БАБАЛАР АМАНАТЫ - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
«Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» - дейді бабаларымыз. Ақ батаның құдіретті күшін, сауапты ісін бағалай білген қазақ халқы «Бата - сөздің анасы», «Баталы ер арымас, батасыз ел жарымас», «Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын», «Қарғыс алма, алғыс ал» деген. Сондықтан қазақта бата беру өте құрметті іс, өйткені бата – қасиетті сөз. Батаны ақсақалдар, елге танылған адамдар, жолы үлкен кісілер береді.
Жуырда Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Бабалар аманаты - ұрпаққа үлгі» атты батагөй қариялар арасындағы байқау ұйымшылдықпен өтті. Байқаудың басты мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеу, өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның рухани қуатын ұрпақ бойына сіңіру болатын және сол деңгейде ұйымдастырылды деуге толық негіз бар. Іс-шара өткен Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйіндегі сахна қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім тарапынан талапқа сай безендірілді. Байқауды мыз кеуде қашанда қарттарымен мақтана білген. Қазақстанның өсіп - өркендеуі, еліміздің бейбіт өмір кешуі осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз. Ардагерлердің өнегелі өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі»,– деп бастап, ескінің көзін көрген қазыналы қарияларды ортаға шақырды. Шараны ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Сматилдаева бата беру - жақсы ниет, өнегелі өсиет білдірудің ұлттық дәстүрі екендігін айта келіп, батагөй қарияларға сәттілік тіледі. Қазақы шапандарын иыққа жамылып, ортаға шыққан қарияларымыз сахна сәнін кіргізіп, шешендік өнерлерін паш етті. Жиналған көпшілік қауым ұлттық салт - дәстүр бойынша айтылатын тілек түріндегі баталарды естіді, қазақы дәстүрдің жанданғандығына қуаныш білдірді. Байқауға қатысқан 6 үміткердің өнерлерін сараптай келіп, М.Х. Дулати атындағы Тараз оқытушысы, университетінің журналист Мақашев алқасының бастаған әділ ұйғарымымен Бақытжан қазылар Ерболат Қуандықов бірінші орынды жеңіп алып, алдағы өтетін облыстық батагөйлер байқауына жолдама алды. Екінші орынды Сейтжан Қарнақбаев иеленсе, Сайдуллла Айдынов қария үшінші орынды қанағат тұтты. Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова, кеңес төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев және қазылар алқасының төрағасы Бақытжан Мақашев байқауға қатысушыларды арнайы дипломдарымен марапатттап, қаржылай сыйлықтар табыс етті. Көрермен қауым байқаудың жүргізілу барысында Ардагер ұстаздардан құралған вокалды топтың концерттік бағдарламасын тамашалады. Қасиетті сөздер айтылып, мағыналы баталар берілген айтулы іс-шара ұлтымыздың құндылықтарын дәріптеу, кейінгі жастарға осы дәстүрді жаңғыртып, оларды имандылыққа тәрбиелеуімен есте қалды. Алдаберді МАҚАШЕВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Обсудить
Блок в статье:
ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ, ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ!
10 июль 2026, Пятница
АҚ ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨРІСТІ ӨНЕГЕСІ
10 июль 2026, Пятница
АР-ҰЯТЫ БАР АДАМ АДАСПАЙДЫ
10 июль 2026, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)