Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

29 сентябрь 2024, Воскресенье
81
0
Ардагерлер ұйымдары кешегі қиын-қыстау кезеңде өзін-өзі сақтап қалған, заман өзгерсе де өзінің алған бағытын, ұстанымын өзгертпеген жалғыз қоғамдық қозғалыс десек артық айтқандық болмас. Қоғамның қаншалықты өркениетті, қаншалықты зиялы екендігі қай кезде болмасын үлкендерге деген құрметпен өлшенген. Аға ұрпақтың өнегесі, тәжірибесі қоғамға қай уақытта да қажет.

Расында да, бүгінгінің ақсақалы қандай? Қазіргінің қариясы, алдыңғы толқын аға буыны қандай өнегелі ісімен танылып отыр? Өңірдегі тұрақшылықты, елдің бірлік-берекесін сақтауда ардагерлер ұйымдары қандай жұмыс атқаруда? Біз осы тақырып төңірегінде Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбетті әңгімеге тартқан едік.ТІЛШІ: - Бүгінде ардагерлер ұйымдарының қызметінде тың үрдістер, игілікті ізденістер болып жатқандығы жайлы жұрт жиі айтады.
 Әуелі әңгімемізді аудан көлемінде ардагерлер ұйымдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы бастасаңыз. Біржан ӘЛІМБЕТ: - Ардагерлеріміз қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жастарға қашанда жол көрсетіп, ұлттық болмыс пен құндылықтарды олардың бойына сіңіре отырып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісуден, үнемі ақылкеңестерін беруден жалыққан емес. Аудандағы әрбір ардагер назардан тыс қалған емес. Әрқайсысы есепке алынған, бастауыш ұйымның есебіне тіркелген. Әрбір қарт кісіге көңіл бөліп, назар аударған соң олар да белсенділіктерін арттыра бастайтыны белгілі. Жұмыс жүйеленген. Ауданымызда ардагерлердің ұйымдастыруымен түрлі мәдени, спорттық және қайырымдылық ісшаралары жиі өткізіледі. Елімізде аталып өтетін барлық мерекелерде жергілікті жердің ардагерлер кеңестерінің төрағалары округтерде ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға ұйтқы болады. Айталық, қарттар күніне орай жыл сайын ауылдық округтерде «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізіледі. Мәселен, аудан мектептеріндегі ардагерлер ұйымдары оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әрі туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Менің кіші Отаным», «Туған жерге туыңды тік», «Менің туған ауылым» тақырыптарында эссе жұмыстарының байқауларын ұйымдастырды. Мектеп мұражайларының тәрбие берудегі және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеудегі жұмыстарын бағалау мақсатында конкурстар өткізу тұрақты қолға алынуда. Ауданда тұратын еңбек және тыл ардагерлерінің мерейтойлары назардан тыс қалмайды. 70,80,90,100 жасаған қариялардың мерейтойлық шаралары ұйымдастырылып, марапатталады. Жыл басында Бетқайнар ауылының тұрғыны, ғасыр жасаған, ауданның Құрметті ардагері, ардақты ана Зейтана Құттықованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтадық. Биылғы жылы ауданда жастары 100-ден асқан 5 анаға құрмет көрсетілді. Бекітілген кестеге сәйкес, биыл маусым-шілде айларында ауданның барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтті. Бастауыш ұйымдардың төрағалары мен төрайымдары атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Жиналыстар барысында ауылдық округ ардагерлер ұйымдарының бірқатар төрағалары ауысты, жаңа төрағалар сайланды. Үлкен Сұлутөр, Қақпатас, Беріктас ауылдарының ақ жаулықты әжелерінің «Даналық» мектебінің жұмыстары арнайы жасалған жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оқушы қыздар өздерінің жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, қой жүнінен емес жасанды жүн қылшықтарымен де жақсы дүниелер жасауға болатын дәлелдеп берді. Әжелер қыздарға шеберлік сабақтарын өткізуді дәстүрге айналдырған. Ұршықтың құрылымымен таныстырып, жіп иіруге, тоқыма тоқуға, кесте тігуге, жүн түтіп, ою оюға баулуда. Сабақ барысында әжелер ауылдың алты ауыз әнін шырқап, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап береді. Ата дәстүрді сақтау сынды асыл қасиеттерді бойларына сіңіруге барынша тырысты. Қордай аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Д.Сегізбаев, төралқа мүшесі, ардагер журналист Қ.Әлімжан, аудандық аналар алқасының төрайымы Р.Қағазбай, мүшесі Л.Харченко Тараз қаласындағы №5513 әскери бөлімінің, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлерінің, колледж оқытушыларының қатысуымен Қордай гуманитарлы - экономикалық «Береке» колледжі білімгерлерімен жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға бағытталған тақырып аясында кездесу өткізілді. Қордай аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында аудандық ардагерлер кеңесінің және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, «Дәстүрімнің балқаймағы – әжелер» атты аудандық байқау өтті. Байқауға 17 ауылдық округтен, 58 – 81 жас аралығындағы әжелер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Шілденің 12-14 аралығында Қордай ауданының ардагерлер ұйымдарының жұмыстарына белсене қатысып жүрген 20 еңбек ардагері Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд қалаларында екі күндік сапарға барып келді. Сапарымыз Төле би бабамыздың, Әмір Темірдің кесеңелеріне тәу етуден басталды. 21 тамыз күні Қордай ауылдық округі ардагерлерінің ұйымдастыруымен Цемзауыт ауылдық мәдениет үйінде Жетісу өңіріне белгілі би-шешен Ноғайбай би Дәулетқұлұлының 190 жылдығына арналған ақсақалдар арасында «Баталы елдің бағы бар» атты бата беру сайысын ұйымдастырдық. Батагөйлер байқауына 84 жастағы Өмірзақов Нұрғали, 80 жастағы Иманалиев Атыхан, 70 жастағы Байшымыров Болар, 76 жастағы Аманхан Иемберген, 80 жастағы Солтанбеков Ырысбай сынды белсенді ардагерлер қатысты. Барлық батагөйлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. ТІЛШІ:-Атқарылып жатқан істеріңіз аз емес екен. Тізбектей берсек сан жетпейтін секілді. Осы орайда аудандағы этнос өкілдеріне қатысты сұрақ көкейге оралады. Әскерге бару деңгейі қалай? Көп ішінде басқа этнос өкілдерінің жастары әскерге бармайды деген әңгімелер желдей еседі. Оcы жөнінде тоқталсаңыз…. Біржан ӘЛІМБЕТ: - Ардагерлеріміз жас ұрпақ тәрбиесіне көбірек араласа бастады. Мектептерде, колледждер мен университеттерде, жастар орталықтарында кездесулер жиірек ұйымдастырылуда. Биылғы ораза кезінде әр этностың ақсақалдарына арнайы ауызашар беріліп, жастар тәрбиесі жөнінде жан-жақты әңгіме қозғадық. Әрине, қол жеткенді місе тұтуға болмайды. Шешімін күткен кейбір кілтипандарымыз да жоқ емес. Біле-білгенге ардагерлер – үлкен күш. Тәуелсіздігімізді тұғырлы баянды етуде аға ұрпаққа жүктелер жауапкершілік жоғары. Ең бастысы, ардагерлеріміз осы парызды терең сезінеді. Осы орайда сіздің сауалыңыз орынды. Бұл туралы ақпарат құралдарында, ел ішінде әңгімелердің айтылып жүргені рас. Ақиқатында бізде тұрып жатқан этнос өкілдері арасында достық, бауырмалдық, сыйластық қалыптасқан. Біздің халқымыз ешкімді жат санап, жатырқаған емес. Қордай ауданында отызға тарта ұлт өкілдері ынтымақ-бірлікте өмір сүруде. 150 мыңнан асатын аудан халқы үлкенді-кішілі 41 елді мекенде, 19 ауылдық округте қауымдасып өмір сүріп келеді. Осы орайда біз ардагерлер жиі бас қосып, өзге этнос өкілдерімен жиындар, жарыстар, байқаулар өткізіп тұрамыз, олардың елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін оятамыз, өзге этнос өкілдерінің қарияларымен бірлестікте іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Нәтижесінде қазіргі таңда Қордайдың өзге ұлт өкілдерінің балалалары да әскерге басқалармен бірдей аттанып, елімізді қорғауға атсалысуда. Жылдан жылға басқа ұлт өкілдері жастарынан өз еркімен әскерге аттанушылар қатары көбейіп келеді. ТІЛШІ: - Бұл жөн екен. Десек те қордайлық өзге этнос өкілдерінің қазақ тілін үйрену жағы қалай? Біржан ӘЛІМБЕТ: - Бүгінгі таңда Қордай ауданында қазақ тілін оқыту курстарының саны артып келеді. Қордайлықтардың қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы жоғары. Тіл – адамның ең негізгі байлығының бірі екенін, сонымен қатар, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде қолдану керектігін ардагерлер жиі насихаттап келеміз. 2024 жылдың 29 наурызында, Қордай ауданында аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Ұрпағыңды тәрбиелеймін десең, ұлыңды тәрбиеле!» атты форум өтті. Форумның басында «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты бейнеролик көрсетілді. Форумға ауылдық округтердің ардагерлері және әкелер кеңестерінің төрағалары қатысты. Мен өзім осы жиында «Әкеніңұл бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында баяндама жасадым. Қордай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов қосымша сөз алып, тіліміздің, дініміздің, ұлттық тәрбиеміздің мәселелеріне тоқталды. Бүгінгі таңда қордайлық өзге этнос өкілдері тіпті қазақша әндер салып, қазақтармен тығыз қарым қатынаста, құдандалы болып жатқан жәйі бар. ТІЛШІ: - Сіздердің ел арасында көптеген қайырымдылық шараларына ұйытқы болып жүргендеріңізден хабардармыз. Біржан ӘЛІМБЕТ: - Бүгінгідей алмағайып заманда бір бірімізге қамқор, жанашыр болуымыз керек. Қайырымдылықтың үлкенкішісі болмайды. Бастысы – шын ниет, адал көңілде. Иә, апат айтып келмейді. Биыл еліміздің басым бөлігіне алапат су тасқыны болды. Биылғы 6 сәуірде Қордай ауданында су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласына гуманитарлық көмек ұйымдастырылды. Оған Қордай ауданының барлық тұрғындары жаппай атсалысты. Киім-кешек, азық-түлік жинақталды. Бұл іс-шарадан аудан ардагерлері де тыс қалған жоқ. Жаппай атсалысып, аналар мен ардагерлер кеңестері қолдарынан келгенше, игі іске бастамашы болды. Су тасқынынан зардап шеккен Батыс өңіріңін тұрғындарына қолдан келгенше көмектерін аямады. Аудан ардагерлері 140 мың көлемінде азық-түлік, киім тапсырды. Қақпатас ауылдық округі аналар алқасының мүшесі Мейірманова Құндызай бір миллион теңге қаржы аударды. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектептерге қажетті құрал – жабдықтар, оқушыларға қыстық сырт киім, бас киім, қолғап, аяқ киімдер алып берді. ТІЛШІ: - Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында аудандағы ардагердің спортқа қызығушылығы қандай? Біржан ӘЛІМБЕТ: - Бұл бағытта аудандағы қарияларымызды мақтан тұтып айта аламын. Ауылымызда жастарға үлгі өнеге көрсетіп жүрген, спортпен тұрақты айналысатын ардагерлер көптеп саналады. Биыл мамыр айында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, Ұлы Жеңістің 79 жылдығына және ардагерлер ұйымының құрылғанына 37 жыл толуына байланысты аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Қордай ауданының ардагерлері арасында дәстүрді аудандық спартакиада өтті. Бұл жарысқа аудан бойынша барлық ауылдық округтерден ардагер спортшылар қатысты. Жарыс спорттың 10 түрінен – шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, бильярд, дартс, теннис, ләңгі, қол күрес және волейбол ойындары ұйымдастырылды. Сонымен қатар Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Тараз қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиада спорттың 8 түрінен – волейбол, бильярд, теннис, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, дартс, асық атудан болып өтті. Облыстық спартакиада да жалпы командалық есеп бойынша Қордай ауданының ардагер спортшылары жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Осы орайда аудандық ардагерлер ұйымдарына әрдайым демеушілік көмек көрсетіп жүрген қордайлық кәсіпкерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Атап айтар болсақ, Қақпатас ауылдық округінің ардагер кәсіпкері Қ.Мейірманова, Қордай ауылының кәсіпкерлері В.П.Подшибякин, С.Сидоренко, Н.Садыков, А.Ашимова, Т.Сарсенбаевқа ризашылығымыз шексіз. Аудандық ардагерлер кеңесі жергілікті атқарушы билікпен, ауданның қоғамдық ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Білім, денсаулық, спорт, мәдениет мекемелерімен, ішкі істер бөлімімен жастар тәрбиесі төңірегінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бір сөзбен айтқанда көптеген игі істерге ұйытқы болып жүрген аудандық ардагерлер кеңесі өзінің қоғамдық қызметін халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдетғұрыптарын және мәдениетін сақтау, насихаттау мен дәріптеу, жастардың бойына рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында жалғастыра беретін болады. ТІЛШІ: -Әңгімеңізге рахмет, сан-салалы қоғамдық қызметтеріңізге табыс тілейміз! Сұхбаттасқан: Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, «ҒҰМЫР – ДАРИЯ»
Обсудить

Похожие материалы:

«Мектепке жол»
29 август 2024, Четверг
«Мектепке жол»
Ардагерлер өмірінің жаршысы
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлер өмірінің жаршысы
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры