда мен облыстық «Ғұмыр-Дария» газетін оқи отырып өзім қойып отырған көп сұрақтарыма жауап таба аламын. Өйткені бұл басылымда тарих та, тағдыр да, бастысы тәлім-тәрбие тақырыбы кеңінен қамтылады. 
Басылымның табалдырығын тұрғызып, қабырғасын қалаған қайраткер журналист Жаңабай Миллионовтың табандылығы мен білім, парасатының арқасында бой түзеп, бүгінде мен деген басылымдардың алдыңғы сапына шыққан  «Ғұмыр-Дария»  газетінің алғашқы шыққан күнінен бері тұрақты оқырманымын. Бұл басылым нағыз егемендіктің жемісі. Қарттарын қадірлеген, азбас елдің темірқазығы десек те қателеспейміз.
 Бүгінгі таңда «Ғұмыр-Дария» – өз айтары мен берері мол, жұрт көңілінде елеулі орын алатын сүйікті басылым. Бүгінгі таңда басылым, түбегейлі өзгерді. Газеттің әрбір санында жаңа айдарлар мен тың да ойлы, өзекті мақалалар жарық көруде. 
Газет ұжымына айтарымыз, осылайша, тәрбие мен тәлімді ту етіп көтеріп, қалың оқырманның санасына тәуелсіздіктің қадір-қасиеті жөніндегі ордалы ойларды орнықтыра берулеріңізге тілектеспіз! Тереңнен тербеп, қиядан шалып, елдің ақпараттық діңгегі деген айбарлы атқа жетіңіздер!
Газет - оқырмандарымен бағалы. Олай болса, қариялардың жоғын жоқтап, барын жария ететін жалғыз басылым – «Ғұмыр-Дария» газетіне жаппай жазылайық, ағайын!



Алтын Досжанова, еңбек ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы
Обсудить
Блок в статье:
ІСТІҢ АДАМЫ 25 октябрь 2024, Пятница

Похожие материалы:

Ардагерлермен ақылдасты
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлермен ақылдасты
Құттықтаймыз
08 декабрь 2021, Среда
Құттықтаймыз
Жазылым – 2020
27 май 2020, Среда
Жазылым – 2020
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры