Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БІР ҮЗІМ НАН. БАҒАСЫН БІЛІП ЖҮРМІЗ БЕ?

БІР ҮЗІМ НАН. БАҒАСЫН БІЛІП ЖҮРМІЗ БЕ?

14 сентябрь 2024, Суббота
41
0
Ас атасын қадірлеуге үндейтін «Нан қиқымын шашпаңдар» деп басталатын өлең жолдарын жаттап өскен қазақтың баласымыз. Әсіресе үлкендер жағы нан қадірін басқалардан артықтау бағалайды. Өйткені олар аштық пен таршылық заманды көрген буынның тікелей ұрпақтары ғой. Халқының жартысына жуығы нәубетті кезеңдерде қынадай қырылған қазақтай қайсар ұлт нанның қадірін өзгеден артық білуі бір жағынан заңдылық та сияқты. Бала кезімізде әкем таба нанды үзген соң оның дастарқанға түскен үгіндісін сыпырып-сиырып аузына салатын. Бізге де «Нанның қоқымын көп жесең, бай боласың», – деп қолпаштап қоятын. Ал нанның жерде жатқанын көрсе, әшейінде аса ашу шақыра қоймайтын әкемнің түсі бұзылып, дауысы қатқылдау шығатын еді. Бірде мен осындай бір оқиғадан кейін: «Әке, неге сонша ашуланасыз? Қатып қалған нанға бола жүйкеңізді тоздырып», – дегенім сол еді, ол, тіпті, ашуға булықты. «Көтер деген соң, көтер! Нанды аяқтың астына қамсыз адам ғана тастайды», – деп қатулы қабағын жазбастан сыртқа шығып кетті. Кешкі дастарқан басына жиналып, баршамыз әкемнің баппен турап жатқан нанына қарап отырғанымызда ол сөз бастап: – Айналайындар, мен сендерге «нанды жерге тастамаңдар!», «нанды баспаңдар!» деп қанша айтамын. Сендер тоқшылық заманда тудыңдар, қанша тоқ болсаңдар да нанның қадірін біліп өсіңдер. Ал біз бала кезімізде бір үзім нанға зар болып, аштықтың тауқыметін көріп өстік. Ондай заман қайта айналып келмесін. Мен туған жылы елімізде ашаршылық болып, бір үзім нан таба алмай, талайдың өмірі қиылғанын өздерің тарихтан оқып, біліп жүрсіңдер. Ұлы Отан соғысы жылдары егіс даласында қалған масақты жинап, қаншама адам жан сақтады. Баласы немесе бауыры аштан өлмес үшін бір уыс бидайды ұрлаған қаншама адам қылмыскер атанды. Ол туралы кітаптардан оқып, теледидардан көріп жүрсіңдер. Әрине, бүгінгі заманның балалары оны түсіне бермейді. Қарындарың бір күн де ашып көрген емес. Бірақ сендер дастарқанның үстінде тұратын тағамға құрметпен қарауды ұмытпауларың керек. Әсіресе, нанды жерге тастаған адамнан мен жақсылық күтпес едім, – деген еді. Талай жыл өткен соң бұл әңгімені еске алуымның өзіндік себебі бар. Әдеттегідей таңғы сегізде қызым Шұғыла екеуміз біріміз балабақшаға, біріміз жұмысқа асығамыз. Кенет жолда бір үзім нан жатыр екен. Қызым дереу жүгіріп барып: «Анашым, нанды жерге тастауға болмайды ғой. Кім тастап кеткен?… Оны алып торғайларға тастау керек. Әйтпесе үйде нан таусылып қалады екен. Мұны маған апай айтты», – деді. Қызыма осындай өмірлік тәлім үйреткен ұстазға іштей риза болдым. Расымен, «Бүгінгі ұрпақ емес, қасиетті қара нанның қадірін осы үлкендердің өздері біледі ме екен?» деген сұрақ көкейіме келді. Себебі қалада нанның қалдықтары көрінген жерде шашылып жатады. Бұл сөзіме келіспейтіндер қаладағы қоқыс тастайтын орындарға барса көз жеткізері анық. Онда шашылып жатқан нанның неше түрін көресің. Кейбір иманды жандар көшедегі шарбаққа іліп кетеді. Егерде ұялы телефонға емес, қолына кітап ұстап, Бейімбеттің «Күлпашын» оқыған қазақ болса, Мақтымдай әкенің таңнан кешке дейін ел аралап, бір үзім нанды әрең табатынын, тіпті кейде соған да зар болып қалатынын жақсы білер еді.. Күлпаштай ананы байдың үйіне жалдануға, ашығын айтқанда кіші әйелі болуға сол кездегі жағдай мәжбүр етті. Олай жасамаса Қалидай жалғызы аштан өлуі мүмкін еді ғой. Жақындарын аштықтан құтқарудың жалғыз жолы осы деп білген Күлпаш тағдыр талайына жазылған тауқыметке басын иген болатын. Бай үйіне үйренісемін дегенше болмады, Мақтым мен Қалидың жағдайын білмекке келгенде жақындарының құшақтасқан күйі қатып қалған мүрделерін көреді. Майлиннің туындысын оқып отырған шақта осы бір көрініс жаныңды ауыртып, жүрегіңді қан жылатады. Сол кезде талғажау ететін бір үзім нан болғанда асыл ана құндақтағы сәбиін қасқырлардың аранына тастамас еді. Азық етерлік нан болғанда Күлпаштың тағдыры басқалай өрбитін еді. Әттең, бүгінгідей иттің басына іркіт төгілген заманда нанның қадірін жете түсінбей жатырмыз ғой. Ата-бабаларымыздың басынан өткен нәубетті кезеңдерді еске алып, балаларымызға нанның қадірін ұғындыру әрбіріміздің міндетіміз деп білеміз.  
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Айтамыз!
14 октябрь 2020, Среда
Айтамыз!
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
Қазақ бол!
08 апрель 2020, Среда
Қазақ бол!
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры