ҚОРДАЙ КӨРПЕШЕЛЕРІ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНЫҢ КӨРКІНЕ АЙНАЛДЫ
Төрткүл дүниені дүбірге бөлеген бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны жаңа тарихымыздың тың беттеріне айналды. Көшпенділердің төл ұлттық спорт түрлерінен өткен байрақты бәсекелер әлем жұртшылығының назарын өзіне аудартты. Дүниежүзілік көшпенділер ойынында тек ұлттық спорт түрлерінен шыңдалған шымырларымыз шеберлігін шыңдап қана қоймай, әлемдік бұл додада қазақ халқының құндылықтары, дәстүр-салттары, меймандостығы мен берекелі тұрмысы, мерекелі өмірі паш етілді. Астанадағы Этноауылда қазақтың ақшанқан киіз үйлері бой көтеріп, ұлттық киім киген қазақтың қыз-жігіттері бой түзеді. Әлемдік деңгейдегі ауқымды шараның ұйымшылдықпен өтуіне жамбылдықтар да өзіндік үлесін қоса алды. Біздің бір ғана Қордай ауданынан көшпенділер ойынына арнайы барып, өздерінің өнерлерін паш еткен Ләззәт Серікқызы Төлеуова мен Гүлдари Шүренқызы Ахмедованың есімдері құрақ көрпе тігуден Қазақстанның рекордтар кітабына алтын әріппен жазылды. Олар бір мезгілде 450 құрақ көрпе тігіп, Гиннесс рекордын жаңартып, арнайы сертефикаттармен марапатталды. Ләззәт Төлеуованың бір мезгілде құрастырған 450 көрпесінің жалпы көлемі 11 200 шаршы метрді құрады. Ал, ені 40 метрге, ұзындығы 252 метрге жетті. Ал, Гүлдари Ахмедованың құрастырған 450 көрпешесінің көлемі де дәл осындай болды. Қолдары алтын шеберлеріміздің құраған көрпешелері Астана қаласындағы Этноауылдың Құсбегі алаңына қойылып, дүниежүзілік көшпенділер аламаны өтіп жатқан маңайдың көркіне көрік қосты. Этноауылға ағылып жатқан мыңдаған көрермендер біздің қордайлық жерлестеріміздің өнеріне тәнті болды. Өз кезегінде бізде ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап келе жатқан Ләззәт Төлеуова мен Гүлдари Ахмедова ханымдарға өз ризашылығымызды білдіреміз. Бейқұт ЖАМАНКӨЗОВ, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (3)