Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

15 июль 2026, Среда
60
0
Қазақ халқы үшін бата – ұлттың рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі дәстүр. «Жауынмен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген дана сөздің мәнін жас ұрпақтың санасына сіңіруді мақсат еткен байқау ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, үлкенге құрмет және кішіге ізеттіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Ақ батаны қадір тұтқан қариялар бәсекесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев пен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дамир Исмайлбекұлы Жаманбаев құттықтау сөз сөйлеп ашып,  қатысушыларға сәттілік тіледі. Шешендер ақ батаның халық өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, оның жас ұрпақ тәрбиесіндегі мәніне тоқталды.
Байқауға облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласынан  іріктелген 11 батагөй қария қатысты. Олар бірнеше кезең бойынша өздерінің шешендік қабілетін, білімі мен тапқырлығын және дәстүрге деген терең танымын ортаға салды.
Қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасына  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметқали Сарыбеков төрағалық етті. Қазылар алқасының құрамында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Ильясов, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сағындық Ордабеков, Тараз қалалық билер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Досымбеков және айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков болды.
Сайыс үш кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар ұлттық салт-дәстүрге байланысты бата берсе, екінші кезеңде тарихи тұлғалардың баталарын жатқа айтты. Ал үшінші кезеңде салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білім деңгейлерін көрсетті.
Батагөйлердің облыстық байқауы барысында көрермендерге Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнер-паздары концерттік бағдарлама ұсынып, шараның көркін аша түсті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жамбыл ауданының намысын қорғаған Бегалы Аралбекұлы Сқақов жеңіп алып, арнайы дипломмен және 300 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. (жоғарғы суретте).
Байқауда бірінші орыны Жуалы ауданынан келген Сейітқазы қажы Медетбек иемденіп, оған арнайы диплом мен 200 мың теңге қаржылай сыйлық табыс етілді. (ортадағы суретте)
Батагөйлер бәсекесінде екінші орынды Байзақ ауданының өкілі Аманқазы Халықовқа беріліп, ол арнайы дипломмен және 100 мың теңге сыйақымен марапатталды. (ортадағы суретте)
Ал үшінші орын Мойынқұм ауданының батагөйі Қанат Жапарұлы Көпбаевқа бұйырып, ол арнайы дипломмен және 70 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Сонымен қатар байқауға белсене қатысқан  және бата берудің жақсы үлгісін көрсеткен Тараз қаласы мен Қордай, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Талас, Шу аудандарынан келген батагөй қариялар Ерболат Қуандықов, Өмірзақ Бекқожаев, Мейіржан Биғазиев, Бауыржан Байдаулетов, Дарханбек Ишанов, Рахымжан Түкебаев, Әдибай Садырбаев аталымдар бойынша ынталандыру сыйлықтарына ие болды. 
Сондай-ақ «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі  мен «Ауыл» партиясы» РҚБ арасындағы меморандум және 2026 жылғы 15 маусымда қол жеткізілген келісім негізінде Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі мен «Ауыл» партиясының облыстық филиалы арасында «Ауыл» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Сұлушаш Құрманбекова Тараз қаласының батагөйі Қуандықов Ерболатқа арнайы Құттықтау хатын, бағалы сыйлығын табыс етті.
Ұлттық рух пен халықтық тәрбиені ұлықтаған бұл байқау батагөй қариялардың даналығы мен өнегесін кейінгі буынға насихаттап, ұлттық құндылықтардың өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ел бірлігі мен рухани сабақтастықты нығайтқан тағылымды шара ақсақалдардың ақ батасымен қорытындыланып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 Қонысбай ИЛЬЯСОВ, 
облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары 
Обсудить
Блок в статье:
БОЛАТ ЖОЛДЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ 12 август 2026, Среда
МОЙЫНҚҰМДА – ЖАҢА ТӨРАҒА 12 август 2026, Среда

Похожие материалы:

БАТА – СӨЗДІҢ АНАСЫ
15 июль 2024, Понедельник
БАТА – СӨЗДІҢ АНАСЫ
"Батаменен ел көгерер"
23 май 2025, Пятница
"Батаменен ел көгерер"
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры