ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ, ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ!
Бұрнағы күні Тұрар Рысқұлов ауданында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Рухтың күші – әкеде» тақырыбымен облыстық әкелер форумы өтті. Тағылымды басқосуға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбек, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің, әкелер кеңестерінің төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, білім саласының және жастар ұйымдарының өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.
Форум қонақтарын аудан орталығындағы мәдениет үйінің алдында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Қонақтар алдымен Құлан ауылындағы Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, спорт пен білім саласында жетістікке жеткен оқушылар әкелерімен бірге таныстырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Қонақтар мектеп оқушылары мен ұстаздарының қолөнер туындыларының көрмесін тамашалады. «Ардагерлер үйінде» орналасқан аудандық ардагерлер кеңесінің қызметімен танысты. Ұлттық дәстүрге сай ақ жаулықты әжелер қонақтарға ақ дастарқаннан дәм ұсынып, қазақы қонақжайлық дәстүрімен қарсы алды. Әкелер форумның пленарлық отырысын облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, қазіргі қоғамдағы отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Ол ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпақ тәрбиесінде әкенің орны әрқашан ерекше екенін атап өтті. Әкелер форумында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбек құттықтау сөз сөйлеп, облыстың әр өңірінен келген аға буын өкілдерінің бүгінгі жиынына сәттілік тіледі. Тұрар Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әкелер кеңесінің жұмыс тәжірибесі бейнебаян арқылы көрсетіліп, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Манғұтов «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында баяндама жасады, Жуалы аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Нуридин Нұрғабылов «Әке – отбасы тірегі», ал меркілік ардагер Бейбіт Мажиев «Ардагерлердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі» тақырыптарында жасаған баяндамасын жиналған белсенді ардагерлер ықыласпен тыңдады. Сондай-ақ жиында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Қуандықұлы Ильясов «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты мазмұнды баяндама жасады. Баяндамашы қазақ халқы үшін бала тәрбиесі қашанда ең қасиетті міндеттердің бірі болғанын атап өтіп, бүгінгі таңда жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасының, әсіресе әкенің рөлі бұрынғыдан да маңызды екенін тілге тиек етті. Баяндамашы қазіргі қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, интернет пен әлеуметтік желілерге тәуелділік, зиянды әдеттер мен түрлі келеңсіз ықпалдардың күшеюі ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты. Оның пікірінше, балаға материалдық жағдай жасап беру ғана жеткіліксіз. Ең бастысы – оған уақыт бөліп, бағыт-бағдар беру, сырласып, сенімді қарым қатынас орнату. Өйткені бала ең алдымен әкесінің сөзіне емес, ісіне қарап өседі. Форум барысында қатысушылар ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, әкелер кеңестерінің жұмысын жетілдіру жөнінде пікір алмасты. Жиын соңында облыстық әкелер форумына қатысушылар облыстың барлық белсенді ардагерлеріне, әкелер кеңестеріне арнап Үндеу қабылдады. Үндеу «Ғұмыр-Дария» газетінің бүгінгі санында 2-бетте жарияланып отыр. Тағылымды форум әке мәртебесін көтеруге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Форумға қатысушылар тәрбиелі, білімді, отаншыл ұрпақ қалыптастыру жолында қоғам болып, заң үстемдігі қағидаттарына сүйене отырып бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Форум соңында Тұрар Рысқұлов аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жиынға қатысушыларға әкелер мен аналар туралы әсем әндерін тарту етіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Қонысбай ИЛЬЯСОВ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Обсудить
Блок в статье:
ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ, ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ!
10 июль 2026, Пятница
АҚ ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨРІСТІ ӨНЕГЕСІ
10 июль 2026, Пятница
АР-ҰЯТЫ БАР АДАМ АДАСПАЙДЫ
10 июль 2026, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)