АСТЫҢ АТАСЫ – ҚАСИЕТТІ НАН
«Ғұмыр–Дария» газетінің тілшісі Дариха Үмбетиярованың «Бір үзім нан. Бағасын біліп жүрміз бе?» деген мақаласы бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірін көтеріп, оқырманға ой салғандығын айтуымыз керек. Автордың қасиетті нанға байланысты айтқан салиқалы пікірін оқыған соң мен де қолыма қалам алдым.
Біздер – өзіміз ес білген бала кезімізден нанды құрметтеуге дағдыланған ұрпақ өкілдеріміз. Ата-әжелеріміздің тәлімді тәрбиесі болуы керек, жерге түсіп кеткен шөкімдей ғана нанды қолымызға алып, маңдайымызға басып, оны ауызға салатынбыз. Ал, қазіргі тоқшылық заманда жағдай мүлдем басқаша. Мақала авторы айтқандай, қалада нанның қалдықтары көрінген жерде шашылып жатқандығын күнделікті көріп те жүрміз. Мен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде қаладағы мекеме, оқу орындарындағы кездесулерге тұрақты түрде қатысып келемін. Сондай сәтте қасиетті нан туралы өзімнің ой-пікірімді, ұсынысымды айтудан жалыққан емеспін. Құрмет тұтатын нанның қалай дайындалатындығына дейін тоқталып өтемін. Ең алдымен егістік алқапты соқамен жыртып, тырмамен топырақты майдалап әрі тегістейді. Содан кейін барып тұқымды себеді. Егін пісіп, дайын болған кезде комбайнмен жинап, бидайды қырманға түсіреді. Ол жерден тазартылып, қамбаға құйылады. Ары қарай бидайды диірменге тарттырып, ұнға айналдырады. Сол ұн наубайханаға жөнелтіліп, соңында нан болып шығып, күнделікті тұтынатын нәрлі асымызға айналады. Мұның бәрін тәтпіштеп айтып отырғаным, нанның осыншалықты ұзақ та күрделі кезеңнен өтіп барып дайындалатынын көпшіліктің есіне салу болатын. Қоқыс тастайтын орындардың маңынан өткенде нан қалдықтарын, кейде тіптен бүтін бөлкелердің шашылып жатқандығын көріп, көңілің құлазып қалады. Нан қалдықтарын тастап жатқан адамдар көзіме түсе қалса, шыдай алмай қасына барып, нанның киесі бар екендігін ескертіп, өзімнің бар білгенімді олардың санасына жеткізуге тырысамын. Кездесулерде, басқосуларда нанды үйдегі адам санына қарай шақтап алуын, ал егер артылған нан қаязып бара жатса, майдалап турап қуырып жеңсік ас жасаса ешқандай да ысырап болмайтындығын да еске салып келемін. Ұрпағымызды ас атасы болып саналатын нанды ысырап етпеуге, құрметтеуге және қасиетін түсініп өсуге тәрбиелейік.
Алдаберді МАҚАШЕВ, мемлекеттік қызметтің ардагері. Тараз қаласы.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)