ҚАРТТАРҒА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР
Бұл дүние бір керуен сарай-ды,
Кететіндер түсіп содан тарайды.
Алғы тізбек көшіп ұзап кеткенде,
Келіп түскен тізбек соған қарайды
Ахмет Игүнеки
Қарттар – кешегі жалын атқан қайрат-жігері тасыған жастар. Қазақ жеріндегі бүгінгінің бәрі, елдігімізден бастап күнделікті тіршілігімізді қоршаған игіліктердің барлығы дерлігі сол ардақты жандардың еңбегінің жемісі. Бүгінгі ұрпақ та солардың кіндігінен туылғандар. Қарттық – көргенін тоқып, білгенін елеп, өмірлік танымын талқыға салатын кез. Бабалар мұра екен құндылықтарды аялап, өскелең ұрпаққа аманатты табыстайтын уақыт. Қарттықтың табалдырығын аттап, көрегендік пен даналықтың жолына ене беретін, ешкіммен санаспайтын уақыт-ай, десеңші.
Бұл жылдары батыстық қарт адамдар бар уақытын өздеріне арнайтын көрінеді. Көрмелер мен концерттерге барады, саяхатқа шығып, өзіне ұнайтын қызығушылығымен айналысады. Бұл кезеңде олардың белсенділігі артып, көптен бері кейінге қалдырып келген бастамалары мен жобаларын жүзеге асырады.

Ал, қазақстандық қарттар зейнетке шыққаннан кейінгі ғұмырын кімге арнайды, немен айналысады? Қарттарын асыл қазынаға балаған қазақтың қарттары бүгінде не күй кешуде? Жан-жағымыздағы қарияларға көз салсақ осы сұрақтарға да жауап табармыз.
Қазақстандық қарттар бейнетінің зейнетін бірі отбасының ортасында, бірі жалғыздықта, бірі еңбек етіп, енді бірі қарттар үйінде бірі шаттықта, бірі жабырқау, бірі қамсыз, бірі панасыз өмір кешіп келеді. Дегенмен олардың көп жылғы бейнетінің қайырымы қамсыз зейнетпен өтер мезгілі бейқам өтсе игі болар еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында ақ самайлы жандардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген.
Қариялардың қамсыз қарттығын қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік қорғау қажет.
Бүгінгі таңда көне көз қарияларымызға мемлекет тарапынан көптеген жағдайлар жасалуда.
Қарт адамның тілеуі – перзентінің амандығы. Өле-өлгенше баласының қамын ойлап өз өмірінің өтіп кеткенін де байқамай қалады. Перзенттің ата-анасының алдындағы парызы қарттарға бар жағдайын жасау. Ата-баба дәстүрінің өзі солай...
Қарттарға құрмет мереке-мейрамдарда ғана көрсетілмеуі қажет. Олар өздеріне деген қамқорлықты жиі сезінуі керек.

Жалпы облыста 129 721 зейнеткер бар, оның ішінде Тараз қаласында 47 754 зейнеткер тұрады.
Төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер саны 8 188 адам, оның ішінде Тараз қаласы бойынша 504 адам тұрады.
Осы орайда біздің Жамбылдық қариялар ерекше қамқорлық пен қолдауды сезіне алуда ма?!
Ол үшін барлық жағдай жасалуда ма?
Жуырда ғана Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне жаңадан тағайындалған Серік Жақсылықұлы Сәлемов облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, осы мәселелер төңірегінде сөз қозғалған болатын.
Ардагерлердің ақ батасын алып, өтініш, талап, тілектеріне құлақ асқан Серік Жақсылықұлының бастамасымен бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің ғимаратында облыстағы жасы бойынша зейнетке шыққан азаматтардың санаториялық курорттық емделуіне қатысты мәселелер бойынша жиын өтті.
Өзекті мәселелер қозғалған жиынды Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Солтыбаев ашып, жүргізіп отырды.
Жиынға осы мәселеге жауапты облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Қабылқанұлының баяндамасынан ардагерлерінің шипажайда емделуі, табысы төмен зейнеткерлерге қаралатын жеңілдіктер туралы толыққанды ақпаратқа қанық болдық.
Сондай-ақ, осы жиынға шипажай өкілдері мен Тараз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығы да қатысты.
Талқыланған мәселе зейнеткерлердің, соның ішінде еңбек ардагерлерінің шипажайда емделуі, табысы төмен зейнеткерлерге қаралатын жеңілдіктер.
Баяндама барысында қазіргі таңда облыс бойынша жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, жан басына шаққандағы орташа табыс көлемі 3 еселенген деңгейден аспайтын (142 191 теңге) зейнеткерлерге санаториялық-курорттық емделуге мүмкіндік берілді.
Бұл ретте зейнеткер қалаған шипажайына бара алады және өзінен шыққан шығынның қырық бес (45) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомасын, яғни 166 140 теңгесін қайтарып алады (өтеледі).
Осы мақсатқа 2024 жылы 276,7 млн.теңге (1665 адамға немесе 20%) бөлінген, соның ішінде Тараз қаласына 157,8 млн.теңге (950 адамға немесе 100%) қаралған.
Бүгінгі күнге санаториялық-курорттық емделуге 70 зейнеткер ғана құжат тапсырған, Тараз қаласы бойынша 35 зейнеткер өтініш білдіргендігін білдік.
Бұған себеп жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне өзгерістердің кеш енгізілуіне және зейнет жасындағы азаматтардың суық мезгілде шипажайға баруға белсенділік танытпауына байланысты жағдай қалыптасқан.
Мысалы Тараз қаласында қалалық Мәслихат шешімі әлі бекітілген жоқ. Әділет департаментінде келісімнен өтуде.
Ардагерлердің ұсыныстары, біріншіден, табысы төмен зейнеткерлер шипажайға төлемақысыз емделіп, есеп-шотына өтемақы түскеннен кейін шипажаймен есептесу, екіншіден еңбек ардагерлеріне табысты есептемей, шипажайға баруға өтемақы төлеу.
Айта кететін мәселе, ҚР Үкіметінің №523 қаулысына сәйкес шипажайға өтемақы төлемі зейнеткерлердің жеке есеп-шотына аударылады.
Осы мәселеге қатысты шипажай басшылары тарапынан зейнеткердің емес, шипажайдың есеп шотына аударылса, болмаса арнайы келісім шарт немесе кепілдік берілсе деген ұсыныстар айтылды.
Жиын барысында ардагерелер тарапынан көтерілген бірқанша сауалдарға тиісті мамандар жауап беріп, алдағы уақытта көршілес облыстардың қолданыстағы мүмкіндіктерін қолданып көру, ардагерлерге қолайлы жағдай жасау, оңалту орталықтары мен демалыс, емдік сауықтыру оратлықтары жайлы ақпараттарды кеңінен насихаттап, ауыл ауылдардағы қарияларды да тарту туралы ойлар ортаға салынды.
Жиын соңында ардагерлерге қолайлы мүмкіндіктер жасап, тығыз қарым қатынаста болған бір екі шипажай басшылығына алғыс хаттар берілді.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)