Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар ұйым қызметіне жаңаша серпін беретін жеті бағыт
Бұдан бұрын хабарланғандай "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ХІ съезінде орталық кеңестің төрағасы болып танымал мемлекет және қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов сайланған болатын.
Шілде айының басында Әбілғазы Қалиақпарұлы облыстық және республикалық деңгейдегі қалалардың ардагерлер кеңестері төрағаларымен онлайн байланыста кеңес өткізді. Онда орталық кеңестің бастамасымен "Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар" жобасын жүзеге асыру үшін жеті басым бағыт белгіленгендігі атап көрсетіліп, сол жеті бағыт бойынша ардагерлер ұйымдары өз қызметтерін қалай ұйымдастыруы керек деген мәселе төңірегінде пікір алмасылды.
Әбілғазы Қалиақпарұлы кеңесте қысқаша сөз сөйлеп, жеті басым бағыттың негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталды, қалалық, облыстық ардагерлер кеңестерінің төрағаларынан ұсынылып отырған осы жоба бойынша өздерінің пайымдарын, атқарылуға тиісті жұмыстарды баядап беруді сұрады.
Республикалық онлайн кеңеске Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері, Тараз қалалық және жекелеген аудандық ардагерлер кеңетерінің төрағалары қатысты.
Алқалы жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев сөз сөйлеп, "Ұрпақтар сабақтастағы және ұлттық құндылықтар" жобасының жеті басым бағыты туралы өзінің ой-пайымын айтты, бірқатар ұтымды ұсыныстарымен бөлісті.
Жиын қорытындысында орталық кеңестің төрағасы Әбілғазы Құсайынов қорытынды сөз сөйлеп, кеңеске қатысып отырған қалалық және облыстық кеңестердің төрағаларының назарын нақты мәселелерге аударды.
– Біз ардагерлер ұйымдары қызметіндегі шешімін күткен мәселелерді білеміз, әсіресе ардагерлер кеңестерін қаржыландыруда бірқатар қиындықтар бар, тұрақты жұмыс істейтін белсенділеріміз жалақы алмайды. Орталық кеңес бұл мәселемен айналысатын болады, бірақ біз жұмысты белсенді түрде үлкен жауапккершілікпен атқаруымыз керек,–деп сөзін қорытты төраға.
Жаңа басшының келуімен республика ардагерлер ұйымының қызметінде бірқатар жаңашылдықтар болып жатқанын айтуға тиістіміз. Орталық кеңес ардагерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, ардагерлер кеңестерінің қызметін жетілдіру бағытында министрліктермен, ведомствалармен тығыз жұмыс жүргізуде.
Соның нақты мысалы – осыдан бірер күн бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжаттың негізгі мақсаты – қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға және оларды әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің күш-жігерін біріктіру болатын.
Меморандум аясында егде жастағы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау, сондай-ақ оларға лайықты қамқорлық пен қолдау көрсету көзделген.
Ынтымақтастық шеңберінде тараптар өз құзыреті аясында жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар әзірлейді, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал етеді, сондай-ақ, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын қарт азаматтар үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізеді.
Кездесу нәтижесінде аға буын өкілдеріне лайықты құрмет көрсетіп, олардың әл-ауқатына тұрақты қолдау білдіру қоғамның маңызды міндеттерінің бірі екені айтылды. Қарттарға құрмет көрсету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту – қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарының бірі болып қала береді.
Бұл бағытта облыстық ардагерлер кеңесі де өзінің қызметін жаңа жағдайға бейімдеп, жоспарлы шараларды белсенділікпен жүзеге асыратын болады.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ
19 август 2026, Среда
Тағылым
18 август 2026, Вторник
Даналық мекені – кітап әлемі
18 август 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)