Қоғам қайраткеріне арналған облыстың ашық турнирі
Қаратау қаласында Ауданның Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Әбілқайыр Сатыбалдиннің туғанына биыл 100 жылдығына арналған шахматтан және кіші футболдан жасөспірімдер арасында облыстың ашық турнирі өтті.
Дәстүрлі турнир қатысуға талап білдірген жас спортшылардың көптігімен және жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен ерекшеленді.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов, аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы қоғам қайраткерінің ел дамуы жолындағы еңбегі мен азаматтық болмысына тоқталды. Сондай-ақ, қайраткердің ұлы Әзімхан Сатыбалдин шараға келіп тілеулестік танытқан азаматтарға ризашығын білдіріп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Ойлылар ойыны саналатын шахматтан бақ сынаған командалар 9 тур бойынша өзара мықтыны анықтады. Бәсі жоғары бәсекеде Тараз қаласы және аудандармен қатар, Түркістан облысынан келген шахматшылар да тыңғылықты дайындықтарымен ерекшеленді. Жарыс қорытындысы бойынша спорттың бұл түрінен жалпыкомандалық есепте Тараздың «Этюд» командасы тұғыр биігінен көрінсе, Түркістан облысы Кентау қаласынан келген жас шахматшылар 2-орыннан тұрақтады. Ал, үздік үштікті меркілік жасөспірімдер түйіндеді.
Ал, футбол турнирінде Тараз қаласы мен аудандардан келген 7 команда жүлделі орындарды сарапқа салды. Спорт мектебінің шәкірттерінен құралған командалар арасындағы кездесуде үздіктерді анықтау оңайға соққан жоқ. Алайда, жасыл алаңда ойын шеберлігімен ерекшеленген Талас ауданы №32 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттеріне тең келер қарсылас табылмады. Жерлестеріміз турирдің жеңімпазы атанса, 2-орынға облыс орталығындағы №5 Олимпиадалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жайғасты. Қаратаулық «Леон» құрамасы тартысқа толы турнирді 3-орынмен аяқтады.
Турирде үздік деп танылған спортшылармен қатар, тарысты ойын ойын өрнегін көрсеткен командаларға ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медаль және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)