"Ауыл" партиясы ардагерлер ұйымымен ынтымақтасты
Жақында «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Аталған құжат «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов пен «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Серік Егізбаев арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумды, сондай-ақ ағымдағы жылдың 10 маусымында бекітілген бірлескен жұмыс жоспарын негізге ала отырып әзірленді. Меморандумға «Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Сұлушаш Сәтбекқызы Кұрманбекова және Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Қуандықұлы Ильясов қол қойды.
Құжаттың негізгі мақсаты – қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ардагерлердің қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру, жастарға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсету.
Тараптар Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен Тәртіп», «Адал азамат», «Адал еңбек» қағидаттарын кеңінен насихаттап, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында бірлескен жұмыстар атқаруға уағдаласты.
Ынтымақтастық аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға, еңбекқорлық пен отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті дамыту, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жастар мен ардагерлерді қоғамдық пайдалы бастамаларға тарту және ауылдық елді мекендердің дамуына қолдау көрсету мәселелері қамтылды.
Меморандум шеңберінде форумдар, «дөңгелек үстел» отырыстары, конференциялар, кездесулер және өзге де қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өткізу жоспарланған. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар мен қоғамдық бастамаларды халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Тараптар өзара сенім, тең құқықтылық, ашықтық және әріптестік қағидаттарына негізделген бұл ынтымақтастықтың қоғам игілігі жолында нәтижелі қызмет ететініне сенім білдірді.
Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және бір жыл мерзімге жасалды.
Іс-шара соңында еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев бастаған бір топ ардагерлер салтанатты жағдайда «Ауыл» партиясының қатарына қабылданды. Бұл қадам аға буын өкілдерінің партияның мақсат-міндеттеріне қолдау білдіріп, елдің ауылдық аумақтарын дамытуға бағытталған жұмыстарына белсенді түрде қатысатындығын дәлелдейді. Ендігі жерде «Ауыл» партиясы мен ардагерлер ұйымдары ел игілігі жолында бірлесе қимыл танытатын болады.
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)