Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҰЛ-ҚЫЗЫМЫЗ ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛАДЫ?

ҰЛ-ҚЫЗЫМЫЗ ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛАДЫ?

29 август 2024, Четверг
511
0

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бұл уақытта балаларын жетектеп, сауда орындарына ағылған атааналар аз емес. Науқан кезін пайдаланған саудагерлердің де саудасы қызу жүруде. Ал, нарықтағы бүгінгі бағаны барлығының бірдей қалтасы көтере ме? Жалпы, қазір баланы мектепке дайындау қанша тұрады? Бірінші қыркүйек қарсаңында бұл мәселе әр ата-ананың «бас ауруына» айналды. Көрпесіне қарай көсілген ата-аналардың бір тобы Қытай, Қырғызстаннан әкелінген өнімдерді алуға мәжбүр. Өйткені, олар әжептәуір арзан. Негізі қаладағы әр базарда баға әрқалай. "Балаға арналған киімнің қымбат екені анық. Арзандарын теріп алғанның өзінде бір балаға кемі 50-60 мың теңге кетеді. Жетінші сыныпқа баратын немереме мектепке киетін костюмді базардан 14 мың теңгеге алдым. Сапасы орташа, жасанды материалдардан тігілген туфлиді базардан кемі 5000 теңгеге аласыз. Сосын, 3500 теңгеден балама екі жейде алдым, сонымен 7000 теңге шықты. Оған бірнеше іш киім, шұлық, галстук пен белбеуді қосыңыз. Бұл ұсақ-түйекке 5000 теңгедей кетті. Мектептер қыркүйектен бастап ауыстыратын екінші аяқ киім талап етеді. Баланың аяғы терлемесін, ыңғайлы болсын деп сапалысын іздейміз. Оны кемі 8000 теңгеге алдым. Енді бұған дене шынықтыру пәніне киетін спорт киімі мен кроссовкиді қосыңыз. Сапалы, тер мен кірді көтеретін спорттық костюмдердің ең арзаны – 10 000 теңге екен. Ал, спорттық аяқ киім 5000 теңгеден жоғары. Киімінен бөлек, сөмкесі бар. Ауыр кітапты көтеріп, бір жылға шыдас беретін сөмкенің өзі 6000 теңгеден басталады. Енді қалам-қарындаштарына келетін болсақ, олардыңда бағасы күйіп тұр. Ал, қыз балаларға алынатын киімнің бағасын айтпай-ақ кояйын. Бір балаға киім-кешегі мен дәптер-қалам алу үшін 71 000 теңге жұмсайды екенбіз. Бұған күзде, қыста киетін сырт киім мен жылы аяқ киімдердің бағасын қосып көрейік. Оның үстіне әр отбасында бір ғана бала емес қой, кемі 3-4 баланы мектепке дайындауымыз керек. Балалардың бойында өзара тең біркелкілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында бірыңғай мектеп формасын енгізу жөніндегі игі бастаманы қолдаймыз. Олай болып жатса аз да болса бағаға да аздап сеп болар еді. Әрине нарық заманында бағаға байлам болмай тұр. "Қазаншының еркінде қайдан құлақ шығарса" дейме мұндайда қазақтар. Сонда да амалын тауып, заңдық талаптар негізінде балаларға арналған киімдер мен тауарлардың бағасына бір амалын жасап, тежеу жасалса деген көп тілегін айтпақ еді, бұл жолға мақсатымыз.

Лаззат РЫСКЕЛДІ, еңбек ардагері. Тараз қаласы
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШҚА БЕТ БҰРУ КЕРЕК!
15 апрель 2024, Понедельник
ҰЛТТЫҚ НАҚЫШҚА БЕТ БҰРУ КЕРЕК!
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
ТАҚИЯ ТІГІП, ТАБЫС ТАПҚАН
27 апрель 2023, Четверг
ТАҚИЯ ТІГІП, ТАБЫС ТАПҚАН
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры