Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Жұмыс сапары

11 февраль 2025, Вторник
184
0
     Бүгін Сарысу ауданының ардагерлер ұйымының осы айдың үшінші жұлдызында ұйымның пленумында жаңадан сайланған төрағасы Аппазов Серік ағамен бірге жұмыс сапарымен Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымының кеңсесіне барып қайттық. Мен осы пленумда аудандық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары болып сайланған едім.      
       Облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінен ұйымының жұмысы жайлы біраз құжаттармен, іс-қағаздармен тыныстық және бірнешеуін қолдану үшін қоржынымызға алдық. Мұнда облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Е. Солтыбаевтың  қабылдауында болып, жақында өткен республикалық ардагерлер ұйымының өткен жылы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттер туралы мағұлмат алдық. Облыстық билер кеңесінің төрағасы О.Есіркеповпен,  ардагерлердің облыстық "Ғұмырдария" газетінің бас редакторы, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары Ж.Миллионовпен жұмыс барысымен кездесіп билер кеңесі мен ардагерлер ұйымының қызметі жайлы пікірлесіп, мағұлматтар алдық. Тараз қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы К.Әбдікешова ардагерлер ұйымына қажетті материалдар берді. 
   Келесі сәтте облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Е. Солтыбаев жағадан сайланған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Апразовқа арнайы қызметтік куәлік тапсырды.

                                                                                                                        Диханбай Акдилда


Обсудить
Блок в статье:
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры